Анығы осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі қолданылатын, күнделікті өмірде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, «халық арасында былайша тез тарап кетуіне не себеп?» деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (әсіресе орыс, парсы және араб тілдерінен енген) сөзден көп нәрсе жоқ. Бүгінгі санда біз «Ассалаумағалейкум» және «Фәниден бақилыққа» деген сөздерді алып отырмыз.

«Ассалаумағалейкүм!» сөзі тұң­ғыш рет қазақ жеріне ІХ ғасырда ис­лам дінімен бірге келгені аян. Араб ті­­лін­дегі «әссәләм» сөзі (бейбітшілік) де­генді білдірсе, «әйлейкүм» сөзінің ма­­ғынасы (сізге немесе сіздің ша­ңы­­рағыңызға) дегенге саяды. Ал екі сөз­ді қосып айтқанда, «Сіздің ша­ңы­­ра­ғыңызда бейбітшілік орнасын!» де­­ген сөз шығады екен. Сол себепті бо­­лар, дінтанушылар «Ас­­­са­лау­­маға­лей­күм!» деп аман­дас­қан адамға «Уа­ғалейкүм!» деп қыс­қа­ша тіл қату дұрыс еместігін айтады. «Дұрысы «Уағалейкүмассалам!» деп толық айту керек. Яки «әйлейкүм» сөзі «әс­сә­лемсіз» айтылса, жай ғана «сіздің ша­­ңырағыңызға..» деп айт­қан­мен бір­дей болып қалады», – дейді олар. Бір атап өтерлігі, соңғы кездері қыз-ке­лін­шектер арасында да бір-бірімен «Ас­са­лаумағалейкүм!» деп аман-саулық білісетіндер де кө­бе­йіп келеді екен.
Алайда кейбір ғалымдар қазақта аман­дасудың жер-жерлерде өзіндік дәс­түрі бар екендігін айтады. Олардың ай­туынша, еліміздің баты­сын­­да «Не ха­бар?» десе, шығыста «Не қал?», оңтүстік өңір­лерде «Аман­сыз ба?», «Армысыз?» деп амандасса, ал жастар жағы «Қа­лайсың?!», «Сә­лем!» немесе «Привет!» деп те аман­дық біліседі. Бұл жайында сіз не дей­сіз, құрметті оқырман?!.
БАҚИ — уақытпен өлшенбейтін мәң­гі рух атауы, адам рухының о дү­ние­­лік мекені дегенді білдіреді.. Мы­салы, «фәниден бақиға аттанарда...»  сөз тіркесі қолданылғанда ол «бұ дү­ние­­ден о дүниеге..» деген мағына бе­реді екен.  «Мені мен менікінің айы­рыл­ғанын, Өлді деп ат қойыпты өң­кей біл­­мес», – деген екен Һакім Абай. Бұл сөз мұсылман діні арқылы араб тілінен енген деп кесіп айту тағы қиын. Себебі «Кодекс Куманикус» (11—13 ғасырлар) кітабында «Бағұл-Бақұл» деген сөз бар. Осы сөздің күні бүгінге дейін сақталған мағынасы — қайтыс болар, яки, о дү­ниеге аттанар шақтағы адамның ақтық сөзі (ба­қи­ласып қалу). «Бақидың қы­зы­ғынан үмі­тім көп, фәнидің аз қы­зы­ғын не қы­ламын» деген өлең жол­да­рынан (20 ғасыр қазақ ақындары) аңға­ра­тынымыз тәубеге келтірер басты ұғым — осы «бақи» сөзі.
 Ислам дінінде «Фәни» сөзі ­жол-жө­некей уақытша тынығатын жай ғана аялдамалардың бірі деп түсін­ді­ріледі. Адам баласы рух әлемінен ана құр­са­ғына, сол жерден фәни дүниеге (сіз бен біз өмір сүріп жатқан өмір), одан әрі ба­лалық, жастық, егделік, кәрілік ке­зеңінен өтіп, қабір әлеміне (бәр­зах), одан хашыр әлеміне, сол жер­ден мәң­гілік сапарға аттанады деп түсіндіріледі. Осы сапарда адам фә­ни дүниеде аз ға­на уақыт аялдайды деген сөз осыдан қалған. Аллаһ ел­шісі бір хадисінде бұл жалғанды «ағаш көлеңкесінің саясында бір сәт де­малу» деп сипатталады. Адам ба­ласы бейне бір жолаушы тәрізді. Осы­нау ұзақ сапарында аз‑кем бел жа­зып, аяқ суыту үшін бір ағашты сая­лайды. Фәни ғұмыры осы ғана. Сон­дықтан да бұл дүние адам баласы үшін мәңгілік тұрақ емес. Керісінше, бір түн түнеп шығатын қонақжай тәрізді деп түсіндіріледі. 

Құрметті оқырман! Газетіміздің ке­лесі санында «жүргенге жөр­гем ілі­неді», «ықы­лым заманнан» және «қари» сөздерінің мағынасын ашып беруге тыры­са­мыз...
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсы­ныс­та­рыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!
Байланыс телефоны: 8 (727) 3 888 062

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста