Шариғатта өз-өзін қанағаттандырудың үкімі қалай?

Шариғатта өз-өзін қанағаттандырудың үкімі қалай?

Әссәләмуғалейкум уа рахматуллаһи уә баракатуһ! «Ұлы сөздің ұяты жоқ» демекші, ұят та болса, сұрағым келіп отыр. Ер балдар өз-өздерін қолмен қанағаттандырудың шариғаттағы үкімі қандай? Болса аяттардан, хадистерден дәлел келтіріп айтсаңыз! Б.
Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракатуһ!

Сіз сұрап отырған мәселе шариғи кітаптарда «истимна» деген терминмен белгілі. Осы мәселе төңірегінде жиі сұрақ қойылып тұратындықтан жария түрде жауап беруді жөн санадық.

Аталмыш әрекет жөнінде медицинада екіұдай көзқарас қалыптасқан. Көпшілігі физиологиялық тұрғысынан да, психологиялық тұрғысынан да зияны бар деген пікірде. Біз медициналық тұжырымдамаға тереңдеместен, бірден шариғаттағы үкіміне көшелік.

Құран Кәрімде: «Олар, жұбайлары немесе күңдерінен басқа (жерлерде) әуретін (күнәдан) сақтайды», - делінген[1]. Осы аятқа сүйене отырып, бірқатар дін ғалымдары әлгіндей әрекетке жүгінуді харамға шығарса, ендібіреулері харамға жақын мәкруһ санаған[2]. Сондай-ақ, "әлсіз хадистердің" бірінде: «Қолымен қанағаттанған адамның қолы қиямет күні екі қабат болған күйі келеді»[3], - делінсе, басқа бір "әлсіз риуаятта": «Қолымен қанағаттанған адам – малғұн», - делінген[4].

Әйтсе де, Ханафи ғалымдарының пайымдауынша[5], шахуат қатты қысып, кісінің бар ой-санасын тұмшалап, есін кетіріп, оны зинаға жетелейтіндей қауіп туындаған жағдайда, әлгіндей әрекетке жүгініп, шахуатын тежеуіне рұқсат етіледі. Және бұл рұқсат - зина секілді ауыр күнәнің алдын алу үшін ғана берілген. Сондықтан мұны әдетке айналдырмау шарт.

Дегенмен де, шахуатты тежеудің ең дұрысы жолы – ораза екенін ұмытпау керек дейді ғалымдарымыз. Өйткені, ардақты Алла елшісі (с.а.у.) үйленуге мүмкіндігі жоқ кісілерге ораза ұстауды кеңес еткені баршаға мәлім. Сондықтан да, мұсылман баласы әлгіндей әрекетке жүгінбестен, Пайғамбардың (с.а.у.) кеңесіне құлақ түргені дұрыс. Ораза бір шетінен – нәпсіні сабасына түсірсе, екіншіден – сауап. Ең дұрысы – Аллаға мәлім! 

[1] Мүминун сүресі, 5-аят. [2] Маусуғатул фиқһия әл-куайтия. [3] Әл-Байхақи: «шуъбатул иман». Хадис әлсіз. [4] Басқа да, осыған мағыналас хадистердің бәрі дерлігі әлсіз делінген. [5] Ибн Ғабидин: Раддул Мухтар – Китабус саум. Абдусамат Қасым

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста