Арендалық баспана, жаңа ипотека, орталықтан бір тізім – Үкіметте тұрғын үй мәселесі қаралды

Арендалық баспана, жаңа ипотека, орталықтан бір тізім – Үкіметте тұрғын үй мәселесі қаралды

Бүгінгі Үкімет отырысында тұрғын үй саясатының жаңа тұжырымдамасы талқыланып, арендалық баспана мен «7-20-25» бағдарламасының келешегіне қатысы бар ұсыныстар айтылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, елімізде «қалаларды кешенді салу стандарты» әзірленген.

Министрдің мәліметіне сүйенсек, биыл салынуға тиіс 138 мың тұрғын үйдің 47 мыңы - жеке тұрғын үй болмақ. Ведомство елдегі баспанаға шын мұқтаж адамдардың тізімін бір орталықтан жүргізуді жоспарлап отыр. Осылайша жергілікті әкімдіктер баспана кезегін реттеуден босатылмақ. Бұл істе «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер болмау үшін орталықтандырылған баспана кезегі «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылмақ. Бұл шараның бәрі «Отбасы банк» арқылы іске асады. «Енді баспана кезегінде тұрғандар үшін тұрғын үйді бөлу «бір терезе» қағидаты бойынша бір орталықтан, ашық түрде жүргізілетін болады. Оның негізгі операторы – «Отбасы банкі». Сонымен қатар, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа механизмдері әзірленді. Онда арендалық төлемді субсидиялау және ауылды жерлерде тұрғын үй салу сияқты қолдау шаралары бар. Биыл жаңа механизмдер есебінен 70 мың азаматқа үйді жалға алу үшін субсидия беру және ауылды жерлерде 2,8 мыңға жуық адамды жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған», - деді Үкімет басшысы Әлихан Смайылов. Дегенмен де, баспана кезегіндегілердің қазіргі есебі жергілікті әкімдіктердің мәліметіне сүйеніп жасалған көрінеді. Қайырбек Өскенбаевтың сөзіне қарағанда, әкімдіктерде тұрғын үйге мұқтаж 613 мыңнан астам азамат кезекте тұр. Оның 222 мыңы - әлеуметтік осал санаттағы азаматтар. Оның 70 мыңы - табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адам, 51 мыңы -көпбалалы отбасылар, 2 мыңы - жетім балалар, 10 мыңы - І және ІІ топтағы мүгедектер және 7 мыңы мүгедек баласы бар отбасылар. «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шалапаев келесі жылы елде тұрғын үй құрылысының қарқыны бәсеңдеуі мүмкін деген болжам айтты. Оның пайымынша, сұраныс пен ұсыныстың теңсіздігі тұрғын үй нарығына кері әсер етуі мүмкін. Акционерлік қоғам басшысы өзі атаған ықтимал проблеманың алдын алу үшін коммерциялық ипотеканың пайыздық мөлшерлемесін мемлекет есебінен субсидиялауды ұсынды. «Зейнетақы жинақтарының тұрғын үйге жұмсауға болатын шекті мөлшерінің өсуіне және келесі жылы «7-20-25» бағдарламасының аяқталуына байланысты 500 млрд теңге ипотекаға немесе 35 мың пәтерге деген сұраныстың төмен болуы болжануда.Жеке құрылыс салушылардың коммерциялық тұрғын үйді сату жылдамдығы айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Сұраныстың өтелмеуіне жол бермеу үшін екінші деңгейлі банктердің нарықтық ипотекасының сыйақы мөлшерлемесін халыққа мемлекет есебінен субсидиялау тетігін іске қосу ұсынылады», - деді ол Үкімет отырысында. Үкімет ол ұсынысты қолдаса, пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігі бюджет есебінен субсидияланатын несие мына талаптарға сай келуі керек болады: - бастапқы жарна 20 пайыздан басталуы шарт; - кредит беру мерзімі 20 жылға дейін болуы қажет; - қарыздың ең жоғарғы сомасы 35 млн теңгеден аспауға тиіс. Сондай-ақ, ипотека рәсімдеуші адам төлем қабілетін міндетті түрде растауы керек. «Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5%-дан аспайтын ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 7% субсидияланады. Екінші деңгейлі банктер өз қаражаты есебінен құрылыс салушылардың бастапқы тұрғын үйіне және Қазақстан тұрғын үй компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген салынып жатқан тұрғын үйге қарыз бере алады. Осы бағдарламаны іске қосу үшін заңнамалық өзгерістер қажет емес. Қазіргі уақытта бюджеттік өтінім Қаржы министрлігінің қарауында. Бюджет мақұлданғаннан кейін, Қазақстандық тұрғын үй компаниясы осы бағдарламаны дереу іске қосуға дайын», - деді Қанат Шалапаев. Үкімет отырысынан кейін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Бәйтерек» көтерген бастама ұсыныс қана екенін айтты. Яғни, жоба ұсынылған қалпында енгізіле салмауы мүмкін. БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында вице-премьер тіпті «7-20-25» бағдарламасы жалғасын табуы да мүмкін екенін айтып қалды. «7-20-25» бағдарламасы жалғасуы мүмкін деп ойлаймын. Ал бюджеттің мүмкіндігін айту үшін есептеу керек. Бұл оңай мәселе емес», - деді ол. Тұрғын үй саласындағы жаңа саясат «Отбасы банктің» монополиясын арттыра түспек. Тіпті ауылды елді мекендерге баспана салу мәселесіне де аталған банк операторлық жасайды. Аталған өзгерістердің бәрі тұрғын үй саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрініс таппақ. «Жалпы тұрғын үй саласындағы тәсілдерді топтастырып, бір ретке келтіру үшін Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау жұмыстары басталып кетті. Жаңа тәсілдердің және механизмдердің маңыздылығы мен әлеуметтік бағытын ескере отырып, олардың барлығын тиімді, уақтылы әрі сапалы іске асыру қажет», - деді Үкімет башысы. Сондай-ақ, Үкімет отырысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған арендалық тұрғын үйді сатып алуға салынған тыйымның заңға сәйкестігі де талқыға түсті. «Нұрлы жер» бағдарламасы мен тұрғын үй қатынастары туралы заң нормалары бойынша азаматтардың сұрақтары бар. Мысалы, мемлекеттік бағдарлама бойынша арендалық тұрғын үй алған адамдарға оны сатып алуға рұқсат берілмейді. Ал заң бойынша коммуналдық үйді сатып алуға тыйым салынбаған. Бұл жерде норма қайшылығы туындап тұрған жоқ па? Мәселе қалай шешіледі?», - деп сұрады Үкімет басшысы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтан. Министрдің айтуынша, бұл мәселені Парламент депутаттары да көтерген. «Қазір заң жобасы Парламентте талқыланып жатыр. Жұмыс тобында депутаттар да осы мәселені көтерді. Соны талқылап, бір оң шешімге келеміз деп ойлап отырмыз. Осы заң талқыланғанда осы мәселені қарастырып, нақты шешім табуға тырысамыз», - деді ведомсто басшысы. Әлихан Смайылов бұл мәселеде заңнама қайшылығы болмауы керектігін ескертті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста