Біздің ғалымдар жаздық бидайдың жаңа сортын ойлап тапты.
Осы институттың селекция бөлімінің бастығы Әділхан Баткенов: «Жұмсақ жаздық бидайдың жаңа сорты дүниеге келді. Оны «асыл сапа» деп атадық. Бұл орташа пісетін сортты бидай, одан алынатын өнім 1-15 пайызға артады. Желімдігі 35 пайызға дейін, сапасы жоғары», – дейді.
Бүгінгі күні жаңа сорт байқаудан өткізілуде. Оған бір жылдай уақыт кетеді. Содан кейін мақұлданса, «асыл сапа» сорты өндіріске енгізілмек. Айта кету керек, осы орталықтың қызметкерлері өткен жылы қазақстандық асбұршақтың жаңа сортын шығарған еді. Шортанды асбұршағы жергілікті ауа райы мен топыраққа сай келді.