Берлинде елшілік алдында ресейлік дипломаттың денесі табылды

Берлинде елшілік алдында ресейлік дипломаттың денесі табылды

Ресейдің Германиядағы елшілігі.
Берлинде Ресейдің Германиядағы елшілігінің екінші хатшысы белгісіз жағдайда қаза болды.

Бұл жөнінде жұма күні Spiegel басылымы хабарлады. Ондағы ақпаратқа сәйкес, полиция 35 жастағы ер адамның денесін 19 қазанда таңертең дипмиссия ғимаратының алдындағы тротуардан тапқан.

Болжам бойынша, ол жоғары қабаттан құлаған болуы мүмкін. Spiegel-дің жазуынша, дипломаттың мәйіті Ресейге тапсырылған. Ресей елшілігі "этикаға байланысты" "қайғылы оқиғаға" түсініктеме бермеді.

Марқұмның дипломатиялық мәртебесі болғандықтан неміс прокуратурасы тергеу жүргізе алмаған. Мәйітке сараптама жүргізуге Ресей тарабы рұқсат бермеген.

Дипломаттардың ресми тізіміне сүйенген Spiegel марқұм Берлиндегі елшілікте 2019 жылдың жазынан бері аккредитацияда болғанын жазады. Германия қауіпсіздік қызметі ол ФСБ (Ресей қауіпсіздік қызметі) мен арнайы қызметке астыртын жұмыс істеді деген болжамды терістемейді.

The Insider және Bellingcat басылымдары ашық дереккөздерін сараптай отырып, марқұмның аты-жөнін Кирилл Жало екенін анықтаған. Ол – конституциялық құрылымды қорғау және терроризммен күрес жөніндегі басқарма (екінші ФСБ) жетекшісінің орынбасары, генерал-лейтенант Алексей Жалоның ұлы.

Spiegel, The Insider, Bellingcat және CNN жүргізген журналистік зерттеуге сәйкес, аталған басқарманың оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың улануына қатысы бар. Ресей билігі мұны жоққа шығарады.

Батыс елдерінің арнайы қызметі екінші ФСБ-ны 2019 жылы тамыз айында Берлин саябағында қаза болған бұрынғы шешен қолбасшысы Зелимхан Хангошвилидің өлімімен байланыстырады. Бұрын Ресей қорғаныс министрлігінің Венадағы тұрақты өкілдігінде үшінші хатшы қызметін атқарған Кирилл Жало Ресейдің Германиядағы елшілікте сол оқиғаға дейін екі ай бұрын аккредитациядан өткен. Дегенмен Жалоның ауысуы кездейсоқ болуы да мүмкін деп топшылайды The Insider басылымы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста