ҰЛЫЛАРДЫҢ ОРАЗАСЫ

ҰЛЫЛАРДЫҢ ОРАЗАСЫ

Ораза - сабырлылардың ғибадаты. Алла Тағала бұл жайында: «Расында сабырлылар өздерінің сауаптарын есепсіз алады»,-дейді. Сәләф солихтар алты ай бойы Алла Тағалаға дұға етіп рамазанға жетуін сұрайтын және рамазанды шынайы ниетімен күтіп, оған оразамен, намазбен, садақамен дайындалатын. Имам ибн Касир былай дейді: «Сәләф солихтарымыздың дұғасы: «Иә, Аллам мені рамазанға аман жеткіз және рамазанды мен үшін амандық айы ет және одан кейін рамазанды менен қабыл ет»!- деп дұға ететін».

 

Рамазан - аспан есіктері ашылып, Пайғамбарлардың ең абзалына Жәбрейіл (алейһис сәләм) түскен және бұл күнәлардың кешірілетін айы. Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәлләм ): «Рамазаннан рамазанға дейінгі аралықтағы барлық күнәлар кешіріледі, егер үлкен күнәлардан адам алыс болса»,-деген болатын. Бұл айда тозақтың қақпалары жабылып, жәннәттың есіктері ашылады және шайтандар кісенделеді. Ораза - ол ғибадаттардың мырзасы және бұл ораза жалғыз ғана ғибадат және оның сауабын Алла Тағала ғана береді. Бұл жайында Сахих Бұхариде келген хадисте Алла Тағала айтады: «Расында адам баласының барлық амалдары өзі үшін тек оразадан басқасы, өйткені ол мен үшін және оның сауабын мен беремін. Адам өзінің тағамын, нәпсісін, ішіп-жемін мен үшін тыяды, сол үшін де ораза тұтқан адам үшін екі қуаныш бар, оның бірі - ауызашарда, екіншісі - мені көрген кездегі қуаныш»,- деген.

 

Оразаның түрлері жайында ұлы ғалым Имам Ғазали (р.а.) былай дейді: «Оразаның жалпылай түрі бар және арасындағы арнайылардың ұстайтын түрі бар және сол арнайылардың ішінде ерекшелердің ұстайтын оразасы бар. Жалпы адамдардың ұстайтын оразасы ол ішіп-жемнен және де біз білетін басқа да оразаны бұзатын нәрселерден тиылу. Ал арнайылардың ұстайтын оразасы ол барлық ішкі және сыртқы болған күнәлардан тиылу. Ерекшелердің оразасы ол Алла Тағаладан басқалардың барлығынан тиылу, яғни тек Алламен ғана қалу». Яғни жалпылардың оразасы ол ішіп-жемнен, жыныстық қатынастан және басқа да оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу болса, арнайы адамдардың оразасы жаңағылардың үстіне тағы да қосымша ретінде өзінің дене және сезім мүшелерімен барлық жан тәнімен ораза ұстау, яғни шариғатта тиым салған нәрселерден тыйылу. Яғни, көздің оразасы Алла Тағаланың кәләмында және сүннетте тиым салынған нәрселерді қараудан сақтанады. Ал енді құлақтың оразасы ол ғайбат естуден, біреудің артынан сөз айтудан, харам болған өлеңдерді, әуендерді естуден тыяды. Ал тілдің оразасы ол біреуді ғайбаттау, жаман сөз сөйлеу, біреуді жамандау және сол секілді тыйым салынған нәрселерден өзін шектеумен болады. Ал қолдың оразасы ол әлсіздерге зиян жеткізбеу, біреудің малын ақысыз тартып алып жеу деген нәрселерден тыяды. Ал аяқтың оразасы ол жаманшылық болып жатқан жерге, бекершілік болып жатқан жерге, харам болып жатқан жерге барудан тыйылу болып есептеледі.

 

Ал арнайылардың ішіндегі ерекшелердің оразасына келер болсақ, бұл айтылғандардан артық ол Алла Тағаланы зікір етуден басқалардың барлығынан ораза ұстау, яғни ол жүректің оразасы болып есептеледі, яғни адам жүрегін жаман нәрселерден тазартады. Көркем мінездердің ішінде ең жаманы болған сараңдық, қорқақтық, біреуді көре алмау, жек көру, ашкөздік, жүректің қаттылығы сияқты сипаттардың барлығынан өзін тазартады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәлләм): «Расында ораза ол тек ішіп-жеуден ғана тыйылу емес»,-деп, сонан соң былай дейді: «Мариям анамыз айтқандай Расында мен Рахман үшін оразаға нәзір қылдым»,- дейді. Олай болса сендер ораза ұстайтын болсаңдар тілдеріңді сақтаңдар, көздеріңді сақтаңдар, бір-бірлеріңмен ұрыспаңдар және бір-бірлеріңмен жек көріспеңдер деген екен. Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәлләм) былай дейді: «Егер ораза ұстайтын болсаң онда сенің құлағың да көзің де ораза ұстасын. Харамнан, жаман нәрселерден, әйелге ұрсудан және қызметшіге зиян келтіруден және сенде оразаның сондай бір сипаты болсын ораза күніңді ауызың ашық күндей етіп өткізіп алмаңдар».

 

Имам Бұхари: «Мен кәмилетке толғалы бері ешқашан бір мұсылман жайында ғайбат айтпаған екенмін»,-деген.

 

Имам Шафиғи былай: «Мен өмірімде Алла Тағаланың атымен бір рет болсын ант ішпегенмін, шын нәрсеге болсын, өтірік нәрсеге болсын. Ал егер қарапайым судың өзі менің адамгершілігімді бұзады деген болса, мен суды да ішпес едім» деген. Мұхаммад ибн Мұсаға атты ғалымнан: «Сіз неге осы сүйеніп отырмайсыз»?-деп сұрайды. Сонда ол кісі: «Расында сүйеніп отыратын адамдар олар аманда болған адамдар, мен өзімді амандамын деп ойламаймын, бәлки өзімнің амандығым үшін Алладан қорқамын»,-деген екен.

 

Ораза адамның жасаған күнәларына, жаманшылықтарына кәффәрат болады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәлләм): «Расында ер адамның фитнасы ол оның отбасында, баласында, малында, көршілерінде болады, ал енді соның кәффәраты ол – ораза, намаз, садақа және жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару»,-деген.

 

Ораза адамды тозақтың отынан сақтайды. Пайғамбарымыздан (саллаллаһу әләйһи уа сәлләм) жеткен сахих хадисте: «Кімде-кім Алла үшін бір күн ораза ұстайтын болса, Алла Тағала оны тозақ отынан жетпіс жылға алыстатады»,-деген. Имам Тирмизиден келген хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәләм): «Кімде-кім Алла үшін бір күн ораза ұстайтын болса, Алла Тағала ол адам мен тозақтың арасына терең шұңқыр қояды, оның үлкендігі аспан мен жердің арасындай болады»,-дейді.

 

Ораза адам баласының жәннәтқа кіруіне себеп болады, жәннәтқа кіруіне жол ашады. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу әләйһи уа сәләм) «Кімде-кім өмірден ауызы берік күйінде өтсе, жәннәтқа кіреді»,-деген хадисі бар. Пайғамбарымыздан (саллаллаһу әләйһи уа сәләм) жеткен риуаятта Әбу Умама деген сахаба Пайғамбарымызға келіп айтады: «Иә, Расулалла бүгін соғыс болайын деп жатыр, маған дұға етші Алладан сұрап, мен осы соғыста шәһид болайыншы»,-дейді. Сол кезде Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәләм ): «Иә, Аллам бұларды аман ет, бай ет»,- деп дұға қылады. Соғыс бітіп, бұлар соғыстан аман қалады және түскен олжамен бай болады. Сөйтіп келесі жолы тағы да осылай айтады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәләм ) тағы да осылай дұға етеді. Аман қалып малды болады.Үшінші рет тағы да шәһид болуын сұрап келеді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәлләм) тағы дұға етеді. Осы дұғамен ол тағы да аман қалады, бай болады. Сосын Пайғамбарымызға келіп: «Иә, Расулалла мен сенен Алла жолында шәһид болуды сұраған едім, сен маған амандық пен байлық тіледің, енді маған сол арқылы жәннәтқа кіретін қандай да бір амалды көрсетші»,- деген кезде Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәлләм): «Олай болса сен әрдайым оразаға берік бол»,- дейді. Бұдан кейін Әбу Умама және оның әйелі тіпті қызметшісі күндерін тек қана оразамен өткізген екен.

 

Абдулла ибн Омар (радиаллаһу анһума) өзінің әкесі жайында айтады: «Менің әкем Омар ибн Хаттаб өле-өлгенше оразаны өте көп ұстап өмірден өтті»,-дейді. Ибн Нуғайм Осман ибн Аффан (радиаллаһу анһу) жайында: «Османның күндізден үлесі ол жомарттық пен ораза болса, ал түнгі үлесі сәжде мен намаз болатын»,-дейді. Әбу Талха Ансари (радиаллаһу анһу) үзбей қырық жыл ораза ұстаған, ауызын ашпастан тек қана харам күндері, яғни айт күндері ғана ауыз ашқан.

 

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу әләйһи уа сәләм ) әйелі Сәйдә Хафсаны талақ еткен кезде Жәбрейіл (алейһис сәлләм) келіп: «Иә, Расулалла Хафсаны қайтар, расында ол өте көп ораза ұстайды және өте көп намазда тұрады, расында ол сенің жәннәттағы әйелің болады»,- деген.

 

Абу Дарда (радиаллаһу анһу) оразаны өте көп ұстайтын адамдардан болған. Күндізін оразамен, түнін намазбен қияммен өткізетін болған. Тіпті оның денесі ораза мен намаздың көптігінен денесі сондай әлсіреген халге келеді. Сонда оның әйелі оның жолдасы Салманға барады, күйеуі жайында айтады. Сол кезде Салман күндіз Әбу Дардаға келіп оған тамақ іш дейді. Абу Дарда досын тыңдап ауызын ашып, тамақ ішеді, сосын түнде келіп: «Ей, досым мен осында қонамын»,-дейді. Түн ортасында Әбу Дарда намазға тұрайын деген кезде досы оған ұйықта дейді. Таң атқан соң Әбу Дарда Пайғамбарымызға (саллаллаһу әләйһи уа сәлләм) келіп болған жайды айтып арызданады. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәлләм ): «Иә, Әбу Дарда расында сенің денеңнің сенің мойныңда ақысы бар, сол секілді әйеліңнің де сенің мойыныңда ақысы бар, сонымен қатар Раббыңның ақысы бар. Сондықтан әрқайсысының ақысын өзіне бер»,-деген екен.

 

Амр ибн Асс (радиаллаһу анһу) өзінің ұлы Абдуллаға: «Иә, Абдулла үйлен»,-дейді. Сол кезде Абдулла: «Әкетайым үйленуге қатты қызығып тұрған жоқпын»,-дейді. Сонда әкесі ұлына Құрайштардан қыз әперіп үйлендіреді. Үйленгеннен үш күн өткен соң әкесі келінінен: «Абдулланың қалы қалай?»-деп сұрайды. Сол кезде әйелі айтады: «Абдуллаға Алла разы болсын, маған әлі жақындаған емес, күндіз ешқандай тамақ ішпейді, ал түн болса қияммен өткізеді»,-дейді. Сол кезде әкесі Пайғамбарымызға (саллаллаһу әләйһи уа сәләм) келіп ұлының жағдайын айтады. Оны естіген Пайғамбарымыз: «Ей, Абдулла! Сен әр айда үш күннен ораза ұста»,-дейді. Сонда  Абдулла: «Иә, Расулалла! Менің күшім одан да көпке жетеді»,-дейді. "Онда әр айда жеті күннен ұста дейді". Сонда күшім одан да көпке жетеді дейді. "Онда он күн ұста" дейді. "Иә, Расулалла! Менің күшім одан да көпке жетеді" дегенде, "онда бір күн ораза ұстап, бір күн ашып жүр" деген екен.

 

Абдулла ибн Зубайр (радиаллаһу анһу) болса жеті күн үзбей ораза ұстап, сегізінші күн ашады екен және осы оразаны үнемі жалғастырып отырған. Имам Байхақи Алла разылығы үшін отыз жыл ораза ұстаған екен.

 

Имам Шафиғи былай дейді: «Расында Алла Тағаланың әмірлері жаратылыстың жағдайын және жақсылығын ойлаумен байланыстырылған». Алла Тағала былай дейді:

 

إِنَّ الصَّلَاةَ تَنْهَى عَنِ الْفَحْشَاء وَالْمُنكَرِ

 

Күдіксіз намаз; арсыздықтан, жамандықтан тыяды. ( Ғанкабут, 45 ). Яғни, Алла арсыздық пен жамандықты намазға байлаған.

 

خُذْ مِنْ أَمْوَالِهِمْ صَدَقَةً تُطَهِّرُهُمْ وَتُزَكِّيهِم بِهَا

 

(Мұхаммед Ғ.С.) олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің. ( Тәубе, 103 ). Ал, тазаруды зекетке байлаған. 

 

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ

 

Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар. (Бақара, 183). Ал, тақуалықты оразаға тәуелдеген.

 

Алла Тағаланың исламды шариғаттауындағы мақсаты - тақуалық. Ал тақуалық дегеніміз ол Алла Тағаланың нұрымен нұрлану және дұрыс болған көрегенділікке жету. Сол үшін де Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәлләм): «Иә, Аллам! Бізге ақиқатты ақиқат деп көрсет және оған еруді нәсіп ет және адасуды адасу деп көрсет және одан алыс болуды нәсіп ет»! деп дұға ететін. Алла Тағала былай дейді:

 

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَآمِنُوا بِرَسُولِهِ يُؤْتِكُمْ كِفْلَيْنِ مِن رَّحْمَتِهِ وَيَجْعَل لَّكُمْ نُوراً تَمْشُونَ بِهِ

 

Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар, Елшісіне иман келтіріңдер. Сендерге мәрхаметінен екі есе береді. Әрі сендерге сонымен жүретін нүр жаратады. ( Хадид, 28 )

 

Расында Алла Тағалаға бойұсыну бір нәрсе, және тақуалық қылу басқа нәрсе. Тақуалық дегеніміз ол адам баласының көрегендікке ие болуы, яғни жақсы мен жаманды, харам мен халалды көре білетін дәрежесі. Егер адам баласы рамазан айында мұндай тақуалыққа жетпесе, онда сол рамазанның шариғатталуындағы мақсатына жетпеген болып саналады. Егер ақиқатты ақиқат деп көргің келсе, жаманшылықты жамандық деп көргің келсе, адасуды адасу деп көргің келсе онда жүрегіңді Алланың нұрымен нұрландыруың керек. Ал Алла Тағаланың нұры болса Аллаға бойұсынбайтын күнәһарларда болмайды. Олай болса намазда тұрған кезде Алла Субханалла Тағаланың алдында тұрмын деп нәпсіңді даярлауың міндетті болады. Бір күні Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәлләм) сахабаларымен отырған кезде Әбу Бәкірден: «Иә, Әбу Бәкір! Сен нені жақсы көресің?»- дейді. Сонда Әбу Бәкір айтады: «Мен бұл дүниеде үш нәрсені жақсы көремін. Жинаған малымды сен үшін нәфәқа қылғанды, сенің жаныңда отырғанды және саған қарағанды жақсы көремін»,-дейді. Сосын Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәлләм): «Иә, Омар! Сен нені жақсы көресің?»- дейді. Сонда Омар: «Мен де бұл дүниеде үш нәрсені жақсы көремін иә, Расулалла. Мен ақиқатты жақсы көремін және тура сөзді жақсы көремін және жамандықтан қайтарғанды жақсы көремін»,-дейді. Сонда Османға қарап: «Ал, Осман сен ше?»-дейді. Осман айтады: «Иә, Расулалла мен де үш нәрсені жақсы көремін. Адамдарды тамақтандырғанды, сәлем жайғанды және адамдар ұйықтап жатқан кезде түнде намаз оқығанды»,- дейді. Сонда Алиге қарап: «Иә, Али! Сен ше?»- дейді. Али (радиаллаһу анһу) айтады: «Мен де үш нәрсені жақсы көремін.Ол қонақты сыйлағанды, жазда ораза ұстағанды және мүшріктердің басын шапқанды»,-дейді. Сол кезде Пайғамбарымыз Әбу Зәрға қарайды да: «Ал сен ше, иә, Әбу Зәрр?»- дейді. Сонда Әбу Зәр айтады: «Иә, Расулалла! Мен сондай бір бір түрлі нәрселерді жақсы көремін. Расында менің жақсы көретінім аштық, ауру және өлімді жақсы көремін»,- дейді. Сонда Пайғамбарымыз айтады: «Иә, Әбу Зәрр қалайша, ол нәрселерді ешкім жақсы көрмейді ғой?»-деп сұрайды. Әбу Зәрр: «Иә, Расулалла! Егер мен ашығатын болсам жүрегім жұмсарады, егер ауыратын болсам күнәларым төгіледі, ал егер өлетін болсам онда Раббыма барар едім»,-деген екен.

 

Имам Салих Ибраһим ибн Хани деген кісі өте көп ораза ұстайтын адам болған. Тіпті әбден қартайып, өлім аузына келген кезде, әбден әлсіреп тілі кеуіп өмірден өтейін деп жатқан кезде ұлына айтады: «Ей, ұлым, мен әбден шөлдедім»,-дейді. Сол кезде баласы оған енді су әкеліп, ауызына тамызайын деп жатқан кезде, ол кенеттен еріндерін жаба қояды да: «Ей, ұлым күн батты ма?»- дейді. Ұлы жоқ дейді. Сол кезде Имам су ішуден бас тартады. Баласы іш-іш деп қоймайды. Ал әкесі болса ішпей қояды. Күннің батқанын күтемін дейді. Ол сол жерде әкесінің жанында отырып қашан ақшам намазының азаны болар екен деп күтіп отырады. Сол кезде өлім сәті жақындай бастайды. Сол сәтте:

 

لِمِثْلِ هَذَا فَلْيَعْمَلْ الْعَامِلُونَ

 

Амал қылуға тиісті (Саффат, 61) аятын қайталай беріп, ауызын ашпаған күйі жан тәсілім етеді.

 

Али (радиаллаһу анһу) ұлы Хасанның қызы Нафиса (радиаллаһу анһа) оразаны көп ұстайтын кісі болған. Қартайып, жасы ұлғайып өмірден өтетін уақыты келген кезде өлім аузында жатып сонда да ол кісінің ауызы берік болады. Сонда жанындағы оған жаны ашыған балалары: «Анашым, ауызыңды ашсаңшы, қиналдың ғой»,-дейді де су бермекші болады. Сонда ол екі ернін жауып, балаларына: «Мен отыз жылдан бері ораза ұстап, Алла Тағалаға ораза болып баруды сұрағанмын. Енді сол сәт жеткен кезде менің ауызымды ашқызбақшысыңдар ма?»- деп одан бас тартады. Сөйтіп қолына Құранды алып мына аятты оқи бастайды:

 

قُل لِّمَن مَّا فِي السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضِ قُل لِلّهِ كَتَبَ عَلَى نَفْسِهِ الرَّحْمَةَ

 

(Оларға) айт: «Көктердегі және жердегі нәрселер кімдікі?», «Алланікі» де. Ол мәрхамет етуді өз міндетіне алған... Осы аятты қайталауын тоқтатпай ауызы берік күйінде өмірден өтеді.

 

Бұрынғы өткен солихтардан Дауд ибн Әбу Хинд деген адам қырық жыл бойы үзбестен ораза ұстаған екен, яғни бір күн ауызы ашық, бір күн берік. Оның осылай ораза ұстағанын тіпті отбасындағылар да білмейтін. Күнде жұмысқа шығатын кезде өзімен бірге алып шыққан тамағын егер ол ауызы берік болатын болса, садақа қылып біреуге беріп жіберетін. Сөйтіп кешке үйіне келіп ауызын ашып, оразасын тамамдайтын болған. Осылайша қырық жыл ұстаған оразасын отбасы білмей өткен екен.

                                          

 

Мұратбек Қыстаубаев,

Орал орталық мешітінің наиб имамы

 

 

muftyat.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста