Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою

Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, бақылау-касса машинасын пайдаланатын жерi бойынша салық органдарына есепке қоюға модельдерi мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары жатады.
Сауда автоматтары және (немесе) қыз­мет көрсетуге ақы төлеу тер­ми­нал­да­ры­мен жарақтандырылған компьютерлiк жүйелер болып табылатын бақылау-касса маши­на­ла­ры әрбір сауда автоматының және (не­ме­се) қызмет көрсетуге ақы төлеу тер­ми­налының орналасқан жерi бойынша салық органында есепке қойылуға тиiс.
Автодүкендерден және (немесе) ша­тыр­лардан көшпелi сауданы жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын бақылау-касса машиналары мұндай салық төлеушiлердiң ор­наласқан жерi бойынша салық орга­нын­да есепке қоюға жатады.
Салық органдары осы Кодекстің 645-бабының 1-тармағына сәйкес, бақы­лау-касса машиналарын қолдану бойынша талап қолданылмайтын салық тө­леуші­лер­дің бақылау-касса машиналарын есепке қоюды жүргізбейді.
Бақылау-касса машиналарын есепке қою салық төлеуші бақылау-касса маши­на­сын салық органында есепке қою туралы өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін бере отырып және бақылау-касса машинасының карточкасын бере отырып жүргізіледі.
Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машиналарын қоспағанда, бақылау-касса машинасын салық орган­да­рын­да есепке қойған кезде салық төлеуші салық органына:
1) бақылау-касса машинасын салық ор­га­нында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
2) іске қосу фискалды режимді ор­нат­пай-ақ мүмкін болатын, салық төлеуші ту­ра­лы мәліметтерді қамтитын бақылау-кас­са машинасын;
3) дайындаушы зауыттың паспортын;
4) нөмірленген, тігілген, салық төлеу­ші­нің қолымен және (немесе) мөрімен рас­талған қолма-қол ақша есебінің кітабын және тауар чектерінің кітабын табыс етеді.
Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасын есепке қойған кезде салық төлеуші өзінің орналасқан жері бойынша салық органына:
1) бақылау-касса машинасын салық ор­ганында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
2) компьютерлік жүйенің жұмыс істеу мүм­кіндіктері мен сипаттарының қысқаша сипаттамасын;
3) салық органында тіркеуге қою үшін мәлімделген компьютерлік жүйе моделінің «Салық инспекторының жұмыс орны» мо­дулін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты табыс етеді және онымен жұмыс істеуді қам­тамасыз етеді.
Салық органының лауазымды адамы ком­пьютерлік жүйелерді қоспағанда, ба­қы­лау-касса машинасын есепке қою ке­зін­де:
1) салықтық өтініште көрсетілген мә­лі­мет­тердің ұсынылған құжаттарға сәй­кес­тігін тексереді;
2) таңбалау тақтайшасында көрсетілген ба­қылау-касса машинасының зауыттық нөмірін дайындаушы зауыттың пас­пор­тын­да көрсетілген бақылау-касса ма­ши­на­сының нөмірімен салыстырады;
3) қолма-қол ақша есебінің кітабын жә­не тауар чектерінің кітабын рәсімдеудің дұрыс­тығын тексереді;
4) бақылау-касса машинасы жұмы­сы­ның фискалдық режимін белгілейді;
5) бақылау-касса машинасының корпу­сы­на салық органының пломбасын орна­тады;
6) бақылау-касса машинасының тіркеу кар­точкасын рәсімдейді;
7) қолма-қол ақша есебінің кітабын жә­не тауар чектерінің кітабын өз қолымен, салық органы басшысының қолымен және салық органының мөрімен растайды;
8) салық төлеушіге:
- фискалдық жұмыс режимі белгіленген жә­не салық органының пломбасы орна­тыл­ған бақылау-касса машинасын;
- расталған қолма-қол ақша есебінің кіта­бы мен тауар чектерінің кітабын;
- бақылау-касса машинасын дайын­дау­шы зауыттың паспортын қайтарады.
Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машиналарын есепке қойған кезде салық органының лауазымды адамы осы баптың 6-тармағының 1), 4) жә­не 6) тармақшаларында көзделген іс-қимылдарды жүзеге асырады. Бұл ретте компьютерлік жүйеге фискалды режим бел­гілеу ақпаратты компьютерлік жүйенің фискалды деректеріне рұқсатсыз қол жеткізуден криптографиялық тұрғыдан қор­ғайтын құралдардың белсенді жұмыс істеуін білдіреді.
Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы салық төлеушіге бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою кезінде беріледі, бақылау-касса ма­ши­насының бүкіл пайдалану мерзімі бойына сақталады және салық ор­ган­да­ры­ның талабы бойынша көрсетіледі.
Бақылау-касса машинасының тіркеу кар­точкасының, тауар чегінің, фискалдық есеп-қисапты алу актісінің, қолма-қол ақша есебі кітабы мен тауар чектері кіта­бы­ның нысандарын Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Үкіметі белгілейді.
(Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша салық басқармасы. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің құжаттарын қабылдау және өңдеу бөлімінің бас маманы-бас салық инспекторы Аязбаева Г.Е.)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста