"Салиқалы əйел - иманыңның жартысы"

"Салиқалы əйел - иманыңның жартысы"

Бір сыныптасым бар еді. Өзі жақсы жігіт, бірақ бейнамаз, ойын-сауыққа құмар, қаннен - қаперсіз жүреді. Қанша айтсамда құлағына ілмейтін. Сол үшін ортамыздағы қарым-қатынас тек сыныптас ретінде ғана қалды. Жылдар жылжып өтіп, үйленетін болды. Той "дискотечний" болғаны үшін бармадым. Келін жақта өзіне ұқсаған бақ-дəулетті əулеттен еді. Тойда ішімдіктің түр-түрінен болғанын кейін естідім...
Уақыт өтіп досым өзгере бастады. Бір күні алдыма келді. Басынан өткендерін айтып, сыр шертті. Жақсысы бұл оқиғаны оның тілімен айтып берейін сіздерге:
...Той біткен соң алғашқы неке түні үйге кірдім. Біраз мас едім, достармен ішкендіктен. Келсем бөлмеде келіншегім жайнамаз үстінде отыр. Өз көзіме өзім сенбедім. Біртүрлі көрінді. Ыңғайсызданып қалдым. Намазын оқып біткен соң, мастықпен тиіспек болдым. Бірақ, ол маған: - "Өтініш, бүгінше жатып ұйықтайық"- деді.
"Назданғаныңа болайын" дедім де жатып ұйықтадым. Содан ертесіне бесін уақытында ояндым. Жуынып-шайынып, тамақтандым. Бір кезде кеш болды. Тағы жалғыз қалдық. Ол маған қарап: - "Өтінем, тахараттанып келіңізші. Кеше айта алмадым, неке намазын оқысақ деп едім,"- деді.
Мен миықтан күліп:
- "Қой, мынауың қызық болды ғой, аспаннан түскендей?"- деп едім, үндемеді. Таң қалғаным, қыздың əкесі яғни менің қайынатам қаладағы ірі арақ-шарап саудасымен айналысатындардан еді. Оның қызы болса маған "намаз оқиық" деп жатыр. О тоба, мен болсам намазхан əйелге үйленгенімнен мүлдем хабарсыз едім. Сол күні тахарат алуды білмейтінімді, кейін уақыты келгенде оқитынымды айттым. Күндер өте берді. Əйеліме ата-анамның қыстауымен үйленген едім. Көшеден бері келмейтін мендей санасыз ұлды олар мəжбүрлеп үйлендірген болатын. Некеміз есепке құрылған. Əйелімнің жанұясы біздің жанұямызға сай еді. Ата-анам мəжбүрлеп қоймаған соң өзіме ұнамаса да үйлене салдым. Бірақ əйелімде аса бір жаманшылықтар жоқ, өте қарапайым, жуас əрі тақуалығы да бар екен. Өзі көріксіздеу болса да, əдеп-ахлағымен мені өзіне тарта бастады. Оған деген құрметім асып, мейірім пайда болды. Кештетіп қыдыруларым азайды. Сонда да ішіп келуім жалғаса берді. Жұбайыммен "договор" жасап алған болатынбыз, ішіп келген күні басқа бөлмеде ұйықтайтын болып. Əдеттегідей тағы да ішіп келдім. Басқа бөлмеден жай салынған екен, ішкенімді қайдан біліп қойды екен? - дедім де, ұйықтап қалыппын. Таңертең тұрсам келіншегім алдымда отырған қалпында ұйықтап жатыр. Қимылдағанымды біліп, оянып кетті. Беті-қолымды жуып шықтым, бір кезде əйелім аяғыма жығылып, қолымнан ұстады да: - "Сізден жалынып сұраймын, Алладан қорқыңыз, харам суды тастаңыз. Жақында əке боласыз! Перзентімнің əкесі мұндай болғанын қаламаймын..."- деді. Оның көзінен аққан жас, əке болатынымның қуанышы... ішімнен бір нəрсе үзіліп түскендей болды. Біраз үнсіз тұрдым да, "бұдан кейін ішпеймін" дедім. Сол күннен бастап ішуді тастадым. Стақандастарым да жақпай қалды. Əуелгі ойын-сауықтар енді жоқ, көрісіп дереу кетіп қалатын болдым. Достардың "қатынның құлы, үйленбей жүр екенсіңде, үйлендің де өзгердің. Неге сонша қатыныңнан қорқасың?"- тəрізді кекесінмен айтылған ызғарлы сөздеріне де мəн бермей, олармен байланысымды үздім. Ақырындап тахарат алуды үйрендім, соңынан намазды да үйрендім. "Міне енді досым, мешітке алып бару өзіңнен!"- деді. Досым əңгімелеп берді, ал мен жылап жібердім. Аллаһ қандай ұлық Зат?! Сіз сұрамаған жақсылықты да сізге беріп қойды. Ол сондай мейірімді, тіпті залымнан ғалым шығарып қояды.
P.S. Алла Тағала бойдақтарға салиқалы жұптар нəсіп етсін. Үйленгендерге де!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста