Арақ-шарап түнде сатылмайтын болады

Арақ-шарап түнде сатылмайтын болады

Негізінен, алкоголь өніміне шектеу қою туралы бастама – Қазақстанда үздіксіз қозғалып жүрген тақырып. Кезінде Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл  «демалыс күндері арақ-шарап саудасына тосқауыл қойып, шарапсыз жексенбіге қайта оралсақ» деп ұсыныс та айтқан еді. Тура солай болмаса да,  жаңа заң жобасы мақұлданған жағдайда арақ зауыттары мен оның сауда шарттары қатаңдатылатынға ұқсайды. Еліміздің бас салықшысы  Әнуар Жұмаділдаев осыны алға тартып, Қазақстан аумағын­да түн мезгілінде арақ сатуға тыйым салынатынын ерекше атады.
Тоқтала кететін жайт, бұған дейін Эко­но­мика және бюджетті жоспарлау министр­лігі алкоголь өніміне акцизді көтеруді көз­дейтін заң жобасын Парламенттің қарауына беріп қойған-ды. Ол бойынша Қазақстанда арақ-шарапқа акцизді арттыру кезең-кезеңімен жүзеге асады. Сөйтіп, үш жылдан кейін арақ-шарап  өнімдеріне акциз став­ка­сы 3,1 пайызға өседі. Яғни мамандар бір литр арақ бағасы орта есеппен 1600 теңгеден кем түспейтінін алға тартады.
Алкоголь өніміне акциз түсімі мемлекет кірісінің үлесінде бір пайызды құрайды екен. Ал осыдан бес жыл бұрынғы дең­геймен салыстырғанда Қазақстанда акциз түсімі 10 млрд теңгеден 24 млрд теңгеге өскен, сөйтіп, өндіріс көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 47 млн теңгеден 58 млн теңгеге дейін артыпты. Бір қызығы, Салық комитетінің басшысы елдегі арақ зауытта­рының саны 2008 жылдан бері 95-тен 66 зауытқа қысқарғанын қуанышпен жеткіз­ген еді. Зауыт қысқарғанымен, пайдасы өсіп отырса, оның несі қауаныш? «Көлең­келі» өндірістің тым өршіп отырғанын да осы аңғартпай ма? Екіншіден, әлбетте, бұған қарап «бюджеттің бүйірі томпайды» деп мақтануға да болмайды, өйткені тұтынушы өзіміз. Сонымен қатар Қазақ­стан­ның алкоголь өнімі нарығында бар­лығы 205 этил спирт және алкоголь өнімін өнді­рушілер ресми түрде тіркелген көріне­ді. Оның 18-і спирт және 16-сы арақ зауы­ты.  Сонымен қоса, 1500 көтерме және 46 мыңға жуық бөлшек саудадағы алкоголь өнімін өткізушілер тағы бар.
Жалпы, 2011-2012 жылдар аралы­ғын­да арақ өндірісі мен оның айналы­мын­да 8 млн литр алкоголь өнімі көлеңке өн­дірістен алынып, 1,9 млрд теңге шама­сын­да айып­пұл салынған. 31 өндірушінің лицензиясы түбегейлі жойылып, 15-і – өз жұмысын біржола тоқтатқан. 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 300 млн теңгені құрайтын 891,1 мың шөлмек арақ заңсыз өндіріліп келгені анықталып отыр. 
Сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстандағы алкоголь өнімінің заңсыз айналымының үлесі ішкі нарықтағы арақ-шарап саудасының 25 пайызына дейін алады. Экономикасы өтпелі болып сана­латын елдерде заңсыз арақ сату, жалпы, алкоголь саудасының 30-35 пайызын иеленеді екен. Ал дамыған елдерде мұның көрсеткіші 20 пайыздан аспаса, АҚШ пен Швейцарияда 8-10 пайызды көрсетеді. Алайда акциз бағасының өсуі арақ сау­дасының көлеңкелі айналысының артуына себеп болатыны анық. Бұны күні кеше Мәжілістегі жиында Үкімет басшысы Серік Ахметов те меңзегені есте.
Сөйтіп, алдағы уақытта арақ-шарапты шектейтін және бір заң Парламентке аттанады. Онда, ең бастысы, экономикалық тетік, яғни арақ-шарап бағасын арттыру көзделмек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста