Түсікке және туыла сала шетінеген сәбиге қатысты үкімдер

Түсікке және туыла сала шетінеген сәбиге қатысты үкімдер

 Уақытынан бұрын түсіп қалған бала «түсік» деп аталады. Ананың жатырдағы баласын өз еркімен түсіруі мен басқа да себеппен түсіп қалуы осы ұғымның аясында қарастырылады. Шарананың дамуы үш кезеңнен тұрады. Ол жайында Құранда: «Уа, адамдар, егер өлгеннен кейін қайта тірілуге қатысты күмәндарың болса, (біліп қойыңдар,) Біз сендерді әу баста топырақтан жараттық, содан кейін сендерді (ер мен әйелден бөлініп, әйелдің жатырында тұрақтайтын) бір-екі шәһуат тамшысынан, сонан соң жатырға (сүліктей) жабысқан ұйысқан жасушадан һәм содан кейін жаратылысы белгілі деңгейде қалыптасқан, алайда толық қалыптаспаған бір шайнам етке ұқсаған шақалақтан (эмбрионнан) жараттық»[1], делінген.

Абдулла ибн Масғуд (одан Алла разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің әрбіріңнің ана құрсағында жаратылуларың қырық күннен тұрады. Ұрық алдымен (қырық күнде) тамшы, (қырық күнде) ұйыған қан, сонан соң (келесі қырық күнде) кесек ет болады. Осыдан кейін ана құрсағындағы балаға періште жіберіледі де, ол балаға жан беріп, төрт нәрсені белгілейді: ризығын, қанша өмір сүретінін, істейтін амалын, бақытты не бақытсыз болатынын[2]», деді. Құрсақтағы балаға 120 күнде жан беріледі. Ағзаларының қалыптасып көріне бастауы көбінесе үш айда жүзеге асады. Кей жағдайларда 81 күнде де орын алуы мүмкін[3]. Алғашқы ұрық кезеңінде және ұйыған қан кезеңінде іштегі шарана түсіп қалған жағдайда түсікке қатысты ешқандай діни жоралғы жасалмайды, әйел нифас саналмайды. 81 күннен асқаннан соң түссе, шарананың кейбір мүшелерінің жаратылып немесе жаратылмағандығына мән беріледі. Қол, аяқ сияқты кейбір ағзалары көрінсе, шарана адам баласының құрметі үшін көміледі, ал әйел нифас болып саналады. Жатырдағы бала екі айлығында шетінеп, бірақ үш айдан кейін алып тасталса, әйел нифас саналмайды. Бұл жағдайда шарананың алып тасталған уақыты емес, жатырдағы тірі болған кезеңі негізге алынады. Әйел адам дәретін алып, құлшылықтарын әрі қарай жалғастырады. Ағзалары толық қалыптасып, бала өлі туылса немесе туу кезінде баланың денесінің көбірек бөлігі шықпай жатып өлсе, бала жуындырылады, есімі қойылады, бірақ жаназа намазы оқылмайды[4].

Егер тірі туылса немесе денесінің көбірегі шыққанша тірі болса*, сосын шетінесе, оған ат қойылады, жуындырылады, кебінделеді, жаназа намазы оқылады, мирас алып, мирас береді. Ас беріп, садақа жасалмайды. Құран оқып, бағышталмайды. Өйткені, олар – күнәсіз, пәк жандар. Ақыретте олар жәннаттық болып, ата-анасына шапағат етеді.

ҮКІМ

1. Егер іштегі бала түсіп оның қол, аяғы немесе шашы сияқты мүшелері әлі қалыптаспаған болса, түсікке қатысты ешқандай діни жоралғы жасалмайды, әйел нифас саналмайды. 2. Егер қолы, аяғы секілді кейбір мүшелері пайда болып, алайда баланың жаратылысы толық қалыптаспаған болса анасы нифас деп есептеледі. Түсік матаға оралып, адам баласының құрметі үшін көміледі. 3. Егер жаратылысы толық қалыптасқан болса, алайда бала өлі туылса, жуындырылып, есімі қойылады. Оған жаназа намазы оқылмайды 4. Егер туылған балада тіршілік нышаны байқалып, сосын шетінесе, балаға ат қойылады, жуындырылып, кебінделіп, жаназа намазы оқылады. Ең дұрысы Аллаға мәлім!

[1] «Хаж» сүресі, 5-аят.

[2] Бухари риуаят еткен, 3208.

[3] «Инсаф» кітабы, 1/387.

[4] «Хашияту Ибн Абидин»,

2/247. * Баланың тірі туылғанының белгісі – дауыс шығаруы және қозғалуы.

fatua.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста