Арзан әлеуметтік дүкендер желісін қайта құру мүмкін бе?

Арзан әлеуметтік дүкендер желісін қайта құру мүмкін бе?

«Еліміздегі тұрмысы төмен отбасылардың, зейнеткерлердің, ардагерлердің, көп балалы жанұяларды азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесін жолға қою үшін мемлекетімізде әлеуметтік дүкендер желісін жетілдіру қажет». Осылай пікір білдірген отандық экономист-ғалымдарымыз «2008 жылы қолға алынған әлеуметтік дүкендер жобасы өзін-өзі ақтамады» деседі.
Жалпы, азық-түлік қауіпсіздігі – әлемдегі ең үлкен проблемалардың бірі. Осыған орай азық-түлік қауіпсіздігіне бейімделу мақсатында елде әлеуметтік дүкендер желісін ашу, азық-түлік бағасына мәжбүрлеп тежеу салу, әлеуметтік жәрмеңкелер ұйымдастыру тәрізді шаралар атқарылды. Әйтсе де біз тұтынушыны, әсіресе, атаулы әлеуметтік көмекке ілінген халықты күнделікті адам өміріне қажетті басты тамақ түрлерімен қамтамасыз ете алдық па?!
Негізінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету халықтың тамақ өнімдерінің он түрін тұтыну деңгейімен бағаланады. Оған нан және жарма өнімдері, ет және ет өнімдері, балық және теңіз өнімдері, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа, май және мал майы, жемістер, көкөністер, картоп, қант және кондитерлік өнімдер жатады. Олар адамның физиологиялық тамақтану қажеттілігі ескеріле отырып, әр адамның тағам түрлерін жылына орта есеппен қанша келі мөлшерінде пайдалануымен анықталады. Ал тамақтың осы он түрі жайында мамандарымыздың басым бөлігі әлеуметтік дүкендер желісінен өнім алуға тиіс тұтынушы өз алдына табысы орташа отбасылардың өзі күнделікті мұндай тағаммен ауқаттана алмайтынын жасырмады. Себебі «еліміздегі бағаның бұғауға көнбей, уыстан шығып кеткені бұған дәлел».

Марал Төртенова, экономист-сарапшы:
– Егер болашақта халықты өзіне қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етеміз десек, әлеуметтік дүкендер желісі жүйесін жетілдіріп қана қоймай, азық-түлік себетін қайта қараған жөн. Күнкөріс себеті дегеніміз – күнделікті тұтынатын тауар бағасының жиынтығы. Егер де осы тұтынатын тауарларымыздың бағасы нарықта тым шарықтап кетіп, біздің ай сайынғы тапқан табысымызбен үйлесімділік таппаса, онда күнкөріс себетін қайта қарауға тура келеді. Өкінішке қарай, қазірде біздің нарықта күнделікті тұтынатын тауарлар бағасы күннен-күнге қымбаттап барады. Осы қымбатшылық арқылы қазір біз әлеуметтік аз қамтылған топқа салмақ түсіріп отырмыз. Сондықтан бұл жерде арнайы шаралар қолдану керек. Болашақта тауар бағасының анағұрлым шарықтап кетпеуі үшін, біріншіден, жергілікті әкімшіліктердің белсенділігі артуы қажет. Жергілікті әкімдіктер тауар бағасын өсіруші мүдделі топтар болса, соларды қадағалауды күшейткен абзал. Екіншіден, тауар бағасы арзандатылған жәрмеңкелер жиі өткізілуі керек. Үшіншіден, жергілікті кәсіпкерлерге тауар бағаларын өсірмеуі үшін «қызықты» механизмдер ұсыну керек. Төртіншіден, әлеуметтік дүкендер желісі көптеп құрылуы керек. Ойлап қарасақ, қоғамда 20 мың теңгеге жетер-жетпес зейнетақы алатын зейнеткерлер де баршылық. Олардың қайсыбірі осы қаражатқа ас-ауқат, болмаса дәрі-дәрмегін ала ма, әлде басқа қажетін өтей ме? – деді.

Жасыратыны жоқ, әлеуметтік дүкендер желісі жұмыстары соңғы уақыттары формалды шаруаға айнала бастады. Бұған қатысты мамандар «жүйе бар, бірақ оны бақылау, қадағалау кемшін» деседі. Сондықтан мамандар былай дейді:
– Бұл әлеуметтік дүкендерге тікелей өз тауарын әкеліп жатқандардан ортадағы алыпсатарлар көп. Алматының әлеуметтік дүкендерінде баға мүлде арзан емес. Соларыңыз жабылып та жатыр. Өйткені тікелей келетін ресурстар жоқ. Ортаға делдалдар түскен соң ол қайткенде де ондағы өнім арзан болмайды. Ол – бір. Екіншіден, қаланың әр шетіндегі, әрбір ауданындағы бірлі-жарым мұндай дүкендерге әлеуметтік аз қамтылған адамдардың күнделікті баруға мүмкіндіктері жоқ. Әсіресе егде адамдар. Ал негізгі алушылар көліктеріне шірей тиеп алатын алыпсатарлар сияқты. Әр нәрсенің өз мақсаты болады. Егер біз әлеуметтік тұрмысы төмен адамдарға көмек жасағымыз келсе «гигантомания» жасамай, мұндай әлеуметтік дүкендерді көбейткеніміз абзал. Бір ескеретіні мұндай дүкендерге отандық кәсіпкерлер өз тауарларын тікелей ешқандай делдалсыз әкеліп өткізуі керек. Егер болашақта осыған жағдай жасап, делдалдарсыз кәсіпкер мен әлеуметтік дүкендер арасында байланыс орнатылса бұл желі өзін-өзі ақтайтын еді...

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста