"Жалғыз жүрек, сан сауал": Құдайдың өзі берген құдіретті тілді қадірлей білмеуіміз, надандықтың белгісі

"Жалғыз жүрек, сан сауал": Құдайдың өзі берген құдіретті тілді қадірлей білмеуіміз, надандықтың белгісі

«Құдай­дан қорықпағаннан қорық» дейді аталарымыз. Неге де­сеңіз, жүре­гінде Жарат­қаннан деген қорқы­нышы болмаған кез келген пенде мақа­ла­мызда көтерілген барлық жамандықты арлан­бай істей ала­ды. Бүгінгі қоғам­дағы ЖАЛҒЫЗ ЖҮ­РЕК­КЕ түс­кен САН САУАЛ­ДЫҢ жа­уа­бын иман­дылық­тан ғана табуға болады. Өйткені Құранның сөзі – қасиет, Пайғам­бар сөзі – өсиет.

ЖАС ҰРПАҚ СЕНІҢ АРЫҢА,

АНА ТІЛІМ АМАНАТ

Тіл тағдыры – ел тағдыры. Бір қарағанда жай айтыла салған екі-ақ ауыз сөз. Ал осы тағдырға байланып тұрған тіл мен елдің астарында қаншама ойдың жатқанын саралап көріңізші. Ел дегеніміз мен, сен, сіз яғни – біз. Бізді өзгеден даралап көрсететін – ұлт. Ал осынау он сегіз мың ғаламда ұлт екенімізді, анығын айтқанда қазақ екенімізді айшықтап тұрған – тіл. Ендеше, ел болмаса ұлт, ұлт болмаса тіл болмайды екен. Яғни, Алла тағала біздің тағдырымызға қазақ болуды жазды. Және бізге ешкімге ұқсамайтын, байлығы жағынан да салыстыруға келмейтін, «Сезімге салса сұлу, жауға салса қылыш, ойға салса қорға­сындай салмақты» үні көңілге қонымды тіл берді. Әлде ұлтымды сонша жақсы көргеннен бе, әйтеуір, әлемдегі ең ғаламат тіл – қазақ тілі сияқты көрінеді де тұрады маған. Мүмкін солай да шығар. Ал қазақ Жаратушының ерекше назары ауған ұлты ма деймін. Неге десеңіз, ат тұяғы тозып, құс қанаты талатын алып дала бізде және қандай дала. Ауасы нәр, суы бал, шөбі шипа, батпағы ем. Әлгі химиялық элементтердің атасы саналатын қабасақал шал Менделеевтің таблицасындағы барлық элемент біздің топыра­ғымыз да, шөбіміз де, суымыз да бар екен. Тіпті, сол таблицада қалған бос орындарды біздің ғалымдарымыз толықтырып жатыр. Пах, шіркін, мақтануға келгенде мен де алдыма жан салмайды екенмін-ау! Мақтан демекші, Шерағаңның – Шерхан Мұртазаның бір сөзі есіме оралып отыр. «Біздің қазақ мақтанғанда темекісін күн сәулесіне тұтатқандай шіренеді-ау», – деп еді. Әрине, төрт құбылаң тең болса, еңсеңді биік ұстап, алшаң басып жүргенге не жетсін! Қазақта «Ошақтың үш бұтындай» деген сөз тіркесі бар. Сол үш бұттың біреуін алып тастаса, қазаның қисайып, ырысың төгіле бастайды. Мұны неге айтып отырмын. Ұлт, жер, тіл осы үштік біріге келіп, ошақтың үш бұты іспетті емес пе? Ел аман, жұрт тынышта айтулы мәселеге айналып отырған тіліміздің жай-күйіне қарап, ошағымыздың қисайып тұрғанын көруге болады. Қисайған қазанға қақпақ тұра ма? Ал атам қазақта «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деген аталы сөз бар. Ондай сәтте қазан толы ырысыңды көршінің иті де, көшенің иті де талап әкетері сөзсіз. Сондықтан түтініміз түзу шықсын десек, ошағымызды түзу ұстайық, ағайын! «Айқайлай, айқайлай қасқырдан да ұят болды» демекші, тіл мәселесі жайлы айтылмай жатқан жоқ. Нәтижесі де аз емес, бірақ көңіл толып, кеуде соғуға әлі ертерек сыңайлы. Қолыма қалам алып, ой таразысынан өткізе келе, қасиетті қазақ тілім жайлы ЖАЛҒЫЗ ЖҮРЕККЕ түскен САН САУАЛҒА өзімше жауап іздеп көрдім. 

ЖАЛҒЫЗ ЖҮРЕК: – Алла тағала ең алдымен топырақтан Адам атаны, оның қабырғасынан Хауа ананы жаратқан екен. Біздің жара­тылу тарихымыз осылай баста­лады қасиетті Құран Кәрімді парақтап көрсеңіз. Дарвин сияқты маймылдан жаралдық деп мақ­тану қайбір жақсы ғой дейсің. Қайдан жаралғанымызды кесіп айтатын Дарвин Құдірет иесі емес, ол да Құдайдың құлы, біз сияқты екі аяқты пенде. Айтайын дегенім бұл емес. Хақ тағаламыз бізді жаратқаннан кейін «ұлт пен ұлыстарға бөлдік», – дейді «бір-бірлеріңді тану үшін». «Содан кейін тіл бердік, бір-біріңмен түсінісу үшін», – дейді. Яғни, әр ұлттың ана тілі – Алланың сыйы. Құдайдың өзі берген құдіретті тілді қадірлей білмеуіміз, әрине, надандық. Түбі­міз түркі болғанымен тіліміз қазақ. Жерімізге қызығып, елімізді бодан ғып, тілімізді жоғалтуды мақсат тұтқан кеңестік қоғамның көсем­дері не істемеді байтақ еліме. Солардың кесірі болмағанда «Тілім, тілім дей берді тілім-тілім ойларым. Өз тіліңде сөйлеуді ұят болды қойға­ның» деп өз қазағымызға өзіміз мұң шағып жүрер ме едік осылай. САН САУАЛ.
– Иә, тілі жоғалса ұлттың жоғалуы оңай екенін білген кеңестік идеология ойына келгенінің бәрін істеп бақты. Ақтар келіп, бір қырды. Қызылдар келіп, бір қырды. Тамырымды бал­талап, рухымды сындырды, жігерімді жүн қылды. Аштықты қолдан жасады, қастықты қолдан жасады. Сақтаймын деген тілімді, сатпаймын деген дінімді, қаймана жұртты қашырды, аңырап Қытай асырды. Ұлтым деп шықса ұрандап, «халық жауы» деп бұғаулап, нақақтан нақақ атылды. Жазалады аяусыз, Алашым деген арысты. Бас жарылып, жақ істі, тілімізді тістетті, өз айтқанын істетті, қазақтың жағы қа­рыс­ты. Айтқанына бағынып, күн көсем­ге табынып, жетегінде жүрдік жетпіс жыл, қара түнек жамылып. Аш болмады әкеміз, аш болмады анамыз, аш бол­мадық және біз. Солақай саясат бірақ та, орыс тілін білмесең, керексің деп кімге сен, айлаларын асырды, қазағым қайта бас ұрды. Орыс тілі мінбеге озып, қазақ тілі ошақтың басында қалды. Не көрмеген ел едік, не бола­мыз деп едік. Төрге қайта оздырды, уақыт айтып төрелік. Назары ауып Алланың, орындалып арманым, Көк­байрағым көкке өрлеп, арайланды бар маңым. Мойымастан көтердік, тағдыр­дың басқа салғанын. Келмеске кетті мінеки, қапаста талай қалғаның. Қана­тыңды жайып қырандай, заңғар көкке самғадың, – деп бөркімізді аспанға атқалы жиырма жыл. Алғашқы жыл­дары ана тілімізге деген көзқарас ерекше болды. Рухымыз оянып, сана­мыз серпіліп, етек жауып, жең түріп, жаппай қазақша атауларға көштік. Көше, ауыл, аудан, қала аттары Ала­шым­ның мақтаны болған ата-баба­ларымыздың есімдерімен атала бас­тады. Сейіліп күмән, ашылып тұман бұрынғы әннен өзгерек бір ән әр жүректің түбінде тебірене шырқалып жатты. Көңілдің сілкіп тастап мұнар бұлтын, иісі қазақ баласы құмар бұл күн бізге Тәуелсіздік деген қасиетті ұғымды сыйға тартты. Жоғалған діні­міз, тоналған тіліміз қайтадан оралды. Бірақ сол шаттықты көтере алмай қалдық па, дін бұзар дүмше секілді, тіл бұзар жастар не түрлі, қасіреттен шыққан тілімнің қасиетін кетірді. Орыс тілін сән көріп, тек осыған мән беріп, космополит жастарым қаптап өсіп келеді.

Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015, 19.03.2015,

20.03.201522.03.2015.

Жұматай Оспанұлының 

«Жалғыз жүрек, сан сауал» 
кітабынан алынды

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста