Шошқаның терісін қалай ажыратамыз?

Шошқаның терісін қалай ажыратамыз?

Оқырмандардың жиі қоятын сауалдарының бірі: «Аяқ киім мен сөмкенің шошқа терісінен жасалғандығын қалай анықтаймыз?» Мұсылман адамға заттың қандай материалдан жасалғанын білу өте маңызды.
Сонымен, шошқа терісі. Сән өндірісінде әшекейлерді жасауда мәселен аяқ киім, белбеу және сөмкелер тағы басқа көптеген сәндік бұйымдарды даярлауда шошқаның терісін пайдаланады, себебі ол арзан, ал оның арзандығы заттың құнын да біршама түсіреді, шошқаның терісін илеу жеңіл ме, әлде оның терісі қол жетімді ме әйтеуір, мұның немен байланысты екенін білмеймін.
Осы мақаладан мұсылмандар өздеріне пайда алып, қандай заттың неден жасалғанын ажырата алатын болар деп үміттемін. Шынайы өмірде өзіне тән белгілеріне және де құрылымына қарап шошқаның терісін ажырата аламын. Әңгіме интернет- дүкен жайлы болып жатқандықтан шошқаның терсін өзге теріден ажырата алатын қарапайым тәсіл бар.
1. Физикалық ерекшелігі. Шошқа терісінің ең басты белгісі – бұл терінің үстінде үш нүктелі айшықтың болуы. Жақсылап қарасаңыздар, үш нүктелі айшықтың әртүрін көре аласыздар, бірақ оларға ортақ белгі бар: үш нүкте бір- біріне жақын орналасқан. Мен оларды Микки Маус деп атаймын, себебі... ұқсас емес пе?


Тағы бір белгісі – тесіктері бет жағында анық көрініп тұрады. Шошқаның терісінен тесіктерді тез байқауға болады. Кейбір өнім шығарушылар барынша ол тесіктерді білдіртпеуге тырысады. Алайда Мейірімді Алла Тағаланың қалауымен дұрыс емес нәрсе толық жасырына алмайды. Сонымен, шошқаның терісін суреттен қалай тануға болады?
Өте оңай. Сіздер оны тез аңғарасыздар. Мысалы, мына ұлтарақ анық шошқа терісінен жасалған.


Бұл да, себебі үш нүкте көзге анық көрініп тұр.


Бұл шошқа терісінен жасалған ұлтарақтың басқа түрі. Суретті ұлғайту арқылы үш нүктені көруге болады. Тесіктері де анық көрінеді.


Шошқа терісінен жасалған ұлтарақтың бейтарап түсті етіп жасалуы.


Тесіктерді көріп тұрсыз ба? Ия. Ендеше бұл шошқа терісі!


Мен мұны шошқаның терісінен жасалған күдері деп атаймын. Тіпті күдері болса да тесіктері анық көрінуде. Тіпті үш нүктені де байқауға болады.


Ал мынаны «тегістелген» шошқа терісі деймін. Менің ойымша бұл кәрі шошқаның терісі болуы мүмкін.


Сіздің ойыңызша бұл шошқаның терісі ме? Ия!


«Тегістелген» шошқа терісінің тағы бір түрі. Тесіктер өте қаты тегістелгенімен көрініп тұр.


Sandro фирмасының мына аяқ киімі сізді шатастыруы мүмкін. Бірақ бұл сиыр терісінен жасалған. Бірақ, тоқтаңыз, сіз үш нүкте көріп тұрған жоқсыз ба?


Ал мына жерде – тегістелген шошқа терісі. Asos фирмасының өнімдері негізінен қой терісінен жасалады.
Егер сіздер қағазынан шошқаның терісі емес деген жазуды оқыған болсаңыз, аяқ киімнің жан терісіне қараңыз. Себебі кейбір өнім шығарушылар заттың бағасын арзандату үшін аяқ киімнің жан терісін шошқаның терісінен жасайды. Төменде бірнеше мысалы көрсетілген:


Терінің шошқаның терісі емес екенін қалай білуге болады? Өзге жануарлардың терісі қалай болатынын естеріңізге сақтап алыңыздар
Жас сиырдың терісі үлкен бұқаның терісіне қарағанда жұмсақ әрі тегіс болады. Терінің беті бір тегіс болады.Қойдың терісінде кішкентай тесіктер байқалады. Бірақ олар шошқанікіндей үш нүкте болып топталып тұрмайды. Жоғарыдағы Asos- тың өніміне қараңыздар.
Енекенің (буйвол) терісі үлкен бұқаның терісіне ұқсайды. Бірақ кішкене кедір- бұдырлы әрі сөмке жасауға ауыр. Ал бұзаудың терісі шошқа мен қойдікі секілді емес, оның тесіктері көрінбейді.
Маралдың терісі жас бұзаудың терісіне ұқсас, оның да тесігі көрінбейді және кедір- бұдырсыз. Қолмен ұстап қараған кезде оны өзге терілерден тез ажыратуға болады.
Түйеқұстың терісін тану оңай. Оның тесіктері қатты білінеді, олар жол- жол болып анық көрініп тұрады. Осы жағынан ол шошқа терісіне қатты ұқсайды, бірақ түйеқұстың терісіндегі тесіктер үшеу емес, жалғыздан тұрады. Бұзау терісінен жасалған ұлтарақтың үлісі:


Бұл шошқа терісі емес, себебі бұлар тесіктер емес, бұл арнайы тесілген тесіктер.


Кейбір кезде сіздерге күмән келер болса, ол сөзсіз шошқаның терісінен жасалған. Мысалы мына McQ аяқ киіміне назар салыңыздар:


Мынандай теріні көрген соң, шошқанікі ме әлде тегістелген бұзау терісі ме деген күмән туады. Алайда анықтап қарар болса, бұл терінің шошқанікі екендігін көруге болады.
2. Иісі.
Иісті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Айтарым, шошқа терісінің иісі өткір болып келеді. Ал бұзаудікін құшырлыға жатқызуға болады. Бірде интернеттен бәтеңке сатып алған едім. Суретіне қарап шошқаның терісінен емес деп сенімді болдым. Суретте жан терісінің суреті болмаған еді. Тапсырысым келген соң ашып қарадым, сол кезде таныс иіс – шошқа терісінің иісі мұрныма келді. Бірақ қай жерінде шошқа терісі болуы мүмкін деп қарастырсам, жан терісі шошқанікі болып шықты.
3. Бағасы.
Тауардың шошқаның терісінен жасалғанын анықтауға болатын тағы бір жол (әсіресе интернет- дүкеннен) – бағасына қарау. Арзан аяқ киімнің ұлтарағы шошқаның терісінен жасалады, сондықтан да оның бағасы арзан болып келеді.
Сәндегі аяқ киімдерді алмаймын, себебі олардың ұлтарақтары түгелдей шошқаның терісінен жасалады. Мен мұны сенімді түрде айта аламын. Өйткені солардың аяқ киімін Лондонның дүкендерінде өзім көргем.
Олар мына маркалар:
- Kurt Geiger (әсіресе арзан түрі)
- Hudson.
- Swear.
- Орта қол дүкендері, мысалы: Topman, River Island, New Look.
- H&M- да кей кездері шошқаның ұлтарағын салса, кейде синтетикалық ұлтарақ салады.
- Asos- тың көп аяқ киімі.
- Nike- тің көп аяқ киімі.

Gucci, Prada, Fendi маркаларына келер болсақ, олар бұзау терісін пайдаланады деп сеніммен айта аламын. Сондықтан да олар қымбат тұрады.
Ең бастысы – САТЫП АЛАР АЛДЫНДА ТЕКСЕРІҢІЗДЕР. Терінің шошқанікі еместігіне көз жеткізіңіздер. Тіпті Gucci немесе Fendi фирмасынан да шошқаның терісінен жасалған бұйым шығуы мүмкін. Айта кету керек, Gucci-дан әйелдерге арналған сөмкелер шыққаны ашық жарияланған.
Егер күмәнданып тұрсаңыздар, сатып алмаңыздар. Мұсылман ретінде мен еш уақытта да шошқа терісінен жасалған бұйым сатып алмаймын.
Қайнаркөз: zabigfatblog.blogspot.com
Ағылшын тілінен аударған: Малика Умм Яхья

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста