Банкирлердің жалақысы азайды

Банкирлердің жалақысы азайды

«Қазақстан Халық банкі» басшыларының жалақысы 1 сәуір­ден бастап 25 пайызға қысқарды. Бұл мәліметті банктің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова дүйсенбі күні 2008 жылдың аудит жүргізілген есеп-қисабы туралы баспасөз мәслихатында жария етті.
Журналистер қанша сұрағанмен, бан­кир­лердің жалақы мөлшерін де осы қа­дамның арқасында үнемделетін сум­маны да анықтай алмады. Белгілісі, ди­рек­торлар кеңесінің кейбір мүшелері, бас­қарма мүшелері, басқарушы дирек­торлар мен департамент жетекшілерінің ай­лығы азайған. Бүкіл Қазақстан бойын­ша мұндай деңгейдегі басшылар саны бір­неше жүз екен. Әрі, шетелдегі тре­нингтер азаяды, барған күннің өзінде кез келген басшы бизнес-класқа билет ала ал­майды. Жыл басы­нан бері банктің  10 мың қызметкерінің 900-і жұмысынан қыс­қарған. 
Үнемдеуге көшудің басты себебі – қаңтар, ақпан айларында банк  шығын шекті. Өйткені төлемі тоқсан күннен ар­тық кешіктірілген несиелер үлесі 10 па­­йызға жетіпті. Табыс осыған орай 8,8 пайыздық провизия жасақтауға жұмсалды. «Жыл соңына дейін провизия үлесін 17 пайызға дейін көбейтуге тура келеді» – деген болжам бар. Яғни несиені төлей алмай қалатындар санының арту үрдісі байқа­лады.
2008 жылды «Қазақстан Халық банкі» 14,5 миллиард теңге таза пайдамен аяқтапты. Дегенмен бұл алдыңғы жылғы 40 миллиард таза табыстан екі есе кем.  Былтыр «Халық банктің» сыртқы қарызы 800 миллион долларға артып, 3,5 мил­лиард долларға жеткен.  Қазақ банк­терінің сырттан жанталаса қарыз алу легінің соңы  осы банктің 2008 жылдың сәуір айында шығарған 500 миллион доллар мөлшерін­дегі еврооблигациялары мен қыркүйек айында тартқан 300 миллион долларлық синдикатты заемы деуге болады. Биыл банк кестеге сәйкес, 100 миллион доллар өтеген. Енді қыркүйек-қазан айларында 500 миллион доллар төлеуі тиіс.
«БТА банктен» кеткен депозиттер «Қазақстан Халық банкіне» құйылды
Жыл басынан бері «Қазақстан Халық банкінде» депозиттер үлесі 33 пайызға өскен. Банктің басқарма төрайымы Үміт Шаях­метова: «Бұл негізінен, «БТА банктен» әке­тілген салымдар», – деп мәлімдеді. «Біреу тойға айналғанда, біреу қойға ай­нал­­дының» кері келіп тұр. Салыстыру үшін айтсақ, былтыр «Халық банктің» де­позит­тік базасы 7,5 пайызға кеміген бо­латын.
«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры 27 миллиард теңгеге «Халық банк» ак­ция­ларының 21 пайызын сатып алды. Осы қаржыны қоса есептегенде Үкімет банкке 155 миллиард теңге қаражат құйып отыр. «БТА банктің» кейбір кре­диторлары ак­цио­нер ауысқан кезде қарызды мерзімі­мен бұрын төлеуді талап еткені белгілі.  «Қазақстан  халық банкі» басшылары «Үкі­мет­пен арада келіссөз басталған кезде мұндай қауіптің боларын, мемлекет ала­тын пакет үлесінің 25 пайыздан аспауы маңыздылығын ескерткенбіз. Қазір креди­торлар тарапынан ковенантқа қа­тыс­ты талап жоқ» дейді. Сонымен қазір банк Үкімет қолдауы арқасында ипоте­калық несие­лерді қайта қаржыландыру және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры бағдар­ламасы негізінде жұмыс істеп жатыр. Бұған қосымша, биыл АҚШ-тың дамушы елдерді қолдау бағдарламасы шеңберінде  Citibank 40 миллион доллар қарыз ұсы­нып­ты. Оның шарты – тұрмысы орта және ортадан төмен отбасыларына ипотекалық несие беру екен. Бір кредиттің мөлшері -70 мың доллардан аспауы керек. Сонда, бұл қаражат 570 мың отбасына жететін сыңайлы. «Қазіргі уақытта қарыз алған қым­бат емес пе?» деген сұрағымызға бас­қарма төрағасының орынбасары  Дәурен Қара­­­­баев  әлеуметтік бағдарлама болған­дықтан бұл несиенің ставкасы «Самұрық-Қазына» қоры депозиттеріне төлейтін сый­­ақыдан да төмен деп жауап берді. Ал бюджет ақшасын пайдаланғаны үшін банктердің қандай ақы төлейтіні «коммер­циялық құпия» деп жария етілмей келеді.

2008  жыл қорытындысы бойынша банктің нарықтағы үлесі: активтер – 13,6%, несие – 13,3%, депозиттер – 18,6%, төлем карточкалары – 48,2%, таза табыс – 20,5%.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста