САУАБЫ КӨП АМАЛДАР

САУАБЫ КӨП АМАЛДАР

Алла құзырында ең ұнамды және сауабы мол амалдар хақында көптеген хадистер бар.

Мәселен:

 

1. Әбу Һурайра (р.а.) риуаяты: Алла елшісінен (с.ғ.с.) адамдар:

 

- Қай амал абзал ?

 

- Аллаға және елшісіне иман ету

 

- Сосын қай амал?

 

- Алла жолында күрес.

 

- Сосын қай амал?

 

- Қабыл болған қажылық[1],-деді.

 

2. Абдулла бин Масғұд (р.а.): «Мен пайғамбардан (с.ғ.с.) Алла Тағалаға ең ұнамды амал жайлы сұрадым. Ол кісі: «Уақытында оқылған намаз»,-деді. Мен: «Сосын қай амал?» «Ата-анаға жақсылық». «Сосын қай амал?» «Алла жолында күрес»,-деді.

 

3. Әбу Һурайра (р.а.) риуаяты: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

 

 «Алла Тағала: адам баласының барлық амалы өзі үшін. Тек ораза Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін...,-дейді[2]».

 

Дініміздің тірегі бес парыз амалының сауабы көп және Алла Тағалаға ұнамды амал. Ешбір түнгі нәпіл намаз, күндізгі нәпіл ораза және қайыр садақа парыздың деңгейіне жетпейді. Алайда, парыз және нәпіл құлшылықтың сауабын шынайы ниет пен ықылас көбейтеді. Бұл жайлы пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

 

«Кімде-кім мұсылмандығын ықыласпен орындаса, жасаған әрбір ізгі амалына оннан жеті жүзге дейін еселеп сауап жазылады. Ал, бір қате-күнә амалына бір күнә боп жазылады[3]»,&ndash деген.

 

Сонымен бірге, тұрақты түрде жасалған амал Жаратқанға ұнамды боп саналады. Бұл жөнінде Айша анамыз (р.а.):

 

 «Алла Тағалаға ең ұнамды амал аз болса да ұдайы орындалатыны[4]» деген риуаят жеткізген. Иә, амалда нәтиже болуы үшін тұрақтылық қажет.

 

Сонымен қатар, мына хадистерге назар салыңыз. Әбу Мұса (р.а.) риуаяты:

 

 «Адамдар: Уа, Алла елшісі! Мұсылмандықтың қайсысы абзал? &ndashдеп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Мұсылмандар тілі мен қолынан зиян көрмеген адам мұсылмандығы[5],&ndash деді».

 

Және Абдулла бин Амр (р.а.):

 

 «Бір кісі пайғамбардан (с.ғ.с.): Мұсылмандықтық қайсысы абзал?&ndash деді. Пайғамбар (с.ғ.с.): Тамақ беру, таныған және танымаған адамдарға сәлем беру, &ndash деді[6]»

 

Осы санаттаға хадистер жайлы Тирмизи Сүнәні түсіндірмесі «Тұхфат Ахуазида» «Осы және осы мағыналас хадистер төңірегінде ғұламалар абзал амалдар жайлы жауап сұраушы кісілердің жағдайына қарай берілген. Амалдың абзалдығы уақыт пен адамдардың жағдайына байланысты», &ndash деп түсіндірген.

 

Демек, парыз амалдан соң ең сауапты амал шынайы ниет және ықыласпен, тұрақты түрде жасалатыны һәм адамдарға пайдасы көбірегі деп білген жөн.

 

 

 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста