Бидай бағасын көтеріп, кімге жағдай жасадық?

Бидай бағасын көтеріп, кімге жағдай жасадық?

Биылғы бастырылған астықтың көлемі қандай болады? Бұны ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеуніктері де дөп басып болжай алмай отыр. Қыркүйектің жаңбырлы болып, қазанның аяғы қарға ұласқаннан кейін әкім-қара бастаған шенеунік егін орағының аяқталуын күтуде. Дегенмен, қазірдің өзінде бір мәселе анық – бидай дұрыс піспеді, дұрыс кеппейтіні тағы бар, яғни оның сапасы төмен. Үкімет осыны ескере отырып, астықты сатып алу бағасын көтеріп отыр. Негізгі мақсат – отандық диқаншылардың шығындарын ақтау. Бірақ бұл шара да шаруаларға көп көмектесе алмайтын сыңайлы. Ресейден тасымалданып жатқан арзан бидай да өз кесірін тигізуі бек мүмкін.
Бүгінде диқаншылардың астықты мемлекеттік қорға тапсырып, содан пайда көріп отыратыны белгілі. Табыстың негізгі көзі де сол. Осы жұмыспен айналысатын «Азық-түлік келісімшрат корпорациясы» ұлттық компаниясы жыл сайын мемлекеттік қорға түсетін бидайдың көлемі мен бағасын жариялайды. Биыл ауа-райы қолайсыздығы салдарынан шаруалардың біразы өз өнімін жинай алмай, шығынға батты. Сол себепті корпорация бидай бағасын көтерді. Мәселен, 3-ші сұрыптағы бидайдың бір тоннасына 42 мың теңге беріледі. Сол сияқты 4-ші және 5-ші сұрыптағы бидайдың да құны біршама артты. Әрине, бұл жерде 3-ші сұрыптың орны бөлек. Себебі әлем бойынша оның нарықтық бағасы – 34 мың теңге болса, Қазақстан оны бірден 42 мың теңгеге көтеріп тастады. Неге? Себебі бидайдың осы түрі бойынша тапшылық барынша байқалады. Оны жергілікті жердегі шаруа да, даладағы диқаншылар да растап отыр. «Ағымдағы жылы ашық күндер аз болады. Артынан жиын кезінде жаңбыр жауды, қар түсті. Сондықтан Қазақстанның биылғы астығы 3-ші сұрыпқа тартпайды да. Отандық кәсіпкерлер бидайдың бұл түрін көптеп жеткізе алмайды», - дейді диқаншылар. Олардың айтуынша, биылғы астықтың сапасын 4-5-сұрыпқа жатқызуға болады. Ал оның бағасы 35 мың теңгенің шамасында.
Айтпақшы, шекаралас көршіміз Ресей жақтан бидайды заңсыз тасымалдау мәселесі де ойландырмай қоймайды, шаруаларды. Емін-еркін өтетін болғандықтан, бірінде қылт еткенін екіншісі жылт еткізетін шекара маңындағы алыпсатарлар әзірден нарықтың қай-қатпарын да тексеріп, аңдысынып отыр. Күні кеше Қазақстанға 150 мың тонна ресейлік астық жеткізілді деген ақпарат тарады. Ендеше, біз сонда шаруаларға жағдай жасаймыз деген желеумен 3-сұрыптағы бидайды көршіден сатып алдық па? Жоқ, әлде бұл тұқым тапшылығын шешетін өнім бе? Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ол туралы білмейтінін алға тартады.. «Дәл қазір бізде ондай статистика жоқ. Бұл ресми тасымал болса, кедендік рәсімдеу кезінде бәрібір шығады. Ал оны заңсыз түрде әкелсе, біз оны анықтай алмаймыз. Дегенмен, Ресеймен шекаралас аймақтарда бидайдың алыс-берісі бар. Біз оны растай аламыз. Бұрын ол жерлерде астық Ресейге шығарылса, қазір, керісінше, Қазақстанға тасымалданатын болды. Енді, оған бидайдың бағасы да әсер етіп отырған болар. Мәселен, биыл бізде бір тонна (3-ші сұрып – авт.) 42 мың теңге тұрса, Ресейде оның бағасы 34 мың теңгені құрап отыр. Бізге жеткенше, 37 мыңға дейін көтерілуі мүмкін», - дейді Азық-түлік корпорациясы басшысының орынбасары Сәбит Қашқымбаев. Демек, корпорация басшылығы делдалдардың қызметін жоққа шығармайды. Сөйтіп, «отандық шаруалар үшін» деп көтерген бағамыз алыпсатарлардың қалтасына түсіп, соларды байытуы әбден мүмкін.
Тағы бір мәселе - астық қабылдау бекеттерінде де таныс-тамырластардың дәурені жүріп тұр. Ол жасырын емес. «Ашығын айтайын, астық бизнесі саласында да делдалдар көп. Мәселен, біз күн-түн демей, жұмыс істесек, олар жай жүріп-ақ ауадан пайда табады. Өйткені элеватор және тағы басқа жерлерде таныс-тамырластары баршылық. Біздің астығымызды қабылдамай, кезекке қойып әуреге салса, олардың өнімін кез келген уақытта ала береді. Делдалдар елдің ішінде де, екі мемлекеттің арасында да жүріп, табыс табады», - дейді «Алаш айнасы» интернет-газетіне сұхбат берген диқаншылардың біреуі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста