Қыздай алғаныңызды мұздай қылып тастап кетпеңіз...

Қыздай алғаныңызды мұздай қылып тастап кетпеңіз...

Күйеуім басқа әйелмен кетіп қалды деген шағым бүгінде көп айтылатын болды. Кейбір әйелдер тіпті үш-төрт баласымен жылап-еңіреп қалып жатады. Бүгінге дейін қаншама әйелден осындай шағым есіттім. Жасынан да, үлкендерінен де. Өзінің ақ некелі әйелін осындай жағдайға қалдырған еркектер де күн санап көбеюде. Намазын оқып жүріп, осындай қадамға барғандарды ойласаңыз, еріксіз жағаңызды ұстайсыз. Себебін сұрасаң: «Арада махаббат болмай кетті. Төсегіміз суып кетті. Басқа бір келіншекке ғашық боп қалдым» деген секілді бір нәрселерді айтып ақталғысы келеді. Жасыратыны жоқ, соған кейде сыртта жүрген бөтен қыз-келіншектер себеп болып жатады. Біреу тәнін сұлу қып көрсетеді. Тағы біреуі мінезі жақсы секілді рөл ойнайды. Қысқасы, мың бір жолмен арбайды, азғырады, тұзақ құрады. Ақыр соңында біреудің жап-жақсы отбасының гүрс етіп құлауына себеп болады. Айтыңыздаршы, көзінің нұры бала-шағасын тастап, қай-қайдағы біреудің жетегінде кете барған еркек, шынында да, бақытты бола ала ма? Біреудің шаңырағын шайқалтуға себеп болған әйел мәз бола ма? Алла Тағала олардың қалған өміріне береке бере ме?

Қалған әйел, бала-шаға жылайды, көз жасын көл қылады. Уайымдайды. Тығырықтан шығатын жол іздейді. Ана бейшара шырылдап отырған балаларының ас-суын табуға бас қатырады. Бұрынғы әйелімнің барлық жағдайын жасап қойдым дейтіндер бар. Ас-ауқатын әпергенмен, оларға әкелік мейірімді енді кім төгеді? Ол бала енді мектебінде оқитын достарының бетіне қалай қарайды? Әкем бізді тастап кетті дей ме? Өзге әйелмен кеткендер, өтінем, ренжімеңіздер. БІрақ сіздерге қояр сұрағым бар.
- Әу баста біреудің аяулы қызын алып, үйіңізге әкеліп, оның пәк өмірімен қоштасуына себеп болғаныңыз есіңізде ме? Сіз болмағанда, ол қыз сол кезде бар өмірін басқа бір намысты ер азаматқа арнамас па еді?
- Ата-ана, бауырларын тастап, сізбен бірге кете барды. Сіздің айтқаныңызбен жүріп-тұрды. Сіз қиналсаңыз ол да қиналды, қуансаңыз ол да бірге қуанды.
- Алған жарыңыздың қанша рет ұйқысын бұздыңыз? Есіңізде ме? Сөйтіп жүріп сіздің жағдайыңызды жасап, тамағыңызды беріп, киіміңізді тазалап берді.
- Сіздің артыңызда атыңызды, әулетіңізді жалғастыратын, қайтыс болсаңыз артыңыздан Құран оқитын перзентті сол әйел тоғыз ай қиналып құрсағында тасыды. Есіңізде ме?
- Туған-туыс, достарыңыз келгенде, талай рет сол әйел аяғынан тік тұрып қызмет етті. Солай емес пе?
- Осылайша жарты немесе одан да көп ғұмырын сіз секілді біреудің жолына арнады. Сіз болмағанда, осындай беймаза күйге түсер ме еді?
Ал енді болар істі болдырып, бояуын сіңдіріп алған соң: «Мен басқа әйелмен кетемін» деп сондай адамның нәзік жүрегіне қаяу түсіру еркек адамға жараса ма?

Ал енді жанұясы бар еркектермен бірге жүрген қыз-келіншектердің назарына!
- Біреудің отбасын бұзу адамның емес, шайтанның ісі.
- Сіздің сүйгеніңізден қалған жесір мен жетімнің көз жасы өте ауыр.
- Шын мұсылман біреулердің арасын бұзбайды, керісінше татуластырады.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір күні: «Сендердің ең жамандарың кім екенін айтайын ба?» -деді. Сахабалар: «Әрине, айтыңыз, уа Алланың елшісі!» - деді. Сонда ол: «Адамдар арасына сөз таситын, өсек тарататын, бір-бірін сүйетіндердің арасын бұзып, араз ететін және жазықсыз адамдарға жөнсіз кінә артатындар» деп жауап берді. » Тағы бір хадисте: «Екі кісінің арасын бұзуға тырысатындар жұмаққа кірмейді», - делінген.
Енді ойлап көрейік. Адамдардың ең жаманы болу, жұмаққа кіре алмау – бұлар оңай немесе бекер айтыла салған сөздер емес. Сондықтан әркім өзінің отбасымен бақытты болсын. Өзгенің жанұясын бұзудан аулақ болайық. Ал еркектер Алла алдында некеміз қиылған өз жұбымызбен бақытты болуға тырысайық. Алла момын елімізді намысты еркектер мен арлы әйелдерден кенде қылмасын! 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста