Құранның қасиеті туралы
Құранды жақсы көрген адамға оның киесі тимейді, керісінше, Құран оған шапағатшы болмақ, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған қатысты төмендегі хабарды келтірсек:
Алланың елшісі (с.ғ.с.) бір сахабаны көреді. Ол үнемі бір немесе екі рәкат намазында «Фатиха» сүресінен кейін «Ықылас» (қуль һуаллаһу ахадті) оқиды екен.
Алланың елшісі (с.ғ.с.)
– Мен сенің әр бір ракатта «Фатихадан» кейін «Ықылас» сүресін оқуға қатты көңіл бөлетініңді байқадым. Мұның себебі не? – деп сұрайды.
Әлгі сахаба:
– Себебі мен оны жақсы көремін уа, Алланың елшісі (с.ғ.с.)! – деп жауап береді.
Алланың елшісі (с.ғ.с.):
– Сенің оған деген махаббатың, сені жәннатқа кіргізеді – деп айтқан екен.
Құран өзін жиі оқитын адамына шапағат пен береке беретіні жайында басқа да көптеген риуаяттар жетерлік. Құранды мұсылман қауымы қадірлеп құрмет тұтады.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz