Пианистердің VI халықаралық конкурсы өтеді

Алматыда пианистердің халықаралық конкурсы алтыншы рет өткелі отыр. Биыл байқаудың алғашқы жүлдесі – 20 мың доллар.
VI халықаралық конкурс қарашаның 15-23-і аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен залында өтеді. Оған жеті елден 18 бен 32 жас аралығындағы өнерпаздар қатысады. Байқау үш кезеңнен тұрады: жеке орындау, камералық орындау және оркестрмен бірге шешуші нөмір. Сайыс­керлерден Сергей Рахманинов, Фре­дерик Шопен, Ференц Лист, Йозеф Гайдн, Вольфганг Амадей Мо­царт, Людвиг ван Бетховен, Франц Шуберт, Феликс Мен­дель­сон, Иоганнес Брамс және басқа да әйгілі композиторлардың шығар­ма­ларын орындау талап етіледі. Жас пиа­ни­но­шылардың өнерін ҚР Халық әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консер­ва­ториясының ректоры Жәния Әубәкірова бастаған қазылар алқасы бағалайды. Қазылар құрамына АҚШ, Жапо­ния, Гер­мания елдерінен келген музыканттар да еніп отыр. Байқау сындарын консер­ва­торияның ресми сайтынан онлайн тамашалауға болады. Жеңімпаздар қара­шаның 23-і күні сағат 19:00-де анықталады. Ұйымдастыру комитеті үш жүлде мен үш арнайы диплом әзірлеп отыр. Бірінші жүлде – 20 мың доллар, екінші жүлде – 10 мың, үшін­ші жүлде – 5000 доллар. Арнайы дип­ломдар­дың сыйақысы – 1000 доллар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста