Ауыл шаруашылығы мамандығы сұранысқа ие

Ауыл шаруашылығы мамандығы сұранысқа ие

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясына, кәсіби өмірлік бағытты жобалауға және мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқтала кетсек.
Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Солардың алдыңғы қатарында ауыл шаруашылығы саласындағы мамандықтар. Бұл саланы дамытуға қазір көптеген кадрлер даярлау басты назарға алынып отыр.
Агроном мамандығы бойынша жетістікке жету үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек? Өз іс-әрекетінің нәтиежесін алдын ала болжай алу, өздігінен шешім қабылдай білу, күтілмеген жағдаяттарда тез іс-әрекет жасау, есте сақтау қабілеті жоғары болу, болып жатқан нәрселерге мән бере қарау, денсаулығы мықты.
Қазір ауыл шаруашылығы саласына жоғары өнімді жаңа техника, жаңа өндірістік технология ене бастады. Сол себепті ауылға жаңа мамандық иелері өте қажет болып отыр. Бұрынғы егін, мал шаруашылығы салаларындағы мамандықтар да уақыт ағымына қарай жаңа түрге, жаңа кәсіптік өзгерістерге ұшырады. Сөйтіп, бүгінгі ауыл шаруашылығы мамандарының міндеттері мен жұмыс ауқымдары жаңа мән мен мазмұнға ие болғанын аңғаруға болады.
Бір сөзбен айтқанда, ауылға өз кәсібін теориялық және практикалық тұрғыдан терең білетін және түсінетін, оқымысты да ақылды жас кадрлар аса қажет. Жоғары оқу орнын бітіріп келген жас мамандар үшін ауылға келіп жұмыс істегендерге көптеген бағдармалар бар. Соның ішінде «Дипломмен ауылға», «Қазақстан 2020» бағдарламасы және де т.б. көптеген мүмкіндіктер бар. Сондықтан, қазіргі мектеп бітірген түлектер «қандай кәсіп иесі болғанда елге пайдам тиеді?» деген сауал төңірегінде ойланғаны абзал.
Мен болашақ студенттерді Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетіне шақырамын!
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Аграрлық факультеті - Қазақстанның солтүстік-шығысындағы ауылшаруашылығы саласындағы жоғары білімді мамандарды дайындайтын жалғыз оқу орны, жарты ғасырдан асқан, сонау Семей зоотехникалық – малдәрігерлік институтынан бастама алған, бүгінгі таңда 60 жылдық тарихы бар факультет. Факультетімізде білімді де білікті профессорлар, ғылым докторлары ғылым кандидаттары, доценттер және профессорлы-оқытушылар құрамы оқу-тәрбие жұмыстарымен шұғылданады. Факультет құрамында 5 кафедра бар.
Факультет барлық қажетті материальдық-техникалық базамен, сондай-ақ қазіргі заманға сай зертханалармен, шеберханалармен жабдықталған, үлкен жұмыс тәжірбиесі және кең халықаралық байланыстары бар көпсалалы оқу орны. Факультет студенттік өмірінің орталығы болып Қазақстан студенттер Альянсы ҚСА, старостат кеңесі және кіші деканат табылады. Бұл құрылым тұлға тәрбиелеуді қалыптастыруда оқу-тәрбие үдерісінің негізі. Басқа қаладан келіп оқитын студенттерге жатақхана беріледі. АФ студенттерді 7 жоғарғы бакалавриат, 2 жоғарғы және 6 магистратура мамандықтары бойынша мамандарды даярлайды.
Мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі. Ендеше, «Сәттілік студенттер»!...

Аға оқытушы Койгельдина Айгерім Ержановна
Байгаринова Р.М.
Мухаметжанова О.Т.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста