Махаббат ғадауатпен майдандасқан...

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облыс­тық опера және балет театрын­да КСРО халық әртiсi, Қазақстанның Еңбек Ерi, Мемлекеттiк сыйлықтың иегерi Еркеғали Рахмадиевтiң «Қамар сұлу» операсының премье­ра­сы өттi.  Театр маусымының жабы­луы­на орай өткiзiлген қойы­лым­ның қоюшы режиссерлерi – Қазақстанның халық әртiсi Ғафиз Есiмов пен ҚР Еңбек сiңiрген әртiсi Махинұр Рахманова. Қазақ әдебие­тiнде өзiндiк қолтаңбасы бар Сұлтан­мах­мұт Торайғыровтың әйгiлi «Қамар сұлу» романы негiзiнде жазыл­ған опера көрермендерге ұнады.
Қойылымда романдағы бас кейiпкерлер Қамар мен Ахметтiң махаббаты, сол кезеңдегi таптық қайшылықтар мен жастардың өз сезiм­дерi үшiн қауiп-қатерден тайынбай күрескен­дерi, махаббат жолындағы адалдықтары көр­сетiлдi.
Ізгiлiк пен қатыгездiк, махаббат пен бай­лық­­­тың арасындағы майдан басталды.  Қойы­лым­ның екiншi бөлiмiнде Нұрымның шабар­мандарынан таяқ жеп, сүйгенiнен айырылған Ах­меттiң жан тебiренiсi, шерлi әнi жүрекке жетiп, бойды шымырлатты. Қамар үшiн жанын қиюға дайын азаматтың арқасына тиген қам­шы бүкiл ғашықтарға бағытталған соққы се­кiл­дi...
Шымкенттіктерді көп күттiрген премьера жоғары деңгейде өттi. Бұл ретте әрбiр кейiп­кер­ге тән әуендердi ойната бiлген оркестр ұжы­мы мен А.Абдуллаева, С.Генералов, Р.Рысмағамбетов сынды белгiлi дирижер­лердiң еңбегiн айта кеткен жөн.
Гаухар ТӨЛЕПОВА, Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театры әдебиет бөлiмiнiң меңгерушiсi:
– Өнер ұжымы жылды табысты аяқ­та­ған. Бiлiктi басшы Б.Рахманов басқаратын облы­с­­тық опера және балет театрының өнер­паздары ендi алыс-жақын шет мем­ле­кет­терге гастрольдiк сапарға шықпақ.

Бiр жарым сағат уақыттай жұртшылықты ерiксiз баурап, сиқырлы өнер әлемiне жетеле­ген «Қамар сұлуды» тек облыс тұрғындары ғана емес, Астана мен Қарағанды қалаларын­дағы Назарбаев зияткерлiк мектептерiнiң ұс­таз­дары мен оқушылары да тамашалап, жоға­ры бағаларын бердi.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста