Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі полиция қызметкерлерінің жалақысы қанша?

Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі полиция қызметкерлерінің жалақысы қанша?

Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі полиция қызметкерлерінің жалақысы қанша? Қай елдің қызметкері көп табыс табады?

Полиция қоғамдағы құқықты, тәртіп пен қауіпсіздікті сақтайтын мемлекеттік институт. Полиция мамандықтарының көбісі өте қауіпті, жауапкершілікті және қоғам оларға жоғары талаптар қояды. Мұндай жұмыс жақсы жалақыны қажет етеді. Яғни қауіпке барғаны үшін өтемақы. Алайда еңбекақылары әрқашан біз ойлағандай бола бермейді. Соның әсерінен олар кейде ынталанып жұмыс істей алмайды. Департаментпен полицейлер арасындағы жалақының айырмашылығы және жұмыста әр түрлі дәрежелерге бөлу, полицей қызметкерлерін қанағаттандырмайды. Содан кейін олар қосымша ақша табу жолында әр түрлі тәжірибелер жасайды, сыбайлас жемқорлыққа барады, сөйтіп барлық қызметкерлердің жұмысының тиімділігі төмендейді. Ал тиімділіктің төмендігі қоғамның күйреуіне алып келеді, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Сондықтан полиция қызметкерлерінің жалақысын тиімді етіп қалыптастыру қажет.
Қандай айырмашылықтары бар? деген сұрақтарға жауап іздейміз.

Полиция қызметкерлерінің еңбекақы механизмдерін қалыптастыру

Барлық мемлекеттер полиция жұмысын жақсарту үшін, көптеген реформалар жүргізеді. Ресейді алып қарасақ, полиция орталықтан басқарылады, ішкі істер министірлігіне бағынады. Полиция құрамына арнайы жедел әрекет ету жасағы, экологиялық полиция кіреді. Бір полиция қызметкері үшін жылына бюджеттен 2012-2013 жылдары 20,4 мың доллар кеткен. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясында арнайы заң қабылданды. Ол заң бойынша полиция қызметкерлерінің барлық әрекеттері, төлемдері, өтемақылары, отбасы мүшелерін асырауы мемлекет міндетіне айналды. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысы лауазымды айлықақы және қосымша төлемдерден тұрады. Ең төменгі жалақы 9000-10500 руб. құрады. Аға полиция, инспектор, орынбасар қызметіндегілердің және 100 мың тұрғын тұратын қалада жұмыс істейтіндер жалақысы 11 000-12500 руб. құрады.
Москва, Ленинград облысы қызметкерлері 13 000-14 500 рубль айлық алады. Екі жылдан астам жұмыс жасаған жағдайда, жалақысына еңбекақысының 10%-ы және 25 жыл жұмыс жасаса 40% қосылады.
Қазақстанға келетін болсақ, 2010 жылы мемлекет Президенті құқық қорғау жөнінде реформа жүргізді. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы атақтар үшін қосымша ақы төлейтін болды. Ішкі істер бөлімінің бастығы орта есеппен айына 226405 теңге жалақы алады. Еңбекақы көлемі 28% көбейді. Полиция капитаны 5-7 жыл көлемінде жұмыс істесе 34% ал майор қызметкері 62% қосымша айлық алады.
Болгарияда бюджеттен бір полиция қызметкеріне жылына 25,3 мың доллар ақша жұмсалады. 2010 жылы кәсіподақ полицейлері жалақыны көтеруді талап етіп, митинг өткізді. Онда 3000 адамдай жиналды, ішкі істер министірлігі де болды. Жалықыны реттеу кәсіподақтың қолында екенін көріп отырмыз.
Латвия полицейлері 585 доллар айлық алады. Сондай-ақ беделі мен жетістіктері үшін де қосымша ақшалар қосылады. Подполковник-136 доллар, майор -127 доллар, кіші инспектор 487-624 доллар, жоғарғы инспектор 573-1625 доллар көлемінде жалақы алады. Алайда 2013 жылы шілде айында қызметкерлер бұл жалақыға көнбей, жоғарлатуын талап етті. Яғни мұнда да жалақы көлемін қалыптастыру кәсіподақтың қолында.
Қорыта айтатын болсақ, Шығыс Европа елдерінде жалақыны қалыптастыру кәсіподақ қолында болса, бұрынғы кәсіподақ құрамындағы елдерде, бұл мәселе толығымен мемлекеттің қолында.
Полицейлер қызметкерлерінің жалақысын шығаруда мынадай факторлар әсер етеді:
- Жоғарғы білім және жұмыс жасау ұзақтығы. Әсіріесе Болгария, Латвия елдерінде жалақы көлемінің артуына көп әсер етеді.
- Дәрежесі мен басқарушылық лауазымы. Егер қызметкер басшылық қызметін атқарса, сәйкесінше жалақы көлемі де көп болады.
- Мемлекеттегі жұмыс тәжірибесі. Тәжірибесі бар қызметкердің жұмыс табуына және көп жалақы алуына мүмкіндігі бар.
- Белгілі бір жерде жұмыс жасау ұзақтығы. Егер қызметкер бір қалада немесе ауылда ұзақ жұмыс істесе, оның жалақысы көтеріледі.
- Қауіпсіздік пен тәуекел деңгейі. Оларға учаскелерде жұмыс істейтіндер, тергеушілер, криминалдық полициялар, ішкі қызмет пен күзетті жатқызамыз.
Аталған төрт елдегі полиция қызметкерлерінің еңбекақысының айырмашылығы өте көп. Болгарияда еңбекақыны құруда кәсіподақтар қатысатындығына қарамастан, олар Ресей қызметкерлерінен екі есе төмен айлық алады. Ал Қазақстан қызметкерлері Ресейден 19%-ға төмен айлық алады.
Қауіптілігі жоғары бөлімдер басқа департаменттерден қарағанда көбірек айлық алады, жоғарғы білімі, еңбек ету уақыты да көбірек жалақы алуға көп септігін тигізеді. Мысалы Болгария, Латвия елдерінде, жоғары білімі бар қызметкерлерінің жалақысы төмен білімдіге қарағанда 6-27% жоғары. Ал Ресей мен Қазақстанда осылардың әсерінен еңбекақы көлемі жылына 2-3%-ға өсіп отырады. Ресейде жоғарғы білімге көп көңіл бөлмейді, онда көбінесе жұмыс жасау ұзақтығы маңыздырақ. Бірақ ол үшін сыйақы төленбейді және жұмыс қауіптілігі үшін де өтемақы берілмейді. Тек басшылық лауазымдағы қызметкерлер ғана ала алады.
Жалақы көлемін дұрыс шығару өте маңызды екенін түсінуіміз қажет. Себебі ол полиция қызметкерінің жұмыс істеуіне көп әсер етеді. Егер полицейлердің жалақысы өздері қалағаннан төмен болса, онда жұмыстың өтімділігі мен тиімділігі төмендейді, ал егер көп болса артады. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықты төмендетеді. Айта кетсек, олардың бейресми кірістерін біліп, қанша алатынын анықтау мүмкін бола бермейді. Қазақстан мен Ресей қызметкерлері қосымша жұмыстарға мұқтаж. Себебі олардың жалақысы өздерін немесе отбасын толық асырауға жетпейді. Сондықтан осы елдерде қызметкерлердің бейресми тәжірибелері дамыған Еуропа елдеріне қарағанда көбірек. Болгария, Латвия елдерінің полиция қызметкерлері де төмен жалақыға шағымданады.

Спанқұлова Ләззат Сейтқазықызы,
Оразбекқызы Гүлбақыт.
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ
Қаржы және технология мектебі

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста