Қызбен жүру күнә ма?

Қызбен жүру күнә ма?

Ассалаумағалейкум! Жасым 25-ке толып, үйленуге асығып жүрмін. Екі жылдан бері сөз байласып жүрген қалыңдығым да бар. Үйлене қояйын десем, не жұмыстың, не қаражаттың ыңғайы келер емес. Екі жылдан бері қызбен жүруім күнәға жата ма
Уа алаейкум ассалам!

Қыз бен жігіттің араласуы мен жүруіне шариғат тыйым салады. Өйткені, бөгде әйел мен ер кісі оңашаланатын болса, міндетті түрде араларына шайтан кіреді. Ондай кезде адам баласы нәпсісіне (шаһуатына) ие бола алмай қалуы бек мүмкін. Жігіт пен қыздың бұлай жүруі мен араласуының соңы зинаға алып барады. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бөгде қыз бен ұл баланың оңаша қалуына тыйым салған.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүбәрак хадисінде: «Ер кісі мен әйел оңаша қалмасын, өйткені олардың үшіншісі шайтан болады»[1], – деген. Сол сияқты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бөгде әйелге қол беруден де қайтарған: «Сіздердің біреулеріңіз бөгде, өзіне халал болмаған әйелдің қолын ұстағаннан, басына темір инені қадағаны жақсырақ»[2]. +

Тағы бір хадисте Алла Елшісінің (с.ғ.с.) жұбайы Айша (р.а.) анамыз: «Аллаға серт Пайғамбарымыз бірде-бір бөгде әйелдің қолын ұстаған емес»[3].
Егер сол қызға үйленетін ойыңыз болса, кездескенде қыздың жанында махрамы (туыс сіңлілері немесе құрбылары) болуы тиіс. Әрі тек мағруф (жақсы) сөздер айтылып, оңаша қалуға болмайды. Әйтпесе, шайтанның торына түсіп қалуыңыз мүмкін.

[1] Тирмизи 2165.
[2] Табари 20/212, 487.
[3] Бұхари 6674, Мүсілім 3470, Тирмизи 3228, Ибн Мәжә 2866, Ахмад 23685. 

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста