Василий Жиров ислам дінін қабылдағанына қарсы шыққандарға жауап берді

Василий Жиров ислам дінін қабылдағанына қарсы шыққандарға жауап берді

Осыдан бір ай бұрын ислам дінін қабылдаған әйгілі қазақстандық боксшы Василий Жиров өзінің Астана мешітінде түскен суретіне қатты таңданыс білдіргендерге жауап қайтарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал спортшы барша адамдарды тек жақсы нәрсе айтуға болмаса мүлде үндемей жүруге шақырды.

Василий Жировтың Астанадағы мешіттердің біріне барып, намаз оқығаны қазақстандықтар арасында талқыға түскені боксшыны қайран қалдырған.

"Соңғы кездері менің ислам дінін қабылдауыма орай көптеген сұрақтар келіп жатыр. Мен таңғаламын, неге адамдарды бөтен біреудің жеке өмірі мен ішкі дүниесі қызықтырады? Мен боксшы, жаттықтырушы және қоғам қайраткерімін. Қоғам үшін де керегі осы.

Бірақ, басқалар секілді менің де жеке, өзіме ғана тиесілі дүниелерім бар. Мысалы, отбасым, балаларым, діни сенімім. Бұлардың барлығы көпшілікке мәлім болғанын қаламаймын. Мен өзімнің ішкі дүнием мен жеке өмірімді басқалардың талқылауына қарсымын", – дейді Жиров.

Тағы оқыңыздар: Египетте оқып жүрген Қазақстанның алты жігіті із-түссіз жоғалып кетті

Сондай-ақ, "Балқаш жолбарысы" атымен танылған олимпиада чемпионы адамның жақсылығын айтқан сөздері емес, жасаған істері көрсететінін айтып өтті.

"Мен өзімнің ар-ожданым дұрыс деп білетін жолмен жүріп келемін. Иә, мешітке барып, намазға жығылдым, және сол үшін мені ертіп апарған досым Рустамға ризамын. Мені айналамдағылар сөздеріме емес, іс-әрекеттеріме орай қабылдағанын қалаймын.

Тек бір нәрсені сұраймын: Жақсылықты ғана айтыңыздар немесе үндемеңіздер. Жаратқан адамдардың жүрегіне иман берсін", - деп түйіндеді сөзін боксшы.

Естеріңізге сала кетсек, Василий Жировтың ислам дінін қабылдағаны туралы ақпарат 26 маусым күні шыққан болатын. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста