«Мың бір көлік» хикаясы

Адам баласының өмірін, әсіресе қазіргідей технологиялар дамыған заманда көліксіз елестету мүмкін емес. Біздің күнделікті тіршілігіміз кәдімгі қоғамдық көліктер мен жеңіл автокөліктен бастап, пойыз, кеме, ұшақ, тікұшақ, мотоцикл, велосипедке дейінгі аралықтағы техника түрлерімен өте тығыз байланысты. Осы көліктерге жүргізуші я болмаса жолаушы ретінде отырып, жер-жерді шарлап, ары-бері жол үстінде жүргенде талай қызықты жайттарды бастан өткермеген адамдар кемде-кем шығар?!

Мысалы, МАИ қызметкеріне ұсталып қалып, одан қалай алдап соғып құтылғаны туралы, бес адамдық шағын көлікке он бес адамның қалай сыйып кеткені жайлы, пойызда ұйықтап қалып, стансыдан өтіп кеткен жолаушылар мен ұшақ  рейсі кешігіп, өз тойына өзі бара алмай қалған жігіт жайында айтылған әңгімелерді талай құлағымыз шалып еді. Мүмкін, cіздің де басыңыздан өткен бір «көлік хикаясы» бар шығар? Қызықты әңгімеңізден бізге де айта отырыңыз. Ендеше, редакциямызға хат жазып, хабарласыңыздар. Оқырман көңілінен шыққан хикая авторларына редакцияның арнайы сый-сияпаты дайын.

Құрметті оқырман! Газетіміздің «Көлік хикаялары» айдарына шағын әңгімелеріңізді хат, факс, электронды пошта арқылы жолдауларыңызға болады. Солардың ішіндегі ең қызықты, ең таңдаулы дегендері газет бетіне жарияланады.

Жүрсең алыс жерлерде
Аман-есен оралшы.
Сағынысып көргенде,
Амандасып, қол алшы.

Аспанда да, жерде де,
Асуларда, белде де,
Жолың болсын,
жолың болсын, жолаушы!

Сіздер жолдаған «Көлік хикаяларын» www.alashainasy.kz сайтындағы газетіміздің электронды нұсқасынан елімізде және одан тыс жерлерде тұратын миллиондаған оқырмандарымыз оқуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ осы сайт арқылы аталған жобаға қатысты қосымша ой-пікірлеріңізді білдірулеріңізге болады.

Ескерту:
Хикая көлемі компьютерлік екі беттен (14 кегль) аспауы тиіс;
«Көлік хикаялары» айдарына келген хаттар өңделеді және кері қайтарылмайды;
Авторлардың аты-жөндері, тұрғылықты жері анық жазылуы тиіс;
Әңгімеге арқау болған хикаялар нақты өмірден алынып, шындыққа негізделуі қажет;
Аталған тақырыпқа байланысты бұған дейін басқа басылымдарда жарияланған әңгімелер
қабылданбайды;
Мүмкіндігінше баяндалып отырған хикаяға тікелей байланысты фотосурет жіберуге болады;
Фотосуреттердің сапасына редакция жауап бермейді;
Авторлардың хатына жауап берілмейді және қаламақы төленбейді;
«Көлік хикаялары» айдарына жіберілетін хаттар міндетті түрде қазақ тілінде жазылуы тиіс.

«Москвич» мінген маишник

Бірде жолымыз түсіп, Бішкекке баратын болдық. Астымызда «Ауди» атты арғымақ. Бар жылдамдыққа салып, қырғыздардың шекарасынан асып та кеттік. Қырғыз маи-шниктерінің қазақтың көліктерін көрсе, кірпідей жиырыла қалатыны есімізге түсіп, дереу жылдамдықты баяулаттым. «40» деп көрсетілген жерде қырықпен, «60» деп көрсетілген жолда алпыспен жүріп, әйтеуір ережелеріне бағынып келеміз. Ал Қырғызстанның мәшинелері оған қарайтын емес. Жанымыздан зуылдап өтіп жатыр. Жаспыз, біз де аттың басын еркін жібергіміз келеді. Бірақ намыстанып, қамшы басқымыз келсе де, «асықпасаң, арбамен қоян аласыңды» ұран етіп, сабыр сақтап отырмыз. Бір кезде айнаға көзім түсіп кеткен еді, артымнан «Москвич АЗЛК» көлігі фарын жағып-өшіріп, «тоқта» дегендей белгі беріп келе жатқанын байқап қалдым. «Не боп қалды?» деген оймен көлігімнің жылдамдығын одан бетер баяулаттым. Сонда да жете алар емес. Ақыры мүлдем ақырын жүргеннен кейін ғана басып озып, жолымызды кес-кестеп тоқтай қалды. Сөйтсек... қырғыздардың маишниктері екен. Түсе сала, «Әй, қазақтар, жүйткіп қайда асығып барасыңдар?» – деп жанымызға жетіп келді.

– Оу, байке, асығып бара жатқаны несі? Ережеге бағынып, қайта ақырын келе жатырмыз ғой, – десек те болатын емес.
– Қатты айдап бара жатырсыңдар. Жылдамдықты үдеттіңдер, – деп қалам мен қағазын шығара бастады.

Осы кезде жанымдағы досым шыдай алмай:
– Байке, «Москвичпен» емес, велосипедпен қумадыңыз ба? Жетер едіңіз, – деп ызаланып күліп жіберді. Оны түсінетін маишник жоқ. Машинамыздың о жақ, бұ жағын қарап, неше түрлі ақаулар таба бастады. Багажникті аштырып, өртсөндіргішіміздің жоқтығын да байқап қойды. Бұлай тұра берсек іс бітпейтінін байқап, сұраған 50 сомын, яғни 150 теңгесін қолына ұстатып жүріп кеттік. Маишник мәз болып қала берді.  

Ринат КЕРІМБЕКОВ, Тараз қаласы

Біздің мекенжайымыз: 050051 Алматы қ-сы, Бегалин көшесі, 148 а. 1-қабат.
Тел: 8(727) 388 80 60, 388-80-64 Факс: 8(727) 388 80 61
e-mail:
alash_ainasy@mail.ruinfo@alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста