1,3 млн теңге: Қайтарымсыз грант алуға өтініштер қабылданады
20 ақпанда business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға өтінім қабылдау басталады., - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Мемлекеттік грант сомасы – 1 млн 380 мың теңге.
Ел бойынша бірінші ағында (20.02.2023-03.03.2023 аралығында) 2577 грант беру жоспарланып отыр.
Қайтарымсыз қаржы алуға кімдер үміткер бола алады? – тіркелген жұмыссыздар; – жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).
Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болуы керек:
Мүгедектігі бар адамдар;
Қандас мәртебесін алғандар;
Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері;
Аз қамтылған отбасылардың мүшелері;
Көпбалалы отбасының мүшесі (жұбайы, зайыбы);
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар (жұбайы,зайыбы);
Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатындар.
Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты болуы тиіс.