Астанада 70 тұрғын үй кешенiнiң құрылыс жұмыстары экономиканы тұрақтандыру шаралары аясындағы түрлi мемлекеттiк қолдау тетiктерi негiзiнде жүргiзiлiп жатыр. 25 нысанды құрылысшылар өздерi салуда. Ал 20 тұрғын үй кешенi бойынша қаржыландыру көзi анықталып жатыр.
Тағы 12 нысан проблемалық құрылыстар қатарына қосылды. Оларды аяқтау үшiн «Жаңа құрылыс» ЖШС-ға қосымша 15,2 млрд теңге қажет. Бұл нысандардың құрылысына қатысты үлескерлер қаржысының мақсатты жұмсалмауына байланысты қаржы полициясы органдары тексеру жүргiзуде. Бүгiнде құрылыс компаниясының жетi жауапсыз басшысы сотталды.
Астана әкiмi Иманғали Тасмағамбетовтiң айтуынша, қазiргi кезде 127 нысан үлескерлердiң қатысуымен салынуда. Бұл нысандарда бүгiнде 24 мың 92 үлескер бар. Жыл соңына дейiн 100 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Қалғандарын 2010 жылдың соңына дейiн бiтiру көзделген.
Астанадағы пәтер мәселесi
Последние статьи автора