Өз ақшамда әкеңнің ақысы бар ма?

Өз ақшамда әкеңнің ақысы бар ма?

Ауылдың әкімі Қыстаубай Қоқымның туған нағашысы болатын. Әкім мұны жиенім деп еркелетпейді, табыс тап деп, қайда ауыр жұмыс болса, мұны жұмсайды. Үлкен шаруашылықтың жұмысы да ауқымды. «Қоқа, құмға бар» дейді. Әкімнің айтқаны заң, бұл құмға барып, ала жаздай малшылардың үйін, қора-қопсысын жөндейді. «Қоқа, жайлауға бар» дейді. Бұл жайлауға барып, малшыларға құдық қазады. Қорасына жем-шөбін түсіріп береді. Ашушаң шопандар суатқа таласып төбелесіп қалмасын деп, әрқайсына жеке-жеке құдық қазып береді. Жем-шөпті де қылдай бөліп тең түсіреді. Сөйтіп жүріп үйіне бір дорба жем алмайтын адалдығы бар. Ал әкімнің үйін ұмытпайды. Көзді ала беріп, бір мәшине шөп, он қап жемді ешкімге көрсетпей түсіріп беруге шебер. Құмнан қайтқанда бір тележка сексеуілді әкімнің үйіне ала келеді. Өз балалары суық үйде қалтырап отырады.

Осылайша, ойға-қырға шапқылап жүрген кезінде кейде өз әйелінің атын, балаларының түрін де ұмытып қалады. Бірде Қатира екен деп, соған ұқсастау балдызының о жер, бұ жеріне қол жүгіртіп, мықынынан мытып, масқара болған да жайы бар. Қым-қуыт шаруадан қолы босамай, үй бетін көрмей кететін кезі көп. Әбден қалжырап келіп төсегіне құлай кететін Қоқаң кейде осынша балаларды қалай туғызып үлгердім деп өзі де таңғалатын. Қоқаң көп жұмыс істеп, көп ақша тапқан соң үй іші тоқ болатын. Сол тоқтықтан ба, Қатира өнімді көп беретін әйел еді. Қыстың суығына, жаздың аптабына қарамай қара домалақтарды қаптатты.

Бір күні әкім мұны шақырып алып, ерекше тапсырма берді. Әр малшыға қосып қойған қыруар қойы, жылқысы, түйесі, сиыры бар екен. Қоқым соларды ел көзіне түсірмей, әкімнің басқа ауданда тұратын қайнысына айдап апарып берді. Сырға берік Қоқым мұны Қатираға да айтқан жоқ. Әкім «кейін бұл жақсылығыңды ұмытпай, қайтарамын» деген.

Соңғы кезде екі рудан тарайтын ауыл адамдары екіге жарылды. Әкімнің үстінен мектеп, монша, балабақша, көпір, клуб салуға бөлінген ақшаны асап қойды деген арыздар жоғарғы жаққа қарша борады. Ол ақшаны жеді ме, жемеді ме, ол жағы белгісіз, бірақ аталған құрылыстардың бірде-біреуі салынған жоқ.

Әкім бір түнде жоқ болып кетті. Айызы қанған біреулер «Қыстаубай ұсталып, сотталып кетті» десті. Бұған Қоқым қатты қапаланды. Нағашысы барда әжептәуір тұрмысы бар еді, ол кеткен соң жаңа әкім мұның көзіне көк шыбын үймелетті. Жұмыс бермей сандалтты. Қолындағы азын-аулақ малын сатып бітірді. Енді не істеймін деп сасып жүргенде жақсы хабар жетті. Нағашысы мұны ұмытпапты, отбасымен Алматыға көшіріп алды. Нағашысы сотталмапты, қайта жағдайын жақсартып алыпты. Жаңа жекеменшік фирма ашыпты. Өзі хан сарайындай үйде тұрады екен.

– Жиен, менің фирмама қоймашы әрі күзетші бол, – деді нағашысы. – Мен үшін сені қуғынға салғанын естідім. Олардың әлі-ақ сазайын беремін. Бұрынғы қоймашылар ашкөз оңбағандар болып шықты. Біраз затымды тонап қашып кетті. Маған сен сияқты сенімді адам керек. Қоймадан бір тал шырпы шашау шықпайтын болсын. Ал әйеліңді кеңсе сыпырушы етіп орналастырамын. Екі айлық аласыңдар. Оның міндеті – бөлмелерді тазалаған болып жүріп, елдің мен туралы айтқан өсек-аяңына құлақ түру. Соларды маған жедел түрде жеткізіп тұру. Түсінікті ме?

– Мақұл, – деді анау-мынау емес, алматылық болып айды аспаннан шығарғанына қуанып жүрген Қоқым. – Сіздің мүлкіңізді көзімнің қарашығындай сақтаймын. Күндіз қойманың сыртын күзетемін. Түнде ішінде жатып қарауылдаймын.

– Түнде әйелің жалғызсырамай ма? – деп әзілдеді нағашысы.

– Жалғызсырамайды, ол менен туатын балаларын туып болған, – деді Қоқым өзінің бірбеткей мінезіне салып.

Сонымен, Қоқаң алматылық, оның үстіне, білдей бір фирманың қоймашысы һәм қарауылы болып жүріп жатыр. Қатираға мақтанып алатын кездері де жиі кездеседі. Ауылдың «анау өйтіп қойыпты, мынау бүйтіп қойыпты» деген құлақты сарсытқан негізсіз жалаңбұт өсегінен жалыққан жұбайы да қаланың өсегі қандай болады екен деп естуге құмартып, ол да мәз-мәйрам болып жүр.

Бүгін Қоқаңның үйінде үлкен қуаныш. Қатира алғашқы айлығын алыпты. Қытайдың жайма базарынан алып келген киімдерді көріп, балалары шаттыққа бөленіп жатыр.

– Сен де банкоматқа барып айлығыңды ал, – деді әйелі сонау бір қылтың-сылтыңы басылмаған кезіндегі ойнақы мінез, жайдары жүзімен наздана күлімдеп.

– Қазір барамын, – деді Қоқаң, – сен мен келгенше қойманы күзет. Кірген-шыққан адамдардың бойын тексер. Ұялма, әйелдердің төс қабына, еркектердің ауына дейін көз сал. Байқа, осыдан бір сабақ жіп жоғалатын болса сазайыңды беремін.

Әйеліне қатаң тапсырма берген Қоқаң банкоматқа қарай асыға жөнелді. Ақша беретін нән қара жәшіктің алдында жалғыз кемпір тұр екен. Ауылдағыдай алты сағат сарыламын ба деп еді, мұнысы жақсы болды. Дереу қалтасынан есеп карточкасын, шатауат қыз жазып, сызып берген қағазын алып қайта-қайта оқыды. Ол бұрын мұндайды көрмеген. Ақшаны адам емес, жансыз жәшік береді дегенге сенбейтін. Енді, міне, сол шындыққа айналып отыр. Ол тілдей тесікке карточкасын сұғып жіберіп, суретте көрсетілген түймелерді бірінен соң бірін басты. Соңғы түймені басып қалып, үлкендеу тесікке алақанын тосты. Бұл қанша тосса да ақша шықпады. Түймелерді қате тердім бе деп қағазына қарап тұрып, қайта тере бастады. Қара жәшік «сауатсыз неме, бұл саған деревня емес, түймелерімді дұрыстап бас» дегендей мелшиіп тұр. Қанша айналдырса да, қара жәшіктің ақша беретін түрі жоқ. Білетін біреуге ақысын беріп бастырайын десе, анау жұтып қойған карточкасын да бермей қойды. Қоқаңның ашуы алқымына тығылды.

– Қарабет қара дүлей, жаңағы өлмелі кемпірге ақшасын бересің, ал менікін неге бермейсің? Әлде әкеңнің ақысы бар ма? – деп қара жәшікті қырық жетінші размерлі бәтеңкесімен теуіп-теуіп жіберді. – Әлде мені қорсынып тұрсың ба?

Сол сәтте бір әлеуетті қол желкесінен алып етпетінен түсірді. Сірә, күзетші болар, белінде тапаншасы бар.

– Тырп етпей жат, – деп ақырып қалды да, қолын артына қайырып кісендеп тастады. Сөйтті де, қолындағы қобдишасына аузын тақап: – Алло, бұл банктен ғой. Мен қазір банкоматты бұзып ақша тонамақ болған бандитты ұстадым, – деді жерден жеті қоян тапқандай.
Өзі Қоқымды аямай бүйірден теуіп қалды.

– Тыныш жат, қозғалсаң, атып тастаймын!

Сол, сол-ақ екен, полиция формасын киген бірнеше адам арсы-күрсі кіріп келді. Келді де, жағадан алып сүйреп, арт жағынан тепкілеп отырып көк белбеулі мәшинеге мінгізді. Боқ басында сотталып кететін болдым-ау деп Қоқымда зәре жоқ. Қу жәшікті неменеге тептім екен? Ол бәрібір ештеңені түсінбейді ғой. Осы ұшқалақ мінезімнің сазайын бір тартармын деп жүруші ем... Сол айтқаным келді. Ауылдағылар «Қоқым банкті тонап, адам өлтіріп, өмір бойғы жазаға кесіліп кетіпті» деп көпіртетін болды-ау. Тағы неше саққа жүгіртетін шығар. Әй, аңғал, ақымақ басым-ай! Екі полиция Қоқымды желкеден түйгіштеп, тепкілеп отырып ұзын коридормен алып келіп тергеушінің кабинетіне итеріп кіргізді.

– Банкоматты бұзып тонамақ болған бандит сіздің алдыңызға жеткізілді, – деді ұзынтұрасы оқтау жұтқандай сіресе қалып. – Оқиға болған жерден қару табылмады.

– Сендер боссыңдар, – деді жай киім киген тергеуші. Ол қырықтар шамасындағы қол-аяғы балғадай еңгезердей еркек екен. «Япыр-ай, ана күрзі жұдырығымен ұрса, жанымды жаһаннамға жіберетін шығар» деп ойлады үрейі ұшқан «тонаушы». Бірақ тергеуші аналардай әпербақан емес екен, бас салып сабаған жоқ.

– Отырыңыздар, – деді сыпайы сөйлеп. – Кімсіз, құжаттарыңызды әкеліңіз.

– Құжаттарым үйде еді, – деді Қоқым көңілі орнына түсіп, – әншейін банкоматтан айлығымды алайын деп асығыс шыға салып едім.

– Қылмыскердің барлығының айтар өтірігі алқымында тұрады. Одан да шыныңызды айтыңыз. Бұл сіздің тонамақ болған нешінші банкіңіз? Сообшниктеріңіз кім, аттарын атаңыз. Тергеу ісіне көмектессеңіз, жазаңыз жеңілдейді. Айтпай қырсығатын болсаңыз, тоналған жеті банктің, өлтірілген екі адамның кінәсін жалғыз өзіңіз арқалап, жиырма бес жылға кетесіз, – деді тергеуші енді түсін суытып.

– Ойбай, қарағым, өмірімде біреудің ала жібін аттаған, тышқан мұрнын қанатқан адам емеспін. Тонау деген ойымда да болмаған. Ақшамды бермеген соң ақымақтықпен теуіп қалғаным рас. Анада тиынымды жұтып қойып мелшиіп тұрған газды су автоматын бір періп қалып едім, су ете қалған. Бұл да сөйтеді екен деп...

Сол кезде тергеуші көмекшісін шақырып алып, өзі берген адресі бойынша Қоқымның үйін тінтіп келуге бұйрық берді.

– Ал, ойдан шығарған аңызыңды айта бер, – деді тергеуші бірден «сенге» көшіп. – Өтірігіңнің өрге баспайтынын алдын ала айтып қояйын. Қарасай батыр көшесіндегі банкоматты тонауға қанша адам қатыстыңдар және басшыларың кім?

Тергеу үстінде Қоқым үш рет талып, үш рет есін жиды. Тергеуші айтқанға сенбейтін нағыз безбүйректің өзі екен. Егер осы тұста кабинетіне Қыстаубай кіріп келмегенде, жағдайы мүшкіл еді. Қыстаубайды көре салып, тергеуші орнынан атып тұрды.

– Ау, ау, Қыстеке, жол болсын, келгеніңізге қуаныштымын, – деді тергеуші құрақ ұшып.

– Бәрін естіп келдім, – деді Қыстаубай амандасып болған соң. – Бір қателік болған, бұл ауылдан келген қараңғы қазақ, менің жиенім. Менің «Қыстаубай – Тауэрс» деп аталатын фирмамда қоймашы болып істейді. Ең сенімді адамым – осы. Заң сенің қолыңда, мұны ада-күде босатып жібер. Анадағы шаруаңды бүгін-ақ бітіріп берем. Ертең өз бизнесің болады.

– Басы бүтін босату қиын, бірақ бір амалын табармын, – деді біраз ойланып отырып. – Бұл кісіні жындыханаға жатқызу керек. Онда таныс дәрігер бар, сол ақыл-есі дұрыс емес деп анықтама береді. Жынды адамды заң айыптамайды. Басқа жол жоқ.

– Қоқа, бір-екі апта сол жерге жата тұрсаң қайтеді? – деп сұрады Қыстаубай.

Полициялардың қит етсе жұдырық ала жүгіретін мінезін көріп қалған Қоқым қуанып кетті.

– Тіпті бір ай жатайын. Жындыханаң түрмеден жаман емес шығар, – деді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста