Алаш ҚҰРЫЛЫС

Алаш ҚҰРЫЛЫС

Сіз үйдің емес, үй сіздің бабыңызды табады!
Жаңа технологиялар кеңінен қанат жайып, қарыштап дамыған мына заманда дүниенің бәрі ­ бар. Өздеріңізге белгілі, қазір үйдегі кір жуатын машинадан бастап, астымыздағы көлікке дейін – автомат. Енді осылардың қатарына тұратын баспанамыз да ақырындап енуде. Жайлылығы жағынан ең жоғары көрсеткішке ие мұндай үйлерді ауызекі тілде «ақылды үй» деп те атайды екен. Бүгіндері нарықта «ақылды үй» жүйесі деп аталатын қызмет түріне күн өткен сайын сұраныс артып келеді. Ендеше, ол қанша тұрады, автоматтандырылған жүйенің басты тұтынушылары кімдер деген сауалға жауап іздеп көрелік...

Тарихтан там-тұм
«Ақылды үй» тарихы ХХ ғасырдың ор­та­сынан бастау алады. Сол кезде бай аме­ри­калықтар өз өмірін қайтсем жайлы етем деп ойлана бастаған. Мұндай идея, не­­гізінен, Германияда туындаған кө­рі­не­ді. Өйт­кені ол елде электр энергиясының құ­­­ны тым қымбат. Яғни бұл – үйдің шы­ғы­­­нын азайту мақсатында жасалған дүние. Нақ­тырақ айтқанда, 70-жыл­дар­дың ба­сында Smart Home  термині пайда бо­лады. Ау­дармасы – жадысы бар үй. Бас­тап­қыда бұл жобаға қыруар ақша бө­лін­ген, өйткені ол өз шығынын көп еселеп қай­тарады деп ба­жайланған. Бұл жа­ғы­нан ғалымдар қа­телеспепті. Өздігінен ашы­латын есік пен ды­быстың шығуына қа­рай жарықтың өшіп-сөнуі секілді тех­но­логиялар көпті бер­тінге дейін таң­ғал­дырып келгені бел­гілі. Күн өткен сайын атал­ған жүйенің функ­­циясы көбейіп, жа­ңа техника мен тех­нология таңға­жа­йып­ты нақты өмірдің құ­былысына ай­нал­ды­ру­да.
Автоматтандырылған баспана несімен жайлы?
Жалпы, «ақылды үйде» барлық іс-әре­кет пультпен немесе ұялы телефонмен, тағы болмаса интернет арқылы басқа­ры­лып отырады. Мәселен, ав­то­мат­тан­ды­рыл­ған жылу жүйесі құрылғандықтан, жыл­дың мезгіліне қарай емес, үйдің «ауа ра­йы» бойынша бірқалыпты тем­пе­ра­тураны ұстау­ға болады.  Яғни мұндай жү­йені тұты­нушы жылуды қосып-өшіруге ба­сын қатыр­майды. Тек осы жылу жү­йе­сіне ене­тін бақылау тетігі арқылы үйдің ыл­ғалдылығын реттей алады. Әрі бұл жү­йе отбасы бүтіндей біршама уақытқа де­ма­лысқа сапарлап  кеткенде де өз тиім­ді­лігін танытады екен. Яки үйде адам бол­­мағандықтан, жылу жүйесі төмен тем­пе­ратурадағы үнемді режимге көшеді. Ал өз­дерінің қайтып келе жатқанын үй иесі ин­тернет немесе телефон арқылы алдын ала хабарласа, автоматты жүйе күні бұрын мұн­дағы тем­­пература мен ылғал­ды­лық­ты бұ­рынғы қалпына кел­тіріп қояды. Егер сіз үй­де бол­ма­саңыз, бірақ оны білдірткіңіз кел­­месе, бұл мәселені де «ақылды үй» ше­шіп бере алады. Мә­селен, күн сайын бел­гі­лі бір уа­қыт­та әр бөл­ме­де жарық жанып, му­зыка мен теле­ди­дар қосылып отырады. Мұның бә­рін сырт­тан қараған адам таймер арқылы істеп тұр­ғанын байқамай да қалады. Ал есі­гі­ңіз­ге біреу жақындаса, қа­баған ит ар­сыл­дап қоя береді. Бірақ бұл тек қа­на иттің дауысы екенін көбісі бай­қай бер­мейді.
Адамның қи­мы­лын се­­­зетін сен­сор­­лық мате­риа­лы бол­­ған­­дықтан, жарық беретін лам­п­а бөл­меде ешкім болмаса, өздігінен өшіп қалады. Бұл технология қазір елі­­міз­дің ірі қалаларының тұрғын үй ке­шен­деріне де орнатылған. Жарық шығы­нын үнем­деу үшін. Сондықтан ол оқыр­­­ман­дарымыздың көбісіне та­ныс болуы керек. Қо­жайынның таң­дауы бойынша белгілі бір бөл­ме­лердің есігі де өздігінен ашылып-жа­бы­лады.
Ғимарат сыртына орнатылған ба­қылау камерасы есігіңізге кім кел­генін, терезеден кім сығалағанын тір­кеп отырады. Ал үйдің құлпы бұ­зылған жағ­дай­да, жүйе ұялы те­ле­фо­ны­ңызға хабар­ла­ма жіберіп, өз­ді­гі­нен дабылды қосады. Осы­лайша бе­беу қақ­қан үйіңіздің өзге есіктері, тіп­ті те­резесі де тас-түйін бе­кітіліп қа­лады. Керек бол­са, ұрлыққа түс­кен­­дердің зәре-құтын қа­шы­рып, үйде адам­дар немесе жануарлар бар се­кілді түр танытатын түрлі дауыс пен ды­быс­тар да шулап қоя береді. Ар­найы қон­дырғылар әлгі құлып бұз­ғыш­тардың қай бөлмеге кіргенін, не істеп жат­қанын – барлық іс-қимылын тіркеп, те­ле­фо­ны­ңыз­ға немесе интернет арқылы сізге бір­ден хабарлап отырады.
Ең бастысы, автоматты түр­де үй­лес­ті­рудегі үнем үй­дің жалпы шығынының 15 па­­йызын қамтиды, соны тех­но­логиямен жаб­дықталған мұн­дай ғимараттың құны да на­рықтағы бағадан 10-15 па­йызға қым­бат болады.
Біздің нарықта «ақылды үй» жүйесін ұсы­натын он шақты ком­пания бар екен.
Ав­томаттандырудың басты мін­деті – үй­дегі қызмет көрсету жү­йесі жұмысын үйлестіру, электр энер­гиясын 40 пайызға дейін қыс­қар­ту, бір пультпен орта­лық­тан бас­қа­ру, нысанды телефон немесе ин­тернет кө­мегімен дистанциялық мо­ни­то­рин­гі­леу, қызмет көрсетуші адам­дар­дың са­нын қысқарту.

Шығынды қысқарту үшін қаншаға шығындалуымыз керек?
ТМД елдерінде баспананы автомат­тан­дырудың бір шаршы метрі 60-тан 120 евроға дейін барады. Жүйе функ­ция­ларының түрлілігіне байланысты оның құны да шарықтай береді. Сон­дық­тан бұл арада дөп басып бір цифрді атау қиындау. Бір нақтылығы, шағын авто­маттандырыл­ған жүйе қарапайым теле­дидардың, ал ірі­сі элиталы авто­кө­ліктің құнына тең келеді.
Соңғы жылдары автоматтандыру жүйе­сі қарқынды дамып келеді. Соған бай­ла­нысты бұл салада ұсынылатын өнім түрлері де молая түсуде. Бүгінгі күндері тек же­ке­меншік үйді ғана емес, тіпті бүтін коттеджді қа­лашықтар, мейманхана кешендері де ав­то­мат­­тан­ды­рылып жатыр. Қызығу­шы­лы­ғыңыз ар­тып, «ақылды үй» жүйесімен жа­қын та­ныс­қыңыз келсе, Алматыдағы «Дос­­­тық» мейманханасына қонақтап бар­са­ңыз болады. Мамандардың айтуын­ша, біздің елі­мізде осы мейманхана бү­гінгі автомат­танд­ырудың соны ере­жесіне сай толықтай жабдықталған. Сол секілді соңғы кездері Астана мен Ал­маты қала­ла­рының коттеджді қал­а­шық­тары да жо­ғары деңгейдегі ав­то­мат­тандырылған ком­муникациялық құрыл­ғы­лармен қамтамасыз етіліп жатыр екен.

Бір мысал
Бұл ретте америкалық миллиардер Билл Гейтстің сарайын мысалға келтіре кетейік. Мә­селен, коммуникация саласының падишасы жұмыстан келе жатып, өзіне ванна суын әзірлетіп қоя алады. Ол машинадағы немесе жұмыс бөлмесіндегі тетікті басса болғаны, фарфорлы ваннасы белгіленген температурада қажетті мөлшерде суға толады. Ал супер желдеткіші бөлмені ионмен зарарсыздандырып, ауасын тазалайды. Бәрінен бұрын, бұл сарайда қонақтарға ерекше құрмет жасалады. Егер қас қарая бастаса, зәулім ғимаратты аралап жүрген қонақты қозғалыстағы жарық толқын жетер жеріне жеткізіп тастайды. Ол айдың жарық сәулесі секілді әсер қалдырады. Сол секілді қонақ тұрып жүргенде, оның қалауы бойынша галограммалық визуалды кинофильм немесе жаңалықтар ауада онымен қалықтап бірге еріп жүреді. Яки қонақ дәретханаға барса да өзінің сүйікті бағдарламасынан ажырап қалмайды. Әрі мұнда келген адам зәулім ғимараттың кіре берісінде кодталған құрылғының тетігін басу арқылы өзіңізге ұнайтын музыкаға тапсырыс бере алады. Бейнеклип пен әуен ол адаммен үнемі еріп жүреді. Бір ерекшелігі, бұл әуенді тапсырыс берушіден басқа сарайдағылар естімейді де, көрмейді де. Бә­рінен бұрын, бұл жүйе үйге келген қонақтың талғамын есте сақтап, екінші рет кел­генде оның қалауындағы дүниелерді  қайталап бере алады. Гейтстің жеке аппартаментіне бө­тен ешкім кіре алмайды. Өйткені сарайда үй күтушісінен бастап, аспазшыға дейін ар­найы электронды рұқсат карточкасын ұстайды. Ол әр адамның шектеулі аймаққа енуіне ғана мүмкіндік береді. Ал қонақтарға арнайы төсбелгі әзірленеді.
Арсен Денисов, инженер:
– «Ақылды үй» жүйесін таңдауға келгенде, оның бағасына көп бас қатырудың қажеті жоқ. Бүкіл назарды инженерлік жүйе монтажы сапасына аударған жөн. Өйткені, мысалы, желіні орнатудағы инженерлік қателіктен дыбыс шыққанда жарық жанудың орнына, дәретханада су сылдырлап ағып жатуы мүмкін. Яғни аталған жүйе – өте сезімтал. Сондықтан ол тура нақтылықты қажет етеді. Егер сол жүйені орнатуда болмашы бір қателікке жол берілсе, оған жұмсаған ақшаңыз текке кетуі мүмкін.


Саман үйді жаман үй деп кім айтты?
Құрылыс жүргізуде саман кірпішке келгенде жаман ойлап қаламыз. Қыш жақсы ғой, саман кірпіш суға төзімсіз, үгіліп қалады деп. Сөйтсек қатты қате­ле­седі екенбіз. Керек десеңіз, біздің жаман де­ген саман кірпіш технологиясын аме­ри­калықтар баяғыда сертификаттап алыпты. Тіпті шетелдік ғалымдар бұл кірпіштің шикізаты – топырақ адам ағзасына басқа құрылыс материалдарына қарағанда кері әсер етпейтінін, керісінше жақсы жағы ба­рын анықтап, оған таза экологиялық өнім деп те баға берген. Яки шетелдіктер біз мен­сінбей жүрген саман кірпішті үйлердің дәуіріне қайта оралып жатқан секілді.
Адамның топырақтан жаралуы немесе туған жердің топырағын аңсау секілді ұғымдардан бұл екі сөз кіндігінің бағзыдан байланысы барын анық байқауға болады. Яғни адамзаттың жаратылысынан топы­рақ­қа қарсы иммунитеті бар. Демек, ға­лымдар саман кірпіштің денсаулыққа зиян әкел­мейтіндігі жағынан жаңылмауы тиіс. Бұ­дан қаланың силикат үйінде тұра­тын­дардан ауылда саман кірпішті баспанасы бар адамның денсаулығы әлдеқайда мық­тырақ деген қорытындыны да жасауға әбден болады.


Ал АҚШ-тың құрылыс стандарттары біз­ге қарағанда өте қатал. Осындай дең­гей­дегі америкалықтардың құрылыс са­ла­сында саман кірпіштен салынатын үй тех­нологиясы толықтай сертификатталған. Әрі оған таза экологиялық өнім сапасы бел­гіленген. Сондықтан бұл технология қол­данысы ол жақтағы шағын қалаларда жоғары сұранысқа ие көрінеді.
Шынымен де, соңғы кездері зиянды құ­рылыс материалдарының адам  аяғын ақы­ретке тез жеткізетін ауруларды көптеп туғы­затындығы анықтала бастағаннан ке­йін, дамыған елдердің аталған саласында та­за экологиялық өнімдер тұтынысы ке­ңінен етек алған. Демек, адам үшін ден­саулық маңызды десек, онда саман үйдің технологиясы ешқашан ескірмейді.
Топырақ пен сабанды суға бірге илеп жасалатын кірпіштен жер үй салу 5-10 есе ар­зан болады. Силикатқа қарағанда, мұн­дай үйлерде жылу көпке сақталады. Бө­л­ме­де қалыпты температу­раны ұстау үшін отын­ға да көп шығынданбайсыз. Өртке тө­зімділігі жоғары, ал жы­луды ұстауда ағаш үй үш есе, саман үй бес-алты есе тиімділік та­нытады екен.
Бәрінен бұрын, үйдің ауа ал­масу про­це­сі қалыпты бо­лады. Яки жазда салқын, қыс­­та жылы. Өйткені то­пы­рақ­тың тірі ағза ре­тінде өз­ді­гінен  «демалып тұратын» қа­­сие­ті бар. Зиянды заттар бөл­мейді. Мұн­дай үйлер 2-3 ға­сырға дейін шыдай бе­реді. Ал қираған соң, жоюды да қа­жет ет­п­ейді. Себебі онда хи­миялық улы зат жоқ.


Көз қысты, бармақ бастыға жол берілмесе, жаңа нысандардың сапасына бас ауыртпас едік

Меңлібай МЫРЗАХМЕТОВ, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, техника ғылымының докторы, профессор:
– Бұрын құрылыс са­ла­сында 27 мамандық да­йын­да­ла­тын. Ауылдық құ­­рылыс, өнер­кәсіп құ­ры­­лысы, аза­маттық құ­ры­лыс, әуе­жай, теміржол салу құ­­ры­лысы – бәрі-бәрі бөлек зерт­теліп, жеке-дара оқы­тылатын. Қазір соның бәрін әкелді-дағы «Құры­лыс» деген атаумен бір жүйеге түсірді. Соның сал­дарынан ком­му­нал­дық, су секілді басқа да шаруа­шы­лықтардың мамандары жойы­лып кетті. Сөйтіп, тоқырау орын алды, ескіні жа­ңа­лайтын білікті кәсіп иесі азайды. Сол себепті біз 2020 жылға  дейінгі Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты да­мыту туралы мемлекеттік бағдарламасында мамандар дайындаудағы жаңа білім классификаторына инженерлік желілер мен жүйелер деген бір саланы  енгізуді ұсындық. Біздің институт оның стандарттарын дайындап берді. Соған сәйкес былтыр осы мамандық бойынша кәсіп иелерін дайындауды классификаторға кіргізу туралы Үкіметтің қаулысы да шықты. Қазір осыған тәубе деп отырмыз.


Бүгіндері ғылыми-зерттеу институттары жоқтың қасы. Олар бұрынғы Кеңес үкіметі кезінде Мәскеуде, одақтас мемлекеттердің орталық қалаларында орналасты. Осыған байланысты да біз Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасына коммуналдық шаруашылылық бойынша ғылыми институт құрылсын деген ұсынысты да енгіздік. Ғылыми ин­ститут құрылса, са­рап­тама сапасы да жақ­сы болар еді.
Қалай дегенмен де, елімізде құрылыс са­ласына қыруар қаржы бөлініп жа­тыр, ма­ман­дарды да әзірлеп жатыр­мыз, барлық жағы жақсы, бірақ мәселе сол құрылыс ныса­нын алу мен өткізіп берудің қағаздық си­пат­қа ұласып кетуінде болып тұр. Көз қысты, бармақ бас­тыға жол беріл­ме­се, құрылыс сала­сын­дағы тәртіп қа­таң қадағаланса, жа­ңа нысандардың са­­пасына бас қатырмас едік.


Үнемшіл баспанаға аяқ басқанда
Ірі өндіріс ошақтарынан кейін елімізде электр қуаты мен жылуды көп тұтынатын – тұр­ғын үй секторы. Алдыңғысындағыдай мұн­­да да электр мен жылу шығыны шаш етек­тен. Аталған салада бұл мәселені да­мы­ған елдер баяғыда шешіп қойыпты. Соның ар­қасында олар бізбен салыс­тыр­ғанда, ком­му­налдық төлемдерге екі-үш есеге аз шы­ғын­далады екен. Әрине, қалай дер­сіз?.. Үнем­шіл үйлерді тұрғызу арқылы. Бұл ара­да биыл­дан бастап біздің үш қаламызда «пас­­сив­ті үй» деген атауға ие мұндай жа­ңаша си­­паттағы үйлер салына бастағанын баса ай­та кетелік. Демек, қазақстандықтар да үй шығынын үнемдеуді таяу бола­шақ­та нақ сезіне бастайды.
Пассив сөзінің аудармасы бейқам, селқос, әрекетсіз дегенді білдіреді. Ал пассивті үй қыста жылытуды, жазда сал­қындатуды қажет етпестен, адамға жай­лы температураны сақтай алуы қажет. Осыдан-ақ мұндай үйге кететін шығынның мардымсыз болатындығын аңғара беруге болады. Сондықтан тиімділігі жоғары бұл жоба еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында қолға алынған. Оған Ғаламдық экологиялық қор, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық істері агенттігі, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақ­стандық орталығы» АҚ, сондай-ақ БҰҰ Даму бағ­дар­ламасы мұрындық болып отыр.
Пассивті үйдің  артықшылықтары:
– сәулеттік-жобалау жұмыстарын оңтайландыру (үйдің терезелері оңтүс­тік­ке бағытталып, ағаш не өзге де заттар­мен көлеңкеленбеуі тиіс);
– сыртқы суықты тасымалдайтын құ­рылымдарды болдырмайтындай мүлтіксіз салынуы тиіс;
– үй ішіндегі терезеден түскен күн жылуының 50 пайызын іште қалдыратындай үш қабатты әйнек қойылады және оның арасы инертті газбен толты­рылады;
– суыққа төзімді есіктер қойылады;
– сыртқа шығарылатын ауаның 75 пайызының жылуын қайта пайдалануға мүмкіндік беретін желдету жүйесі пай­даланылады.
Құрылыс кезінде, негізінен, сапалы, тиімді инженерлік жүйенің соңғы үлгісі қолданылады.

Сырттағы жылуды ішке тартып алып, оны шығармайтындай тас-түйін технологиямен бекінген мұндай үйге, тіпті отынның да қажеті жоқ дерсіз. Алайда бұл үйдің көлемі жағынан шағын болатынын да ескерте кетелік.
Сынамалы жоба бойынша биыл мұн­дай құ­рылыс жұмыстары алдымен Астанада қолға алынған, кейіннен Алматы және Ақтө­бе қалаларын­да да ол өз жалғастығын таппақ. 


Құрылыс материалдарының зиянын білесіз бе?
Жаңа үй салып немесе пәтерді күрделі жөн­деуден өткізгеннен кейін иығыңыздан ауыр жүк түскендей болатыны анық. Алайда жаңаладым де­генмен, үйін денсаулыққа зиянды етіп жат­қанын бізде бірі білсе, бірі біле бермейді. Жалпы, эко­логиялық таза құрылыс материалдарын пай­далануға қоғам соңғы кездері ғана көңіл бөле бас­таған. Онда да адамдар бас ауруы, көздің қы­шуы, жүректің айнуы секілді шағымдармен дә­рі­гер­лердің қарауына көп бара бастағаннан кейін. Анық­талғандай, бұл науқастарға ортақ нәрсе – бә­рі де жаңадан салынған немесе таяуда ғана күр­делі жөндеуден өткен баспанасының бар болуы.
Мамандардың бағалауынша, тұрғылықты жай ішіндегі ауа кей кездері сырттағыдан екі-төрт есе лас бо­лып шығып жатады.  Әрі 80 пайыз химия­лық улы зат құрылыс материалдарымен үйімізге еріп ке­леді екен. Мәселен, бетон, қыш кірпіш немесе ке­рамика металлургиялық және химиялық өн­діріс қалдықтарынан дайындалады екен...
ЛИНОЛЕУМ
Еденге төсейтін ең арзан жабынды. Одан шығатын бензол мен этилбензолдың иісі де ащы. Көбіне қан бұзылуы ауруларына әкеліп соғады. Ксилол мен толуол секілді химиялық қоспасы өкпе мен теріге де тез кері әсер етеді. Жылу ба­та­реясы астындағы линолеум қызған кездегі иісі бас­ты ауыртып, аллергияны қоздырып, тыныс алу жү­йесін бұзады.
ЛАК, БОЯУ, ЖЕЛІМ
Бұл материалдардан міндетті түрде ксилол мен толуолдың иісі бұрқырап, ағзаға зиянын ти­гі­зеді. Басты ауыртып, жүректі айнытады, адам­ның тамаққа зауқы соқпай қалады.
ТҮСҚАҒАЗ
Бүгіндері сәнге айналған ылғалға төзімді (жуы­латын) түсқағаздар денсаулыққа аса зиянды, одан синтетикалық полимер өндірісінде пай­да­ла­н­ылатын стирол сынды улы зат бөлініп шығады. Ол көзді қышытып, мұрын мен тамақтың сілекей бө­лу жұмысын бұзып, басты ауыртып, тіптен тал­дырып құлатады.
ЖИҺАЗ
ДСП-дан жасалған шкафтар – ғимарат ауа­сын лас­­таушылардың бастысы, формаль­дегидті та­ра­тушы. Формальдегид – потенциалдық кан­цероген мұ­рын мен тамақ ісігіне әкеп соқтырады.
СИЛИКАТ КІРПІШ, ФОСФОГИПС
Бұл құрылыс материалдары инертті радиоак­тив­тік газ – радонның қайнар көзі. Ол адам ағза­сы­на түскенде тыныс алу органының ішкі ткан­де­рін бүлдіріп, микрокүйік тудырады. Радонмен улан­ған адамдардың көбісі өкпе ісігіне бейім ке­леді.
ШЫНЫ МАҚТАСЫ
Жылы жабынды ретінде таптырмайтын дүние. Бірақ оның ыдырап, уатылуы тез, сон­дық­тан үйді жылы ұстағыш қызметінің мерзімі шек­теулі. Бәрінен бұрын, ол уатылған соң жағымсыз иіс шығара бастайды. Аллергияны қоздырып, бас­ты ауыртады. Сондықтан оның орнына тас не­гі­зін­дегі минералдық мақтаны пайдаланған жөн.  Жан­байтын, өрт болған жағдайда улы зат бөл­мей­тін бұл материалды көбіне балалар, сауықтыру ғи­мараттарына пайдалануға кеңес беріледі.

Маман кеңесі
1. Шамаңыз келсе, құрылыс ма­териалдарын базардан гөрі, арнайы дү­кеннен сатып алуға тырысыңыз. Сатушыдан сапа сертификатын көрсетуді сұраңыз.
2. Линолеум орнына ламинат, ең дұрысы паркет төсеген дұрыс. Әсіресе балалар және жатын бөл­месіне келгенде, үнемдеудің қажеті жоқ. Ал түсқа­ғаз­­дардан қағаз түріндегісін таңдаған жақсы болады. 3.Водоэмульсиялық, алкидтік, латекстік немесе пол­и­эфир­лі бояулар тиімді. Өйткені олар демде кеуіп, бөлетін зиянды зат­тары да тез жойылып кетеді. Бояуды жаққанда да оның мей­лінше жұқа болғанын қадағалаған дұрыс.
4. Күрделі жөндеуден соң бөлмені көпке дейін әр жар­ты сағат желдетіп отыру керек.
5. Ал бөлмедегі бөтен жағымсыз иіс ұзаққа сақталып, ма­заңызды алып жатса, онда отбасыңыздың денінің сау­лығы үшін экологиялық сараптама жасатқаныңыз дұ­рыс. Қазір салалық ғылыми-зерттеу институттары жа­нында осындай қызметпен айналысатын ме­ке­мелер бар. Әрі олар мұндай жағдайда қайт­­кенде дұрыс шара қабылдау ке­рек­­тігі жөнінде кеңес бере алады.


ТМД-да тұрғын үй кешендері өздігінен қирап жатыр...
Қазақстан
Биылғы сәуір айында Қарағандыда үш жыл бұрын үлескерлердің қаржысына салынған «Бесоба» кешеніндегі бес қабатты үй бір сәтте қирандыға айналды.
Осы апатты жағдай бойынша құрылған мемлекеттік комиссия құрылысты жүргізу кезінде инженерлік-геологиялық мәліметтердің жеткіліксіз болғанын, жобалауға тиісті лицензиясы жоқ ұйым тартылғанын, ал үйдің іргетасын құю жұмыстары сапасыз орындалғанын анықтаған. Комиссия ұйғарымына сәйкес, қираудан келген залалдың мөлшері шамамен 545 миллион 300 мың теңгені құрайды. Қираған үйді салған мердігерлік құрылыс ұйымына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Соңы ауыр зардаптарға әкеп соққан келеңсіз құрылыс» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ үйді қабылдаған мемлекеттік комиссия мүшелері мен төрағасы да қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.
Алдында «Бесоба» тұрғын үй кешеніндегі бес қабатты №7 үйдің іргетасынан шатырына дейін 10-нан 15 см-ге дейін жарықшақ түсіп, ғимарат сыр бергендіктен, тұрғындар бұл арадан түгелдей көшірілген. Соның арқасында адам шығынына жол берілмеді.

Ресей
Мәскеуде  биыл 14 сәуірде «Грейфер» сынақ жасайтын тәжірибелік зауытының терри­то­рия­­­сында салынып жатқан жеті қабатты ғи­марат бір демде қирандыға айналған. Басты се­беп – құрылыс нормаларының өрескел бұ­зылуы. Ал жергілікті билік тіптен жабық тер­риторияда болғандықтан, бұл нысанның тұр­ғызылып жатқандығынан хабарсыз екен­дік­терін, оларға қандай да бір рұқсат құжатын бермегенін айтқан. Төтенше оқиға орын алған бұл жерде бір адам мерт болып, тоғызы ауыр жарақат алған. Оның басым бөлігі – ТМД ел­дерінен келген құрылысшылар. Құлаған құ­рылыс «Горизонт» жылжымайтын инвес­ти­ция­лық жабық қорының меншігіне тиесілі екен.

Украина
Таяуда Украинаның Луцкі қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бір қабырғасы опы­рылып түскен. Салдарынан сегіз пәтер қи­рап, екі адам көз жұмған. Кеңес дәуірінің соңғы жылдары салынғандықтан, бұл апатты үйлерге де жатпайды екен. Сон­дық­тан мамандар бұл жайттың мәнісін бірден түсіне алмаған. Тексере келгенде, қиранды, негізінен, жатын емес, қонақ бөл­мелерден бастау алған. Яғни жергілікті билік – архитектуралық мекеме бұл үй тұрғындарына пәтердің басты сызбасын өзгертіп, ішкі қабырғаларды бұзып, өзгеріс жасауға рұқсат берген. Сол себепті қазір жергілікті шенеуніктердің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Бетті дайындаған Кәмшат Сәтиева

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста