26 мың айыптымен 15 сот орындаушысы қалай күреспек?

26 мың айыптымен 15 сот орындаушысы қалай күреспек?

Бүгінгі күні Алматы қаласында әрбір үшінші көлік иесі – борышкер. Жол ережесін жиі бұзып, көшедегі видеоқондырғылардың «қырағы көзіне» түсіп, жол полициясы қызметкерлерінің ала таяғына ілініп қалатын көлік жүргізушілер айыппұл төлеуге асықпайтын көрінеді. Бүгінде олардың саны 26 мыңға жеткен. Сондықтан айыппұл төлеуге асықпайтындардың ісі сотта қаралып, қарызын мәжбүрлеп төлетіп алу туралы сот шешімі шыққан. Енді қарызын төлемей қашып жүргендермен сот орындаушылары айналысады. Алдағы уақытта мұндай істердің қатары тіпті өсе түсуі әбден мүмкін. Өйткені заңға бағынбаушылардың аптасына бес мыңнан астам ісі тіркеледі екен. Ал оларды қарап, сұрыптап, сот шешімін жүзеге асыратын қала бойынша бар болғаны 15 сот орындаушысы ғана бар.
Алматы қаласы – еліміздегі ең көлігі көп қала. Тиісінше мұнда жол ережесін жиі бұ­зып, айыппұлды уақтылы төлемей, қа­рыз­­ға белшесінен батып, қашып жүрген­дер­дің қарасы да көп. Ал олардан айыппұл өндіретін сот орындаушыларының саны аз. Жалпы, бүгінгі күні оңтүстік астанада 26 мың­нан астам көлік жүргізушісі бюд­жетке 35 миллион теңгедей айыппұл тө­леуі тиіс. Алайда сот актілерін орындау де­пар­таментінің қызметкерлері «олардың бәрі­мен айналысып, айыппұлдарын тө­летуге физикалық тұрғыдан үлгермейміз, күші­міз жетпейді» дейді.
Ұлан СӘМБЕТБАЕВ, Алматы қалалық Сот актілерін орындау департаменті әкімшілік айыппұл өндіру бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы: 
– Алматы қаласы бойынша жол-көлік ережесін бақылайтын 500-ден астам жол полициясы қызметкері бар. Алматы қаласында көліктердің көп болуына бай­ланысты жол ережесін  жиі бұзатындар саны­­ның көп болуы – заңдылық. Соған сай жол полициясының қызметкерлері де жиі хат­тама толтыруға мәжбүр. Оған көшедегі тәр­тіпті бақылайтын видеоқондырғыларды қосы­ңыз. Видеоқондырғыларға жазылып қал­ған жол жүру ережесін бұзу фактілері­мен қатар, жол полициясы қызметкерлері­нің толтырған хаттамасы жиналып қалады. Нә­тижесінде аптасына мыңдаған іс тірке­л­­еді. Әйтсе де біз 26 мыңнан астам көлік жүргізушінің бәрінің ісімен айналысып, айыппұлын төлетуге физикалық тұрғыдан үлгермейміз. Аптасына үш рет жол поли­ция­сы қызметкерлерімен бірге көшелерге рейдке шығып, қарызы бар жүргізушілердің көліктерін жол полициясының арнайы жабдықталған көлігіндегі қондырғының көмегімен сүзгіден өткіземіз.

Бірнеше рет ескерту жіберіліп жатса да, жүргізушілер көп жағдайда айыппұлды ерік­ті түрде төлемейді. Бірінің көлігі өзге аза­маттың атында болса, енді бірі көрсетіл­ген мекенжайда тұрмайды. Сондай әртүрлі се­бептермен айыппұл уақытында өн­діріл­мейді. Мұндайда рейдке шығу сот ше­ші­мін орындаушылар үшін ең тиімді тәсіл болып тұр. Көлік жүргізушісі 30 күн ішін­де айыппұлын төлеуі тиіс. Егер аталған уақыт ішінде айыппұл төленбесе, онда іс сот актілерін орындау басқармасының  әкімшілік айыппұл бөлімінің қарамағына өтеді. Олар арнайы рейдтер ұйымдастыру арқылы көшедегі берешегі бар көліктерді іріктейді. Рейд барысында арнайы қон­дыр­ғысы бар жол полициясының көлігі ар­қылы көшеде кетіп бара жатқан мәшине­нің нөмірі мен оның иесінің берешегі бар-жо­ғын анықтайды. Бірнеше рет ескерту ба­ры­сында көлік жүргізушісі айыппұлын төлемей және айыппұл мөлшері күрт көбейген жағдайда көлік жүргізушісінің мүлкі уақытша тәркіленіп, айып тұрағына әкетіледі. Сондай-ақ жақында борышкер көлік иелерінің көбеюіне байланысты қо­ғам­дық жиындарда айыппұлды терми­нал­дар арқылы өтеу, жол ережесін бұзу бойы­на айыппұлын дереу төлеген жағдайда айып­пұлдың 50 пайызын төлеу секілді пікір­лер де айтылып қалды. Мұның бәрі – борышкер көлік иелерін ынталандыру мақ­сатында айтылып жатқан ұсыныстар.
Жүргізушілер көбіне бағдаршамның қызыл шамынан өтіп кету, шектеу сызығын басу, үзіксіз екі жолақты жолды кесіп өту, тыйым салынған жерге тоқтау секілді ережелерді бұзатын көрінеді. Мамандар жол-көлік апатының бір себебі жүргізуші­лер­дің жол ережелерін сақтамауында екен­дігін айтады.  Жыл басынан бері оң­түс­тік астанада ірілі-кішілі 2 мыңға жуық көлік апаты тіркеліпті. Соның салдарынан 44 адам өмірімен қош айтысса, 2,5 мың адам түрлі дәрежеде жарақат алған.  Сон­дықтан  мамандар «жүргізушілерді тәртіп­ке бағындырудың бір жолы – айыппұлды арт­тыру» дейді. Ал сот орындаушылар бол­са, борышкер жүргізушілерден айып­пұл­ды өндіру үшін сот орындаушы ма­мандар санын арттыру қажет екенін алға тартып отыр.
Марат МЫРЗАБАЕВ, Алматы қалалық Сот актілерін орындау департаменті әкімшілік айыппұл өндіру бөлімінің бастығы: 
– Қазіргі таңда ең басты мәселе сот орындаушыларының аздығы болып отыр. Сот орындаушылары жетіспегеннен кейін борышкер көлік иелерінің саны артып барады. Сондықтан тиісті орындар елімізде көліктердің көбейіп келе жатқанын ескере отырып, сот орындаушыларының санын арттыруға көңіл бөлсе екен. Көбінесе аза­мат­тар айыппұлдары бар екенін біле тұра, төлемейді. Қарызды қайтару үшін біз әр­түрлі іс-шараларды пайдаланамыз. Соның бірі – рейдтер ұйымдастыру.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста