УАҒЫЗ АЙТАТЫН ҰСТАЗДАРҒА НАСИХАТ
Алла тағала былай деп бұйырды: «Адамдарды Раббыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде күрес. Күдіксіз, Раббың тура жол тапқандарды да жақсы біледі». (Нахыл сүресі, 125-аят)
Уағыз – бір адамның жүрегін жұмсартатын түрде сөйлеп, үгіт беру деген сөз. Насихат, кеңес және уағыз бір мағынаны білдіреді.
Уағыз-насихат айтқан адам жалғыз Алларизасы үшін қарсысындағы адамның діни және дүниеуи жақсылығын қалаған адам деген сөз. Ілімімен амал жасайтын ғалымдар, пайғамбарлардың мұрагерлері болғандықтан барлық хал-әрекеттерімен көркем ақлаққа, жұмсақ мінезге және абыройға мән беруі қажет секілді адамдарға уағыз-насихат айтып, тура жолды көрсетулері және оларды иршад етулері керек. Ғалымның уағыз-насихатын естіген адамдарға әсерлі болуы үшін өзі де амал жасауға тырысу керек.
Хазіреті Омар (р.а), адамдарға бір нәрсені әмір етсе немесе бір нәрседен тыйса, үйіне қайтқан кезде отбасына: «Мен бүгін мынаны әмір еттім немесе мынаған тыйым салдым, сендер бұған қарсы бір нәрсе жасасаңдар екі есе жаза беремін» дейтін.
Уағыз айтатындар, уағыздарында адамдардың түсіне алмайтын немесе теріс түсінетін мәселелерді түсіндірмеу керек. «Адамдармен, олардың ақылына сай сөйле» деген хадис шәрібін ұстана отырып, сөйлегенде қарсысындағы адамның әрбір халін байқап сөйлеу керек.
Мысалы, жамағатқа уағыз айтқан кезде иманның шарттары мен мағынасын жақсы түсіндіру қажет. Намаз, ораза, хажы және зекеттің үкімдерін және бұларды орындамағандар азапқа душар болатынын оларға үйрету керек. Тәрк еткендері болса дереу тәубе етіп, қазасын өтеуіне ынталандыру керек. Ішімдік ішу, өтірік, ғайбат, жала, ұрлық тағы басқа харам және күнәлардан сақтану керектігін жақсылап түсіндіру керек.
Уағызында айтылған аят кәрім пен хадис шәріптерді Әһли Сүннет сеніміне сай тәпсір пен шархтардан ізденіп өзі жақсылап түсінгеннен кейін оларды тәтті бір тілмен жамағатқа айту қажет.
Қысқасы, уағыз айтылатын әркімге Пайғамбарымыздың (с.а.у) көркем мінезін үлгі тұту керек.