"Жалғыз жүрек, сан сауал": Тілін білмейтін адам ұлтын сүймейді

"Жалғыз жүрек, сан сауал": Тілін білмейтін адам ұлтын сүймейді

ЖАЛҒЫЗ ЖҮРЕК: 

– Өзге тілді пір еткен,
Өз тіліме өгей күн.
Жөргегін ерте кірлеткен,
Жас ұрпаққа не деймін?
САН САУАЛ

– «Ел болам десең бесігіңді түзе», деген Мұхтар Әуезовтен қалған аталы сөздің қадіріне жеткенде ғана алаң­сыз күн кешуге болады. Зама­ны­мыздың заңғар жазушысы айтқан сөз түгілі, Мұхаңның өзін білмейтін жас­тардың ортамызда жүргендігі көңіл алаңдатады. Ал оларға үлгі болады деп жүрген кеше­гі күн көсемге Құдайдай сеніп, ком­пар­тияның солдаттары болған аға буынның көбінде әлі де болса да жалтақтық бары рас. Осылайша рухы шалажансар ағаларымыз шала қазақ ұл-қыздарын тәрбиелеп, ұлттық құнды­лығымыздың алтын айбары ана тіліміз­ді аяқ асты етуде. Егер менің қолымда болса, «Тілін білмейтін адам ұлтын сүймейді. Ұлтын сүймейтін жан Отанын оп-оңай сатып кете алады. Ал сатқын­дар үшін біздің Отанда білім алуға, билік басына келуге жол жоқ» деген заң шығарар едім. Өйткені, Пайғам­барымыздың (с.ғ.с) хадисінде «Отан­ды сүю иманнан» делінген. Яғни, жүре­гіне иман, бойына сабыр жиған кез келген ұрпақ дінін сақтап, тілін қорғап, ділін берік ұстай алары хақ. Иманы бар адам Отанның отбасынан баста­латынын сезер еді. Ата-анасын қадір­леп, ағасына құрмет, інісіне ізет көрсе­тіп, қарындасына қамқор болатын да осындай жандар. Отбасына қорған бол­ған әрбір ұрпақ Отанын да сүйе ала­ды. Ал Отанына перзенттік көзбен қа­рай білген адам тарихына терең бой­лап, тегін танып, әдебиетін һәм мә­дениетін сақтап, жәдігерлерін түген­деп, ұлттық құндылықтарына құр­метпен қарайтын еді. Осының бәрін қадірлеуді парызым деп ұғынған бала ана тілін ардақ тұтары шындық. Дәл осындай адамдық келбетімізді қалып­тастырып, азаматтық биіктікке көтері­лу үшін ұлттық санамыздың оянғаны қажет. Өз еліңде, өз жеріңде, өз қазағыңа өз тілін үйрен дегеннен асқан ұят нәрсе бар ма екен? Қазақтың күйеу баласы Виктор Храпунов әкім, министр болып тұрған кезінде «Кайырлы кун, кадырлы агайын!» дегенде бөркімізді аспанға атпасақ та, шартылдата шапа­лақ ұрып, есіміз кетті. Оның аңқау елге арамза басшы болғанын қайдан білейік. Ұлты неміс Герольд Бельгер қазақша сөйлесе аузымыздан су ағып, жазғандарын таңдай қаға, тамсана оқимыз. Бірақ, жүз Храпунов, мың Бельгер қазақша сөйлегеннен ана тіліміздің абыройы арта қоймас. «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлескенде» ғана ана тіліміздің айы нұрлы, күні шуақты, еліміз рухани бай-қуатты болары сөзсіз. Әсіресе, билік басындағы атқамінерлер сіздерге Ахмет Байтұрсынұлының мына сөзін арнағым келеді. Ахаң былай депті:

«Әй, Алаштың көшін бастағандар, сендер адаспаңдар. Сендер адассаң­дар, бүкіл Алаш адасады». Ендеше, биліктің тізгінін ұстаған орыс тілді мырзалар «Өздеріңмен қоймай ұлтты адастырып қарғыс алғанша, ана тілінің өркендеуіне үлес қосып, ұрпақ­тарың­нан алғыс алуға асығыңдар. Өйткені ұлттың болашағы сендердің мойын­дарыңда!».
Тіліміздің тұралап тұруының тағы бір себебі, аса қажеттіліктің жоқтығынан-ау! Ата Заңымызда мем­лекеттік тіл қазақ тілі делінгенімен, келесі бір бабында орыс тілінің мәрте­бесін де одан кем көрмеу керектігін мегзейтіні бар. Қалаған жағына ие салатын жас шыбық секілді солқылдақ заңымыз тамырын тереңге салып, алып бәйтеректей діңін қатайтқанша алды­мызда әлі де талай уақыт бар. «Бұдан жаман күнімде де тойға бар­ғам» демекші, бүгінімізге тәубе қылып, сабырлық етейін. Жоққа жүйрік жете ме? Барға риза көңілмен ақырын күтейік тағы да.

Жұматай Оспанұлының 

«Жалғыз жүрек, сан сауал» 
кітабынан алынды

Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015, 19.03.2015,

20.03.2015, 22.03.201526.03.2015.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста