Құранда "біреу сені өлтірсе, кек алу керек" деген аят бар - Балғынбек Имашев

Құранда "біреу сені өлтірсе, кек алу керек" деген аят бар - Балғынбек Имашев

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев вакцина мен пандемия кезіндегі ауыртпалықтарды ашып айтты. Елдегі мәселелерді айта келе өзін ұстанымын ашық білдірді. Пандемия кезінде халықты қинаған басшылықты сынға алды. Бұған қатысты Құранда айтылған аятты мысал етті. Бұл туралы "Қасқа жол" атты желі арнасында айтылды деп хабарлайды stan.kz.

 

Балғынбек Имашев пандемия кезінде елге кесірі тиген басшылыққ өкпесін айтты. Одан бөлек вакцинаның мәжбүрсіз салынуы керек деген пікірін жеткізді. Одан бөлек Мұхамеджан Тазабековпен, Жүрсін Ерманмен, Айнұр Тұрсынбаевамен ара қатынасын айтты.

 

"Пандемия кезінде ешкімге керек болмай қалдық. Дәрі іздеп кеттік. Екі сағат кезекте тұрғанда дәрі таусылып қалған кездер болды. Кейіннен дәрінің тапшылығын қолдан жасалғанын, қоймаларда жеткілікті мөлшеде дәрі болғаны анықталды. Бұл қолдан жасалған қиянат. Халыққа кесірі тиді. Бұл дегеніміз халықты қыру ғой. Мұндайда ату жазасын беру керек деп ойлаймын. Бірақ бізде өлім жазасы жоқ. Кезінде жазықсыз адамдар атылып кетті. Оның қасында халықты қырғандарға жаза қолдану керек деп ойлаймын. Құранда Хасас деген аят бар. "Егер біреу сенің көзіңді шығарса, өзінің көзін шығар. Немесебіреу сені өлтірсе одан кек алуға міндеттейді. Бұл Алла тағаланың айтқаны. Яғни, кек алу арқылы адам өлімін тоқтату. Егер адам өзінің өлетінін білсе, ондай қылмысқа бармайды. Бұл қылмыстың алдын алу үшін айтылған. Кек алынған жағдайда жаманшылық тоқтайды деген сөз", - деді айтыскер.

 

Балғынбек Имашев қолға ту ұстап, әр аймақты аралап жүрген жігіттердің әрекетінен ешқандай пайда жоқ дегенді айтты. Сөзден іске, нақты пайдалы әрекетке көшу керек деп санайды.

 

"Ту ұстап далада жүргенен не пайда? Одан да солтүстікке көшейік. Дос-жарандарға айтайық. Мен жағдайы келетін азаматтарға айтып жатырмын. Бір ауыл болып көшіп баруға болады. Баяғыда Астананы астана жасағанда осындай саясат болған. Жерді қазақыландыру саясаты болды. Қанша қазақ көшіп барды. Сол секілді солтүстіктің қалаларына, ауылдарына көшіп бармасақ болмайды. Ондағы қазақтың саны азайып барады", - деді Имашев.

 

"Шетелге көшуге үндегендерге де, көшіп жатқан қазақтарға да, өнер өкілдеріне де осыны айтқым келеді. Қазақ басқа елге барғанымен ұзақ тұра алмайды. Теңізге тек демалуа ғана баруға болады. Мен Алтынайды, Қарақатты жақсы көрем. Бірақ олардың қазақтарға  Түркия көшу жайлы айтқанын қолдамаймын", - деді ол.

 

Мұхамеджан Тазабеков ел аузында діни көзқарасы үшін сынға қалғаны белгілі. Ақынның өзі де өзінің адасқанын мойындады. Балғынбек Имашев осы ретте әріптесі Тазабековпен ара қатынасын айтты.

 

"Мен Мұхамеджанме бұрыннан араласамын. Оның ақындығын, өнерін, білімін жақсы білемін. Бірақ біз ешқашан діни тақырыпта әңгіме айтқан емеспіз. Ол діни мәселе жайлы айтатын имам емес. Оның діни сауаты да жоқ. Ол өзіміз секілді ақын. Одан мен пәтуа сұрамаймын. Арабияға барғанын, не істегенін білмеймін. Бірақ ол жақсы маман, филология ғылымын оқыған адам", - деді айтыскер.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста