Түрегеп тұрып су ішуге бола ма?

Түрегеп тұрып су ішуге бола ма?

Ғалымдар түрегеп тұрып су ішудің адамдарға медициналық тұрғыдан зиян келтіретінін айта отырып: «Адамдардың асқазандары дененің қалай тұрғанына қарай әртүрлі болады. Яғни түрегеп тұрған кездегі және отырған кездегі асқазанның халі екі түрлі.

Асқазанның кішкентай иіңкі бөлігіне сай келетін Вальдейер асқазан қуысы деп аталатын қуыс болады. Сұйық азықтар осы жерден тұрақты ашық қуысы бар асқазан жолынан шығып, он екі елі ішекке өтеді. Яғни, қысқаша айтқанда, адамдардың түрегеп тұрып су ішулері еш жерге әсері болмастан, тікелей он екі елі ішекке өтеді. Су адамдар үшін өте маңызды. Бұл суды түрегеп ішкенде су асқазанда бірікпейді және денеге пайдасы болмайды. Егер адамдар суды отырып ішсе, алдымен асқазанда бірігеді, қышқылдармен араласып, микробтары өледі, кейін он екі елі ішекке өтеді. Осылай отырып су ішу әдісіне мойынсұну арқылы адам холера ауруымен қоса көптеген аурулардан сақтанған болады. Адамдар көрінген жерден су алып, түрегеп ішіп кете берсе, кейбір ауруларға душар болады», — дейді.
Түрегеп тұрып су ішудің медициналық тұрғыдан зияны болумен қатар бұл жөнінде дінімізде де сүйікті пайғамбарымыз тарапынан айтылған хадистер бар:
«Егер түрегеп тұрып су ішкен адам асқазанына келтіретін зиянды білгенде, ішкен суын құсып жіберер еді» (Абдурраззақ 10/427 хадис 19588).
«Түрегеп су ішпеңдер. Кімде-кім ұмытып, түрегеп тұрып су ішсе, құсып, шығарып тастауға тырыссын», — деген. (Мүслим әшриба хадис 116)
Расулуллаһ алейһиссаламның «Түрегеп су ішуге тыйым салған» деген сөзі Мүслимнің басқа риуаяттарында да «Түрегеп су ішуден қайтарған» деп нақыл етілген. (Мүслим, Әшриба 112, 114)
Су ішер кезде құбылаға қарап, отырып, «бисмилләһ» деп айтып, кесені оң қолға алып ішу керек. Суды да шамадан тыс мөлшерде ішпеу керек, өте ыстық және өте суық сулардан да сақтану керек.

Нұргүл Жамбылқызы,
kazakhstanzaman.kz

(Тақырыбы өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста