Ұлу жылнамасы
Ұлу жылы табалдырық аттады. Қазақ Ұлуды жаман жыл демейді. Тарихымызға бұл жыл саяси маңызды өзгерістерімен, ұлт-азаттық қозғалыстарымен және басқа да ұлы бастамаларымен таңба қалдырған. Назарларыңызға қазақ тарихындағы ұлу жылдарында болған оқиғалар тізбегін ұсынамыз.
1580
Қазақ елінің билігіне Шығай хан келді.
1616
Орыс билігі қазақтың «қанішер Абылай» атанған ханы – Абылай Уәлибақыұлымен Сібірде қазақтардың емін-еркін сауда жасауына рұқсат беру жөнінде келіссөз жүргізді.
1628
Есім хан қайтыс болып, Қазақ хандығы билігіне Салқам Жәңгір келді.
1640
Жалаңтөс Баһадүр жоңғарлардың Батыр қонтайшысының 50 мың қолын талқандады.
1652
Қазақ-жоңғар арасында үшінші сұрапыл соғыс өтіп, Жәңгір хан мен оның әскерлері қаза тапты.
1676
Қазақтар Бұқар хандығы тағы үшін соғысты.
1688
Қазақтың қызы, жоңғар қонтайшысының әйелі Жұмақас батыр Ақтайлаққызы Моңғолияға соғыс бастады.
Қожаберген жырау Қазақ ордасының бас қолбасшысы болып сайланды.
1700
Жаңа жылды қаңтардың бірінде әшекейлі шыршамен тойлау дәстүрі Ресейге келді.
Қазақ халқын бірлікке үндеген мемлекет қайраткері Әйтеке би Бәйбекұлы өмірден өтті.
1712
Ресейдің отарлық саясатына қарсы күрескен батыр Сырым Датұлы дүниеге келді.
1724
Түркістанда қазақтың қас батыры Қабанбай хан сайланды.
Әбілқайыр мен Сәмеке хандар басқарған батырлар қасиетті Түркістанды жау қолына бермеу үшін жанталаса күресті.
1736
Әбілқайыр хан ордасына ағылшын суретшісі, жиһанкез Джон Кэстль келіп, оның әйгілі портретін салды.
1748
Әбілқайыр хан Барақ сұлтанның қолынан қаза тауып, билікке Нұралы хан келді.
1760
Патшалы Ресей қазақ жеріне казактарды қоныстандыру саясатын бастады.
Абылай мен Әбілмәмбет хандар Цинь императоры Цяньлуньмен келіссөз жүргізіп, қазақтардың шекаралық аймақтарға қоныстануына жол ашты.
1784
Сырым Датұлы бастаған қол Нұралы ханға шабуыл жасады.
1796
Нұралының ұлы Есім Кіші жүз ханы болды.
Халықтың есінде қалған қысқы сұрапыл жұт болды.
1808
Ташкентті басып алған Қоқан ханы Әлім Ұлы жүз қазақтарын өзіне бағынышты етті.
1820
Хиуа ханы Мұхамед-Рахым 2000-ға жуық қазақ ауылын талқандады.
1832
Есіл жағалауындағы Қараөткел шатқалында Ақмола сыртқы округының іргесі қаланды.
1844
Орынборда қазақ балаларына арналған жетіжылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітілді.
Жәңгір хан Қазан университетінің құрметті мүшесі болып сайланды.
1856
Жанқожа батыр бастаған Сыр қазақтары көтеріліске шықты.
Шоқан Уәлиханов Ыстықкөл әскери-ғылыми экспедициясына қатысып, қырғыз елін зерттеді.
1868
Патша өкіметінің қазақ халқын ашындырған «Уақытша ережесі» қабылданды.
Алматы қаласы (Верный) құрылысының алғашқы жоспарының жобасы жасалды.
1904
Қазақтың ұлы ойшылы, бас ақыны Абай Құнанбайұлы өмірден өтті.
1916
Елімізде патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыс болды.
Омбыда қазақ жастарының жасырын ұйымы «Балапан» журналын шығарды.
1928
Қазақ елі экономикасында алғашқы бесжылдық жоспар пайда болды.
Қазақ байларының мал-мүлкі тәркіленді.
Қазақ зиялысы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлы Орынборда қазақтың төте жазуының алынып тасталғанына наразылық білдіріп, мәлімдеме жасады.
Елімізде тұңғыш жоғары оқу орны – Алматыдағы Қазақ педагогикалық институты ашылды.
Қызылордадағы қазақ драма театры Алматыға көшірілді.
1940
Қазақ тілі кириллицаға көшірілді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмірге келді.
1952
Мыңдаған қазақ Үндістанға, Пәкістан мен Түркияға қоныс аударды.
Қазақтың белгілі тарихшысы Ермұқан Бекмаханов тұтқындалды.
1964
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.
Семей ядролық полигонында сынақ жер астында жасала бастады.
1976
Қазақтың әйгілі әншісі, халық әртісі Роза Рымбаеваның шығармашылық жолы басталды.
1988
Қазақ ғұламасы, ақын, аудармашы, тарихшы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі ақталды.
2000
Қазақстанның сыртқы саясатының жаңа тұжырымдамасы бекітілді.
Астанада Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды.
Сиднейде өткен XXVII жазғы Олимпиадалық ойындарда Қазақстан құрамасы үш алтын, төрт күміс медаль алды.