Шек беру шариғатта бар ма?

Шек беру шариғатта бар ма?

Қазақ халқының дәстүрінде арапа күні қайтыс болған ата-бабалардың атынан құрбан шалынып, шек береледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Шек беру шариғатта бар ма деген мәселеге келер болсақ, қайтқан кісілердің атынан құрбан шалып, оның сауабын әруақтарға бағыштау негізі шариғатқа қайшы емес.

 

Мысалы, діни деректерде әзіреті Әлидің (р.а,) Құрбан айтта өз атынан және Алла Елшісінің (с.ғ.с.) атынан да құрбан шалғандығы (Әбу Дауд, Дахая, 2790) айтылады.

 

Жалпы, қайтқан кісі үшін жария садақа жасалынып, артынан пайдалы ілім қалып, салиқалы ұрпақтары дұға жасаса (Муслим, Уасиет, 14. Әбу Дауд, Уасая, 14), ол амал дәптеріне сауап жазылатыны хадистерде айтылған.

 

Қазақ халқы арапа күні ата-бабасының атынан құрбан шалып, шек бергенде, Құран оқытып, марқұмдардың ақыреттегі жағдайы үшін дұға-тілек жасайды. Сол себепті, о дүниелік болған ата-бабаларымыз үшін шек беруді шариғатқа қайшы деп айта алмаймыз. Бірақ, бұл шариғаттың бұйрығы емес.

 

Қайтқан кісілер үшін құрбан шалу – нәпіл амал болып есептеледі.

 

Ал, неге арапа күні шек беріледі дегенге келер болсақ, Алла Елшісі (с.ғ.с): «Ең жақсы дұға – арапа күні жасалған дұға» (Бәйқахи) деген.

 

Сондай-ақ, Алла Елшісі (с.ғ.с) келесі бір хадисінде:

«Жұмақтың қақпалары мынадай төрт түнде ашық болады: Ораза айттың алғашқы түні, Құрбан айттың алғашқы түні, Бәрағат және Арапа түнінде» (Исфахани) дейді.

 

Яғни, Қазақ халқы ата-бабалар үшін құрбан шалуды дұға тез қабыл болатын арапа күніне бекерден бекер таңдамаған.

 

Арапа күнінің діни артықшылықтарын білгендіктен де, осы күні қайтқан кісілер үшін Құран оқытып, оларға дұға жасап, шек берген.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста