Астанадағы газ инфрақұрылымы күзгі-қысқы жылыту маусымына 100% дайын  

Астанадағы газ инфрақұрылымы күзгі-қысқы  жылыту маусымына 100% дайын   

Астана - «QazaqGaz» ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық барысында Астана қаласының газбен жабдықтау объектілерін тексерді.  

 

 

Ұлттық компания басшысы ЖЭО-2 нысанындағы газ реттеу пункті, ЖЭО-3 құрылысы алаңы, сонымен қатар, құрылысы жүріп жатқан “Юго-Восток” газбен жылыту станциясына барып, объектілердің бүгінгі күй-жайы мен ондағы газ жеткізетін инфрақұрылым құрылысының барысымен танысты.

«Бүгін Елордадағы ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығымен таныстық. Қала әкімдігі энергетикалық жобалар бойынша ауқымды жұмыстарды атқарып жатыр.  QazaqGaz тарапынан Астананың газ инфрақұрылымы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайын, тұрғындар газбен қамтамасыз етіледі. Барлық облыстағы осындай объектілердің жұмысын пысықтаймыз. Бүгінде өңірлерде күзгі-қысқы жылыту кезеңіне дайындық 82%-ды құрайды, белгіленген кестеден озып келеміз», – деді QazaqGaz басшысы.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ЖЭО-3 нысанының құрылысы алаңы да тексерілді. Бүгінде қала әкімдігі объектідегі құылыс-монтаж жұмыстарын жасап жатыр.  Объектіні пайдалануға беру 2023-2024 жылыту маусымының қарсаңына жоспарлануда.  

  

Бұдан басқа, Астана қаласының әкімдігі “Оңтүстік-Шығыс” газбен жылыту станциясының құрылысын жүргізуде. Аталған нысан іске қосылғаннан кейін, “Мыңжылдық” деп аталатын жаңа теміржол вокзалының ауданы жылумен қамтамасыз етіледі. Айта кету керек, аталған нысан құрылысы да белгіленген кестеден бұрын орындалуда.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста