Астананың орталығында пәтерлер мен көліктер өте арзан бағада "сатылып жатыр"

"Астананың қақ ортасында орналасқан әдемі пәтерлер мен керемет шетел автокөліктері өте арзан бағадща сатылады" - осындай хабарландыруды көрген жұрт бірден қиялға беріліп, оны тезірек алуға талпынған. Бұл Астанадан көшіп кеткен "Владивосток тұрғынының" қалтаға оңай ақша түсірудегі айласы болып шықты деп жазады NUR.KZ.

Виктор есімді азаматтың құрастырып алған аңызы бойынша, ол Астана қаласынан Владивостокқа көшіп кеткен. Алайда Қазақстанда оның сатылмай қалған екі автокөлігі мен пәтері бар екен.

Егер сіз осыған дейін адам сенгісіз арзан бағадағы хабарландыруды көрсеңіз, ол "Виктордың" қиялындағы мүлкі болуы әбден мүмкін.

Алаяқты тану тіптен қиын емес. Хабарландыруда ол барлық сұрақтарды өзінің WhatsApp нөміріне жолдауды сұрайды. Ал жауап ретінде алдын-ала дайындалып қойған сына мәтінді жолдайды:

"Сәлеметсіз бе? Мен сізге мүлкімді арзан бағада сатуымның себебін түсіндірейін. Бағаны шынымен осылай қойдым. Себебі өзім Қазақстаннан көшіп кеткенмін. Бөліп төлеуге немесе қарызға, ипотекаға сатпаймын. Өтініш, мекен-жайы мен бағасын қайталап сұрай бермеңіздер.

Барлығына жауап бере беруден шаршадым. Барлық мәлімет хабарландыруда жазылып тұр. Оны қалай сатып алу немесе көру керектігін мына сайттан көре аласыз: informacia.site".

Аталған сайтта Виктор өзінің екі көлігі мен пәтері бар екенін айтады. Мәселен, ол Астананың орталығындағы пәтерді 250 мың долларға сатса, Toyota Camry 55 автокөлігін 10 мың долларға, 2015 жылғы Toyota Land Cruiser-ді 170 мың долларға бағалапты. Бұл аталған мүліктердің нарықтағы бағасынан 2-3 есеге арзан болып тұр.

Алаяқ өзінің WhatsApp нөмірінде суретін де қойыпты. Бұл Виктор Астанада 2016 жылдан бері өзінің "кәсібін" дөңгелетіп жүрген көрінеді.

Азамат кейде өзін Грецияға көшіп кеткен Михайлов деп, кедй Нью-Йоркте тұратын Виктор Фомин немесе Александр Заруцки деп таныстырады. Оның ойлап тапқан есімдері де жетерлік.

Ол әр жыл сайын өзінің мүлкін арзан сату себебіне түрлі себеп құрастырып алады. Дегенмен нәтижесі біреу ғана. Ол Юнистрим арқылы немесе өзіңіздің кез-келген туыс, досфыңызға аталған соманы аударуыңызды сұрайды.

"Ақша аударымын МЕНІҢ АТЫМА емес, қалаған адамыңызға жасасаңыз болады. Туысыңызға, досыңызға немесе жарыңызға аударым жөнелткеннен кейін қызметкерге ақшаны алушы адамның аты-жөнін айтасыз. Ал мемлекетін Ресей деп көрсетесіз.

5 минуттан соң қызметкер сіздің аударымыңызды жасап, қолыңызға түбіртек береді.

Сіздің танысыңыз Ресейде тұрады ма, жоқ ба бәрібір. Себебі ол ақша көрсеткен адамға түспейді", - дейді алаяқ.

Аударылған ақша банктік шотқа түскеннен кейін Виктор Астанаға келіп, пәтерді атыңызға жазып беремін деп уәде етеді. Содан кейін әлгі шоттағы ақшаны қайта шығарып, Викторға беруіңіз керек.

Ал шын мәнінде алаяқ ешқайда ұшып келмейді. Сіз банкте аударым жасағаннан кейін ол түбіртектің суретін жіберуді өтінеді. Одан қажетті кодтарды көріп алған соң Ресейдің кез-келген банкінен заңды түрде ақшаны шешіп ала алады. Себебі сіз ақшаны ресейлік азаматқа жөнелттім деп көрсеткенсіз.

Аударым кімнің атына жөнелтілгені маңызды емес. Банкте қажетті кодты айтқан соң, қызметкер оны "кімнің атына жөнелтті" деп сұрамайды да. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста