Астығымызды алаңсыз таситын болдық

Астығымызды алаңсыз таситын болдық

Мade in Кazakhstan. Қабырғасында дәл осындай жазуы бар жүк вагондары Қызылжарда шығарыла бастағанына екі жыл болды. Былтыр «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының тапсырысымен 167 жүк вагонын шығарған зауыт енді астық тиейтін вагондар құрастыруға кірісті.

Соңғы жылдары Қазақстанда өндіріс көлемі артып, тауар таситын жүк вагондарының тапшылығы байқалып отыр. Бұл тапшылық әсіресе күзгі орақтан кейінгі астық тасымалдау кезінде қатты байқалуда. Жылда Ресейдің теміржол техникасын пайдалануға мәжбүрміз, ал олар өздерінің өнімін өткізіп болмай, вагондарын бізге бермесі анық. Осының кесірінен біздің астық экспортқа қыста, тіпті келесі көктемде шығарылып жатады. Кейбір деректер бойынша, Қазақстандағы жүк вагондарының 60 пайызы ескірген екен.

Вагон жасауды Қазақстанда алғашқылардың бірі болып, Қызылжардағы ЗИКСТО зауыты қолға алды. Зауыттың қабырғасы сонау 1941 жылы қаланған. Негізінен, соғыс қаруын шығарумен айналысты, кейін тұрмыста пайдаланылатын заттар, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ саласына қажетті құрал-жабдықтар жасады. 1996 жылы «Қазақстан теміржолы» акционерлік қоғамымен бірлесе жүк вагондарын жөндеу ісіне кіріскен. 1998 жылдан 2006 жылға дейін зауыт жөндеу жұмыстарының барлық түрін игерді. Ал өткен жылдан бастап өздері вагон шығаруға кірісті. Негізінен, жүк вагондары құрастырылады. Сондай-ақ ыстық кен және цемент тасымалдайтын, жүк контейнерлерін тиейтін вагондарды да осында жасау жоспарланып отыр. Ал жақында сұранысқа ие астық таситын вагондардың да алғашқы данасын шығарып үлгерді.

Зауыттың қуаттылығы жылына 1000 вагон жасауға жетеді. Зауыт басшыларының айтуынша, әзірге вагон жасауға қажет шикізат, яғни металл Теміртаудан және Ресей Федерациясынан әкелінеді. Бөлшектердің 40 пайызы зауыттың өзінде құйылады.

Валерий СПИЦЫН, «ЗИКСТО» АҚ бас директорының орынбасары:
– Бидай тасымалына арналған вагонның тәжірибелік үлгілерін жасап болдық. Енді оны комиссияның талқысына салып, тәжірибеден өткізу үшін Мәскеуге жібереміз. Ал жүк контейнерлерін артатын вагонның құжаттары дайын болысымен, сериялық шығаруды бастаймыз. Зауытта көмір, бидай сияқты сусымалы жүкке арналған ашық вагондар, әмбебап платформалар өндірісі жолға қойылған. Ендігі кезекте ел экономикасының нақты секторына қажет жүк контейнерлері мен бидай тасымалына арналған вагондар өндірісі тұр. Индустриялық-инновациялық жобамыз жыл соңына дейін толық іске асуы керек.

Виктор ДУРНЕВ, вагон құрастыру цехының бастығы:
– Бүгінгі біздің қиын мәселеміз – тапсырыстың жоқтығы. Қазір жүк вагондарының үш түрін біз толық меңгердік. Ісіміз өрге басуы үшін кепілді тапсырыс керек. Мысалы, былтыр «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясына 167 вагон жасап бердік. Осы сияқты тапсырыстар болса, біз орындауға дайынбыз. Зауыттың қуаттылығы жетеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста