«Құдайдан қорқу» басқа қорқулардан өзгешерек

«Құдайдан қорқу» басқа қорқулардан өзгешерек

Қазақ: «Құдайдан қорықпағаннан қорық», – дейді. Құдайдан қорықпаған адамнан неге қорқу керек? Құдайдан қорыққан соң, өзгеден қорқып не керек? Демек, «Құдайдан қорқу» мен «адамнан қорқу» деген нәрсе екі түрлі мәселе болса керек.
«Құдайдан қорқу» басқа қорқулардан өзгешерек.
Әбулқасым Хаким: «Бір нәрседен қорыққан адам сол қорыққан нәрсесінен қашады, ал Азиз және Жәлил болған Алладан қорыққан жан, Оған қарай қашады», – дейді. Яғни, Аллаға қарай бет алып, Оны паналап, Оған сыйынады.
Құранды аударып, оған түсініктеме беретіндер Құрандағы «тақуалық» сөзінің орнына көбіне балама ретінде «қорқу» сөзін қолданады. Себебі, Алладан қорқу – тақуалықты тудырады. Бишр Хафи: «Алладан қорқу – бір нәзік болмыс. Тақуа иесі болған жанның жүрегінен басқа жерді паналамайды», – деп, осы сөзімізді қуаттайды.
Әбу Ләйс Самарқанди өзінің «Тәнбиһ ул-Ғафилин» атты еңбегінде Алладан қорқыныштың 7 белгісін атап өтеді. Бұлардың барлығы да осы тақуалықтың белгілері:
1. Тілдегі белгісі. Бұл жағдайда адам тілін өтірік, ғайбат және бос сөзден сақтайды. Тілі үнемі Алланың зікірі мен Құран оқудан босамайды. Іліммен айналысады.
2. Асқазандағы белгісі. Асқазанына тек таза және адал ас қана түседі. Адал болса да, ысырапқа жол бермейді.
3. Көздегі белгісі. Харамға қарамайды. Дүниеге ынтығып қарамайды, қызыға назарын салмайды. Әр нәрсеге ғибрат көзімен қарайды.
4. Құлақтағы белгісі. Шариғатқа теріс нәрселерге құлақ түрмейді, пайдасыз нәрселерге «саңырау» болады.
5. Қолдағы белігісі. Қолымен істейтін істерді назарда ұстайды. Қолын харамнан қорғайды. Қолын тек Алланың рұқсат еткен нәрселеріне ғана созады. Ешқашан Аллаға қарсы істерге бармайды.
6. Жүректегі белгісі. Жүректен кекшілдік, қастық, дұшпандық, ашу, дін бауырларына деген қызғаныш сезімдерін шығарып тастайды. Жүрегін дін бауырларына деген насихат пен махаббатқа толтырады.
7. Аллаға деген құлшылығындағы белгісі. Жасаған игі істерін тек Алланың разылығы үшін жасайды. Құлшылығын көзбояушылық пен екіжүзділіктен сақтайды.
Демек, Құдайдан қорқу біз білетін қорқыныштардан өзгеше. Құдайдан қорқу «тақуа болу» дегенге келсе, адамнан қорқу «сақтану», «аулақ жүру», «маңайламау» дегенге саяды. Яғни, «Құдайдан қорықпағаннан қорық» дегеніміз де «тақуалығы жоқты дос тұтпа» дегенге келсе керек. Сол үшін қазақ: «Қорық Құдайдан, қайт райдан!» – деп Құдайдан безген жанды тақуалыққа шақырады.

Салтан Сайранұлы
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста