Зинадан да ауыр күнә

Зинадан да ауыр күнә

Өзі жоқ кезде, адамның сыртынан ұнатпайтын сөз айту ауыр күнә болмақ. Алла елшісінің хадистеріне сәйкес, ол тіпті зинадан да ауыр күнә болып табылады.

Олай болса, ислам діні қай кезде адамның кемшілігін сыртынан сөз етуге рұқсат береді? Имам ән-Науауи "Сахих Муслимге" жазған түсіндірмесінде:

"Адам баласының сыртынан сөз етуге шариғат алты мақсатта ғана рұқсат береді",- деп атап өтеді.

Бірінші мақсат – зұлымдыққа ұшыраған адам басшыға жүгінуге келсе. Зорлық-зомбылық көрген адам басшыға, қазыға, сотқа не болмаса әділеттілікті орнатуға құзырлы адамға барып шағым түсіре алады. Бұл жағдайда ол: "Маған пәленше қысым көрсетті" немесе "Ол маған былай істеді" деген секілді шағымын айта алады.

Екінші мақсат – күнәһарды тура жолға салып және зұлымдық көрушіге жәрдем беру мақсатында. Мәселен, зұлымдыққа тоқтау сала алатын адамға: "Пәлен деген адам мынандай күнә жасап жүр, осы мәселеде оған насихат айтыңыз!" деген секілді жолдары бар.

Үшінші мақсат – жергілікті мүфтиге немесе сол жердің пәтуа беруге құзырлы адамына келіп: "Маған бір адам, әкем, бауырым не болмаса күйеуім зұлымдық көрсетті. Солай жасауға құқылы ма? Оның зұлымдығынан қалай құтыламын?",- деп сұрау.

Төртінші мақсат – мұсылмандарға өзгелердің зиян тигізуінен сақтандыру мақсатында. Мысалы: нақты білетін арамза, алаяқ адам жайлы айтып, ескертіп қою және т.б.

Бесінші мақсат – өзге адамның дінге енгізген жаңалығын және ашық жасап жүрген күнәсін мысалы: қоғамдық орындарда ішімдік ішіп жүргенін халыққа көрсету үшін. Бұл жағдайда әлгі адамның ашықтан ашық жасап жүрген күнәсін ғана сөз ету шарт, ал өзге де қателіктерін жариялаудың қажеті шамалы.

Алтыншы мақсат – әңгіме төркіні кім жайлы болып жатқанын нақтылау. Мысалы: қандай да бір лақап аты болса: көзі нашар көретін адам, ақсақ, көк көзді, соқыр, қолы жоқ және т.б. Бұл жағдай тек әңгіме қандай адам жайлы болып жатқанын нақтылап өту үшін қолданылады. Алайда бұл сөздерді ол адамның абыройын айрандай ету мақсатына қолдануға рұқсат жоқ, деп жазады

muftyat.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста