Соғыстарда Пайғамбарымыз адам өлтірген бе?

Соғыстарда Пайғамбарымыз адам өлтірген бе?

Ассалаумағалейкум! Пайғамбарымыз (с.а.с.) көптеген соғыстарға қатысқаны белгілі. Бірақ осында бір мәселе бізге сұрақ туындатып отыр. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сол соғыс кездерінде немесе басқа шабуылдарда өзі адам өлтірген бе? Яғни, оның қолынан адам қайтыс болған ба? Кейбіреулер оны тек қана соғысқа қатысқан, бірақ адам өлтірмеген деуде. Осыған қатысты оқиғалардан, хадистерден дәлелдер келтіріп жауап берсеңіздер екен! Аллаһ разы болсын! Шынар.

Уағалейкум ассәләм! Пайғамбарымыз (с.а.у.) тек бір ғана мүшрикті өз қолымен жер жастандырғаны, одан өзге ешкімді бұрын немесе одан кейін де өз қолымен өлтірмегендігі деректерде айтылады. Өлген адамның аты – Үбәй ибн Халаф дейтін мүшрик болатын. Ол оқиға қысқаша былай өрбіді: «Ухуд» соғысында[1] белгілі себептердің нәтижесінде ұрыстың орайы мүшриктердің ыңғайына қарай ауысып, мұсылман әскерлерінің арасында бейберекетсіздік орын алады.

Сол сәттерде Пайғамбарымыз (с.а.у.) қасындағы біраз сахабалармен тауға шығады. Үбәй ибн Халаф астындағы атымен Пайғамбарымыздың артынан қуып жетіп: «Ей, Мұхаммед! Не сен өлесің, не мен өлемін?!», - деп оған қарай шаба жөнеледі. Сахабалар оны тоқтатпақ болғанда, Алла елшісі: «Тимеңдер!» дейді де Әл-Харис ибн ас-Симма атты сахабаның найзасын алып, жақындап келген Үбәйдың мойнынан бір ұрады. Үбәй атынан домалап түседі[2]. Пайғамбарымыздың соққысын ауырсынып шыдай алмаған Үбәй өгізше өкіреді.

Осы күйі қасындағы жендеттері жәрдемге келіп, оны көтеріп алып кетеді. Оның бұл қылығын қасындағылары түсінбей: «Болмашы жараға бола, неге сонша қиналдың?! - деп айтады. Сонда Үбәй оларға: «Оның найзасы тұрмақ түкірігінің өзі тигенде мені өлтіретін еді» - дейді ыңырсып. Найзаның тиген жерінен көп қан сыртқа шықпай, ішіне ұйып, іріңдейді. Осының әсерінен көп ұзамай Убәй өледі[3].

[1] Ухуд соғысы - милади жыл санауы бойынша 625 жылы, Араб жарты аралының солтүстік батысында орналасқан Ухуд тауында орын алды (Хижри 3-жыл). Әбу Суфиян бастаған Мекке мүшриктері мен Медине қаласының мұсылмандары арасындағы болған соғыс.
[2] Ибн Һишәм: Мақтәлу Убай ибн Халаф.
[3] Абдурраззақ – әл-Мусаннаф, Китабул Мағази. Уақъату Һузәйл бир Ражиъ.; әл-Бәйхақи – Дәләилу ән-Нубууә – ғазуату Ухуд.

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста