Құран «шапағатшы» бола ала ма?
![Құран «шапағатшы» бола ала ма?](/image/stub.png)
Сұрақ: Құран «шапағатшы» бола ала ма?
Құран Кәрімнің көптеген ерекшеліктері бар. Мысалы, Ибн Масғұд (р.а.): «Егер білімді қаласаңдар, онда Құранды оқыңдар. Күмәнсіз, оның ішінде бұрынғылар мен кейінгілердің білімі бар», – деп айтқан.
Сол сияқты пайғамбардың (с.ғ.с.) Құранның қиямет күнінде шапағатшы болатыны жайында айтқан көптеген хадистері бар. Мысалы, Ән-Науас ибн Сумған (р.а.): «Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Қиямет күнінде Құран оқушылар мен дүниеде оқыған Құранына амал қылған адамдар келтіріледі. Сонда Бақара мен Әли Имран сүрелері оларға араша түседі», – деп айтқанын есіттім» деген риуаятты жеткізеді (Мүслим).
Құранның тіпті, қабір ішінде де шапағатшы болатынына мынадай риуаят бар: Ұрыстардың бірінде Алла елшісінің (с.ғ.с.) сахабасы бір орынға шатырын тігеді. Шатырда жатып, жер астынан адамның:
«Бүкіл билік қолында болған Алла, аса ұлы әрі Ол, әр нәрсеге күші толық жетуші», – деген Құран оқушының дауысын естиді. Ол дереу Алланың елшісіне (с.ғ.с.) келіп:
– Мен жер астынан «Бүкіл билік қолында болған Алла, аса ұлы әрі Ол, әр нәрсеге күші толық жетуші», – деп Құран оқыған адамның дауысын есіттім, – дейді.
Пайғамбар (с.ғ.с.) оған: –Ол, сол қабір иесінің дауысы. Оның «Мүлік» сүресін оқуының себебі, бұл сүре адамды Алланың азабынан сақтайды, – деп жауап береді.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ, дінтанушы
![Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре](/storage/news/news_8/content/77ba922a7153e69614c2696d03df2247.jpeg)
![Фанаты "Барыса" получили негативные известия](/storage/news/news_9/content/894e85af4a81fee5581284b173d8de7b.png)
![GTA VI впервые покажут уже в декабре](/storage/news/news_10/content/0f3617646441be5001798ee92b7f5304.jpg)
![Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке](/storage/news/news_11/content/6b8f066a857c9b077df125a9f335fd1a.jpg)
!["Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу](/storage/news/news_12/content/436157d8a12238a4b7bb912aebc1bb8e.jpg)
![Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу](/storage/news/news_13/content/bc8a6eae0f23d162f30b91a3d7c47f59.png)