Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасына тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздейді. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме сөзден (парсы және араб тілдерінен енген) көп нәрсе жоқ. Бүгінгі санда біз «ажал» және «адам» сөздерін алып отырмыз.

АЖАЛ. Діни-теологиялық ұғым. Нақ­ты­­лап айтсақ, адамға фәни дүниеде белгіленіп берілген мерзім, өмірдің соңы, аяқталуы. «Ажал» сөзіне қатысты Шәкәрім Құдайберді өзінің «Мұсыл­мандық шарты» еңбегінде: «...Шайх Сағди айтқан: «Кісі ажалсыз өлмейді, әйтсе де ажалсыз өлмей­мін деп айдаһардың аузына өзі барып түсудің қажеті жоқ деген», – депті. Ажал – екі мағыналы ұғым. Біріншісінде дәстүрлі дүниетанымда Жасағанның әмірі­мен адам­ның, жалпы, тіршілік иеле­рінің жа­нын ала­тын тылсым құдірет иесі деп нақ­тыланса, ал екіншісінде адамның био­фи­зиологиялық ғұмырының аяқ­тал­ғанын білдіреді екен. Қазақ мифо­логиясында жаналғыш Әзіре­йіл періште бейнесі ажалды алып келуші түрінде айтылатыны белгілі. Ал исламға де­йін­гі түсінікте ажал Сұрмерген, кейде Сұржекей бейнесінде болғаны және бұл мифтік бейне исламда­ғы Әзірейіл­ден әлдеқайда көне болуы ықтимал. «Жазмыш­тан оз­мыш жоқ», «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі», «Ажал­ды өле ме, аурулы өле ме?», «Ажал жетпесе, оқ жет­пей­ді», «Ажал мен ақымақ­қа дауа жоқ», «Ажал айтып келмейді» де­ген мақал-мәтел­дер бар.
АДАМ. Тәурат, Інжіл, Забур мен Құ­ран секілді негізгі діни кітаптарда Алла тағаланың құдіретімен жаратыл­ған ең алғашқы адамның аты болғаны  айтылған (жазылған).  Бұл туралы Тәу­рат­та «топы­рақ­тан жаралғансың, топы­раққа қайта айналарсың» деп қысқа ғана түсінік берілсе, Құран­да «Сың­ғырлап тұрған кепкен бал­шық­тан тиісті мүсінге келтіріп, Адамды Біз топырақтан жараттық» (Құран Кәрім, «һижір» сүресі) делін­ген. Ал Інжілде Иса (Йисус) пайғам­бардың адам кей­піндегі Құдай­мен жүздесуі осы тұжы­рым­нан бастау алған. Құранда сондай-ақ Адамата ұжымақта жай ғана се­руен­деп жүр­мей­­тіні, ол жеміс ағаштарын бағып-күтумен айналы­сып, бағбан­дық қыз­метті атқа­ра­тыны айтылған. Алла оны алғашқы­да бағ­бан етіп жаратқаны­мен, кейін бақ­та­шылық жұмысты қосып беруді қолай­лы көрген деседі. Алла өзінің сүйікті жаратқа­нын сыр­тынан бақылап жү­ріп, оның сұх­бат­та­сатын серігі бол­маған­дық­тан көңілі жүдеп, жалғыз­сырай­тынын аңғарып­ты. Содан Алла оны (Адаматаны) ұйықтатып тастап, қабыр­ғасынан Хауананы жара­тып­­ты.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің келесі санында «әулие» және «ықылас» сөздерінің мағынасын ашып беруге тырысамыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер! 

Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста