Атырауға Астраханьнан арзан тамақ келеді

Атырауға Астраханьнан арзан тамақ келеді

Шекаралас жатқан екі ел – Қазақстан мен Ресейдің әуелден алыс-берісі мен барыс-келісі мол. Бұл қарым-қатынас Тәуелсіздік жылдарында тіпті нығая түсті. Әсіресе Атырау мен Астраханьның арасы ақ жолға айналды. Екі ел арасындағы экономикалық байланыстар жаңа қарқынға ие болды. Соның айғағындай болып Атырауда тағы бір акция бастау алды. Апта сайынғы өтетін қалалық жәрмеңкеге Астраханьның тауар өндірушілері өз өнімдерін алып келді.
Жәрмеңкенің бірінші күні Ресей елінен келген сегіз жүк көлігінің бесеуі сол күні-ақ саудаларын дөңгелентіп, бар тауарларын өткізіп жіберсе, қалған үш көлік жексенбіде жолға шықты. Астрахань облыстық эко­номикалық даму министрлігі департа­ментінің бастығы Ильдар Агаевтің жур­налистерге берген сұхбатында бұл акцияға 10 ресейлік компанияның қатысқаны бел­гілі болды. Атырау облыстық әкімдігі мен Астраханьдағы атқарушы биліктің арасында жүргізілген бір ай бойғы келі­сімдер нәтижесінде ұйымдастырылған бұл пилоттық жоба алға қарай қанатын кеңге жая беретін болады. Ал әзірге Атырау қала­лық әкімдігінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиеваның айтуынша, астраханьдық кәсіпкерлер жәрмеңкеге 600 келі кондитер өнімдерін, екі тонна дәмді тағамдар, бір тоннадан астам сүт, май және сүт өнімдерін, бір тонна шұжық және макарон өнімдерін, екі центнер нан-тоқаш өнімдерін, 2000 литр сусын әкелген. Жақын күндері Астрахань шенеуніктері Аты­раудағы кәсіпкерлер одағымен бір­лесіп, дөңгелек үстел ұйымдастырмақ ниетте. Оның барысында екі ел арасындағы эконо­микалық ынтымақтастық жайы сөз болады деп күтіліп отыр. Нарық бағасынан төмен азық-түлікпен Атырау халқын қамтамасыз ету ниетінен туындаған бұл акция жергілікті жұртшылық тарапынан қолдауға ие болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста