Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі қолданылатын, күнделікті өмірде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы –  осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздейді. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме сөзден (әсіресе орыс, парсы және араб тілінен енген) көп нәрсе жоқ. Бүгінгі санда біз «әумин» және «шайыр» сөзін алып отырмыз.

ӘУМИН.  Әлем халқы арасында ең көп тараған сөздің бірі. Бұл сөзді жер бетіндегі негізгі екі дәстүрлі дінді (ислам және христиан) ұстанатын 4 миллиард­қа жуық халық қолданады. Өзін мұсыл­ман санайтындар «әумин» десе, ал хрис­­тиандар айтылған жылы сөз, жақсы пікір, шынайы тілекті «аминь» деп аяқтайды. «Әумин» сөзі­нің қазақ­ша­дағы аудармасы «ниеті­ңіз­ге рақмет, айт­қаныңыз келсін, алғысым шексіз» деген­ді білдіреді. Атап өтер жайт, бүгінде қазақ қоғамында осы екі сөзді ажырата алмай жүргендер де баршы­лық. Мәселен, кейбір қазақтар бір-бі­ріне «аминь» деп те айтатын болып жүр. Бір қызығы, Татарстан Рес­публика­сын­да «Аумин» деп аталатын компания да жұмыс істейтіні белгілі бол­ды. Ол ком­­панияның негізгі қыз­меті энергети­каға бағытталған. 
ШАЙЫР. Басқа – басқа, бұл сөздің берер мағынасы өте көп. «Шайыр» сөзі өндірісте (синтетикалық түрі) «смола» сөзін алмастырса, ал табиғи шайырлар кейбір ағаштар мен өсімдіктерден бөлінетін химиялық сұйық зат болып есептеледі. Одан бөлек «жүн шайыры» деген де ұғым бар. Ол – қой терісіндегі май мен тер бездерінен бөлінетін май­лы сұйықтық. Шайыр қой тұқымына, жер жағдайына байланысты әртүрлі бо­лып келеді. Негізі, малда шайырдың мөлшері шамамен 20 пайыз деңгейінде болса, ет дәмді болады. Қазақтар «ша­йыр» сөзін сондай-ақ ақынның ақыны, жыр сүлейлеріне атақ ретінде де таңа­тын болған.
Израильде Шайыр деген қала да бар.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің келесі санында «кәде» және  «мүшел жас» сөздерінің мағынасын ашып беруге тырысамыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!

Байланыс телефоны:  8 (727) 3 888 062 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста