UFC шебері Сергей МОРОЗОВ ислам дінін қабылдады

UFC шебері Сергей МОРОЗОВ ислам дінін қабылдады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов Ислам дінін қабылдады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

«Спорт-экспресс» басылымына берген сұхбатында ол не себепті христиандықты тастап, мұсылмандыққа келгені туралы айтып берді. Біз осы сұхбаттан үзіндіні назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 

– Өткен жылдың желтоқсан айында сен исламды қабылдадың. Мұндай шешімге қалай келдің?

 

– Бұл бірден қабылданған шешім емес. Бірнеше жылға созылған ізденістен кейін болған шешім. Айналамдағы адамдардың бәрі мұсылмандар. Олар кейде амалдарымен, кейде сөзбен үлгі көрсетіп, Исламға келуіме себепші болды. Ислам діні – ойланатын адамдарға арналған.

 

– Ата-анаң бұл шешіміңді қалай қабылдады?

 

– Бәріне күтпеген жағдай болған шығар деп ойлаймын. Себебі мен ешкіммен ақылдасқан жоқпын, ешкімге ескерткен де емеспін. Бұған дейін православ дінін ұстандым, үнемі шіркеуге жексенбілік сыйынуға барып жүрдім. Ол кезде іздеген сұрақтарыма жауап таба алмайтынмын. Қазір Исламға келгесін, әлхәмдулиллә, барлығына жауап тапқандаймын. Өмірдің мағынасын түсінгендей болдым.

 

– Бұрын қандай сұрақтарға жауап таппағаныңды айта аласың ба?

 

– Қазір хейттер ағылады деп ойлаймын… Кез келген діннің басты мақсаты не? Басты мақсаты – бір Құдайға табыну. Мен христиан дінінде де бір Жаратушыдан басқаға басымды иген емеспін. Алайда шын мәнінде ол дінде басқаша екен. Бәлкім біреулер үшін бұл күтпеген жаңалық шығар, біреулерге бәлкім ақиқаттың есігін ашармын. Исламда сен тек бір Аллаға сыйынасың. Әркім оны өз тілінде әртүрлі атайды. Исламнан мен бірқұдайлық сенімді толықтай таптым.

 

Христиан, яһуди діндеріне де Жаратушы Құдай тарапынан қасиетті кітаптар берілген. Олар да алғашқыда бірқұдайлық сенімде болды, алайда уақыт өте келе қасиетті жазбаларды өз ыңғайларына қарай өзгертіп алды. Ал Исламды Алланың өзі қорғайды және ниеті дұрыс құлдарын түзу жолына бастайды. Бұл дінде өзіңді басқаша сезінесің. Дұрыс жолда екеніңді білесің… Мен бұрын да өзімді дұрыс жолдамын деп есептейтін едім. Кейін исламға келіп, намаз оқи бастағанда мұнда бәрі өзгеше екенін сезіндім. Бойыңа сабырлылық, сенімділік дариды. Исламда тек Мұхаммедке сену керек деген нәрсе жоқ. Мұсылмандар барлық пайғамбарды құрмет тұтады. Ибраһимді, Мұсаны, Исаны пайғамбар деп санайды. Мұнда ешқандай проблема жоқ. Біз барлық қасиетті кітаптарды және барлық пайғамбарды жақсы көреміз.

 

– Исламды қабылдағаннан кейін жаңа есім алдың ба?

 

– Жоқ, алмадым. Егер есімің дінге қайшы келмесе, алудың қажеті жоқ.

 

– Биылғы алғашқы Рамазаның қалай өтті?

 

– Аллаға шүкір, Рамазанды ойдағыдай өткіздім. Оны қатты күттім, аздап қобалжыдым. Рамазаннан кейін жекпе-жек өтетін болғандықтан, қасиетті айдың ортасынан жатығуды бастауға тура келді. Шын айтсам, бұл Рамазан айы болғандықтан жаттығу жасағым келмеді, тек құлшылық қылғым келді. Алайда жекпе-жек күнін белгілеп қойғандықтан, залға оралуға мәжбүр болдым. Бірақ оразамды үзбей, сәресінен бұрын және ауыз ашқаннан кейін жаттығу жасадым.

 

Алла жазса, келесі Рамазанға дайындығым бұдан да жақсырақ болады деп ойлаймын. Тіпті сол айда жекпе-жек болады десе де, мен одан 100 пайыз бас тартамын, тек құлшылық жасаймын.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста