Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасына тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздейді. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме сөздерді (парсы және араб тілдерінен енген) айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Сондықтан біз бүгінгі санда қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық өнерінің бірқатарын тізбектеп шықпақпыз.

АУЫЛДЫҢ АЛТЫ АУЫЗЫ – дәстүрлі қазақ қоғамында үйге келген қонақты қолқалап, «қонақкәде» айт­қызудан бұрын ауыл адамдарының, үй иелерінің өздері айтып беретін өлең-жыры. Қонақ тамағын ішіп, тынығып алған соң, ауыл тұрғындары ауылдың алты ауызын айтып, қонақтың көңілін көтеруге тырысады, одан кейін кезекті қонаққа беретін болған. Ал қонақ не ән айтып, не домбыра тартып «қонақкә­десін» жасауы шарт. Кәде орындалған соң, ән айту үлесі өнерпаз­дарға тиіп, отырыс ойын-сауыққа ұла­сып отырған. Қазіргі кезде бұл дәстүр, негізінен, ауылдық жерлерде сақталып келеді.
БАРМАҒЫН ЖАЛАУ (ғұрып). «Ықы­ласыңызға қарай келдік, барма­ғы­ңызды жалай келдік». («Мірдің оғы»). Құрметті адамды біреу қонаққа шақыр­­ғанда оның жанына бір-екі жігіт шақырылмаса да ере барып, үй иесіне: «Біз пәленшекеңнің бармағын жалауға келдік» дейді. Мұның қазақ ғұрпында еш ерсілігі жоқ, керісінше, шақырылған қонақтың құрметін көтеру болып есеп­те­леді. Кейде үй иесі өзінен кіші адам­дар­ға «біздің үйге пәленше келеді, сендер соның бармағын жалаңдар»  деп те ескертпе жасайды. Бұл – арнаулы шақыру болса да, өзінен кішілермен сыйласудың, құрметтеудің белгісі. Ұлт дәстүрінде адаммен сыйласудың, қатынастың мұндай жолдары көп.
БАУЫРЫНА САЛУ – отбасы дәстүріндегі бала асырап алудың бір түрі. Ата-әжелер тұңғыш немересін немесе үйдің үлкен ұлы өзінен кіші бауырының үлкен баласын қолына алып, асырап бағып, өз баласындай тәрбиелеп өсіреді. Бауырына салушы адам баланы өз ата-анасынан ажырат­пайды, баланы екі үй де тең өсіріп әл­пеш­тейді. Әдетте үлкен кісілер мұндай баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бө­ліп, оларды өнегелі азамат етіп өсіруге, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге ықпал жасайды. Ержетіп, бойжеткеннен кейін баланың өз отбасына оралуға немесе бауыр басқан үйінде қалуға еркі бар. Ата-әженің немерені бауыры­на басып бала қылып алуы дәстүрлі ортада кеңінен өріс алған. Қолғанат болып, былдыр тілімен ата-әженің көңілін аулайтын бала үлкен кісілердің тағылымынан нәр алып, өсе келе нағыз халықтық тәрбиені бойына сіңірген, өнегелі де тәлімді ұрпақ болып өсіп жетіледі. Бір ғана баласы бар ағайын кейде жалғызыма серік болсын деп жақын туысқанының баласын бауыры­на салып асырап, өз баласынан кем қылмай өсіреді. Ал баласы тұрақтамай, өмірдің талқысын көріп жүрген кейбір ағайын ақжолтай болсын деп ырым қылып туыс адамның баласын бауы­ры­на салады. Нәсіп қылып, кейін өз бала­лары болса, «баламның алды, тұңғы­шым» деп бауырына салған бала­­ға ерекше назар аударып, «майта­ба­ным» деп еркелетіп ұстаған. Бауыры­на салу – дәстүрлі ортада ағайын-туыс­тар арасында ғана емес, ру-қауым деңге­йіндегі әлеуметтік байланыстарды ны­ғай­татын институционалдық мәнді ғұрып.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің алдағы бірнеше санында қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөліммен назарларыңызға ұсынатын боламыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!

Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста