«Әлеуметтік инновация» жобасы өз мәресіне жетті

«Әлеуметтік инновация» жобасы өз мәресіне жетті

Асыл – таста, өнер – жаста! Осындай ұранмен бір жыл бұрын «Шеврон» компаниясы және Қазақстандағы Британ кеңесі өкілдігінің мұрындық болуымен іске қосылған «Әлеуметтік инновация» жобасы таяуда өз мәресіне жетті. Оның аясында еліміздің бірқатар колледж студенттеріне әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша тегін білім берілді, сондай-ақ ағылшын тілін меңгеруге, компьютерлік сауатын ашуға мүмкіндік беруде олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсаты игерілді. Бастысы – жыл бойына ұйымдастырылған шара мен оқу курстары барысында алған білім мен білігін студенттер өз идеясының жемісіне айналдырды. Осылайша ең үздік әлеуметтік кәсіпкерлік жобасы додасында тізгін қағысқан жастардың аталған шараны ұйымдастырушыларға деген ризашылығы да шексіз...
Атап айтқанда, бұл жоба аясында Астана қаласының №7 көппрофильді кол­леджі, Алматы қаласындағы рес­пуб­ли­калық медициналық колледжі және Текелі қаласындағы (Алматы облысы) Орталық Азия университеті өз бақтарын сынады. Ол бойынша колледждердің 300-ге тарта студенті әлеуметтік кәсіпкерлік және ақпараттық-коммуникациялық техно­ло­гия­лар бойынша машық алып, ағылшын тілі және компьютерлік сауаттылық курс­тарынан өтіп және өзіндік әлеуметтік шараларды ұйымдастырды. Жаттығу мен әртүрлі шаралар бағдарламалары жобаға қатысушылардың коммуникативтік қабі­летін жақсартып, мәселенің тиімді шешімін табуға бағытталып отырған. Студенттердің сөзіне қарағанда, «Әлеуметтік инновация» жобасына қатыса бастағаннан бастап уақыттың әр минуты қымбатқа айналған. «... Отыра берсең, жалқаулық басы­на­ды» демекші, бұл арада жобаны ұйым­дас­ты­рушылардың да мақсат еткені осы болса керек.
«Біздің компания үшін Қазақстан хал­қы­ның кәсіпкерлік потенциалын дамы­туы­на жағдай жасау маңызды бағыт болып табылады. Жобаларды әзірлеу мен оны жүзеге асыру бойынша қарым-қабілетті, көшбасшылық сапаны қалыптастыру, біз­дің көзқарасымызша, жас буынды нарық­тық қарым-қатынасқа бейімдеу мен даяр­лау­дың ең тиімді тәсілі», – деді кеше жоба­ны қорытындылаушы арнайы шарада «Шеврон» компаниясының Үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі дирек­торы Еркін Зікібаев.
Ал жобаның тағы бір әріптесі – Қазақ­стандағы Британ кеңесі директорының орынбасары Анар Нұрбаеваның айтуын­ша, бұл арада жастардың жұмысқа тұруы үшін қажетті қабілеттерін дамытуда ағыл­шынның білім жүйесіндегі тәжірибесі қолданылған екен.
– Мысалы, әлеуметтік кәсіпкерлік курсын өткізуде біз Британ кеңесінің мате­риалдарын пайдаландық. Ағылшын тілі курсы да өз әдістемемізге негізделген. Маған студенттердің осы курстарда алған білім мен біліктерін өз идеясын жүзеге асы­руда пайдаланғаны қатты ұнады. Демек, бұл жоба көздеген мақсатын игерді деген сөз, – дейді ол.
Лейла АЙТМҰХАНОВА, «Шеврон» ком­па­­ниясының қоғаммен байланыс жө­ніндегі үйлестірушісі:
– Біздің компания энергетикалық ре­сурстарды игеріп қана қоймай, соны­мен қатар адам капиталына да ұдайы инвестиция жасап отырады. Бұл ретте миллиондаған жобаларымыз бар. Әлеуметтік жобалар, негізінен, үш стратегиялық саланы қамтиды: білім беру, денсаулық сақтау және эконо­ми­калық даму. Біздің әр жобамыз, ең бас­тысы, әріптестік негізінде құрылады. Олар – мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйымдар. Аталған жағдайда Британ кеңесі халықаралық ұйымы, Астана қала­сы­ның №7 көппрофильді колледжі, Алматы қаласындағы республикалық медициналық колледжі және Текелідегі Орталық Азия университеті және біздің компанияның әріптестігі негізінде өткен «Әлеуметтік инновация» жобасы осындай жақсы мысалдың көрсеткіші бола алады.

Аталған жиын соңында ең үздік әлеуметтік жоба бәйгесінің жеңімпаздары мара­патталды. Сонымен, ІІІ орынды ием­ден­ген Астана қаласының №7 көп­профильді колледжінің төрт қатысушысына электрондық оқулықтар сыйға тартылды. Ал ІІ орындағы Орталық Азия уни­верситетінің жанындағы кәсіби және үздіксіз білім беру мектебінің үш оқушы­сына  Samsung Galaxy S III смартфондары берілді. Жүлде қоры 450 мың теңгені құрайтын І орын да осы Текелі қаласындағы Орталық Азия уни­верситеті жанындағы кәсіби және үздіксіз білім беру мектебінің оқушылары еншісіне бұйырды. Сонымен қатар жоба автор­ла­рының әрқайсысына І Раd тарту етілді. Олар Талдықорған қаласында көру мүмкіндігі шек­теулі зағиптарға арналған ресурстық орталық ашуды мақсат етеді екен.
Анатолй МИГАЙ, І орынды иемденуші, топтың жетекшісі:
– Адамдар ақпарат пен мағ­лұ­маттардың 70-80 пайызын көз, яғни көру қабілеті арқылы қабылдайды. Алай­да біз – зағип жандар мұндай мүмкіндіктен шектеуліміз, бірақ бойында қуаты бар жас ізденіссіз отыра алмайды екен. Өз басым, негізінен, компьютер тілін меңгеруге айырықша ден қойдым. Ол арадан көп нәрсе үйрендім, әлі де біле түскім келетін жайт мол. Сондықтан компьютер тілін меңгерудегі ерекше тәсілмен өзге де зағип жандармен бөліссем деймін. Бастысы, менің түсінгенім, көру қабілеті шектеулі жандар үшін аудио жазбалар керек. Мәселен, бір компьютерлік бағдар­лама бар: ол жазық баспадағы мәтінді көшірмелеп, жадысында сақтау­да, кейіннен оны дауыстап оқып береді. Бұл – біріншіден. Екіншіден, осы тәсілмен жұмыс істейтін аударма бағдарламасы бар, онда 12 тіл қамтылған, ішінде орыс тілі де бар. Мұндайда зағип жан шет тіліндегі мәтінді аудармасы негізінде естуге мүмкіндік алады. Әрине, бұл бағытта мемлекет жұмыс істеп жатыр, бірақ өте баяу. Сондықтан мен осы іске өз үлесімді қосып, арнайы орталық ашсам ба деймін. Мақсатым – зағип жандар­дың әлеуметтік, мәдени және құқықтық санасын дамытуда көбірек мағлұмат алуға мүмкіндік беру.

Жалпы, «Әлеуметтік инновация» жоба­сы Қазақстанның әлеуметтік жаңғырту бағдарламасымен және 2011-2020 жыл­дарға арналған ҚР-дағы білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасымен үндесіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, инно­вациялық оқу курстары жастарды тұлға ретінде дамытуға бағыттауда өз-өзін жетілдірудің қарым-қабілетін игеруге, жетіс­тікке қол жеткізудің тетіктерін түйсінуге мүмкіндік береді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста