Қиямет-қайым болғанда...

Қиямет-қайым болғанда...

«Қиямет» сөзі сөздікте «орнынан тұру, түрегеліп тұру» деген мағыналарды, ал терминдік мағынасы болса «жаратылыстағы жалпы жүйенің Ұлы Жаратушының бұйрығымен бұзылып, күл-талқаны шыққаннан кейін өлгендердің қайтадан тірілтіліп, махшар алаңына қарай бет алуын» білдіреді.

Демек, қиямет дегеніміз – өлгеннен кейін қайта тірілу. Құран Кәрімнің көптеген аяттарында қиямет жайлы баяндалған.

Мысалы, бір аятта Алла тағала:

«Олар сенен қияметтің қашан болатынын сұрап жатыр. Оларға айт: Оның қашан болатыны жайлы мәлімет тек қана Раббымның жанында ғана. Оның уақытын Одан басқа ешкім білдіре алмайды. Қиямет көктегіге де, жердегіге де (қиындығы, қорқыныштылығы соншалық) ауыр келеді. Қиямет сендерге кенеттен келеді. Сен оны білетіндей олар сенен (қашан болатынын) сұрастырады. Оларға: Қияметтің уақыты жайлы мәлімет тек қана Аллатың жанында. Бірақ адамдардың көбісі мұны білмейді деп айт»; (Ағраф сүресі, 187)

«Адам: Қиямет күні қашан екен? – деп сұрайды. Ол көз шағылысып, ай тұтылып, күн мен ай бір жерге келтірілген кезде! Сол күні адам: Қашатын жер қайда бар? – дейді. Жо-жоқ! Қашып құтылатын жер жоқ. Ол күні (адамдардың) барып тұратын жері тек қана Алланың құзыры»,− дейді. (Қиямет сүресі, 6-12)

Қиямет күн кез болса,

Пайдасы болмас қапының, – деп ақындарымыздың айтқанындай, қияметтің қашан, қай кезде болатынын бір Алладан басқа ешкім білмейді. Ал адамдар өкінішке ұрынбас үшін әрдайым қияметтің болатынына сеніп, Алла тағаланың алдына есеп беруге баратынын ұғынып, үнемі дайындық үстінде жүргені жөн. Хақ Елшісі (с.а.у.) қияметтің қашан болатыныннақты білмесе де, оның кейбір белгілерін айтып кеткен. Мысалы, бір хадисте :

«Ақырзаман жақындағанда білім жоғалып, жер бетін азғындық басады. Адамдардың бір-бірін өлтіруі көбейеді»,− деген (Муслим, Фитән, 18). Халқымыз хадисте айтылған білімнің жоғалуы мен адамдардың азғындықтары артып, бірін-бірі оп-оңай өлтіре салуы көбейген шақты:

Заман ақыр болғанда,

Пір муриттерін іздейді; (К. Жәрдем, Қазақтың 7777 мақалы мен мәтелі, 18-б, А., 2002)

Болады бір-бірін көрмей дұшпан,

Адамы, – деген екен, – ақыры уақтың, − деп суреттейді (Сайраған бақта бұлбұлдай, 102-б).

Алла елшісі хадистерінде:

«Баласы әкесіне қарсы шықпайынша, жаңбыр азаймайынша, жаман адамдар көбейіп, жақсылар азаймайынша, кішілер үлкендерге қарсы келмейінше, жақсылардың қарсысына жамандар шықпайынша қиямет болмайды»; (Ғазали, Ихия, II, 486-б).

«Қияметтің жақындау белгілері: бұзықтық пен әдепсіздіктің жайылуы; көршілердің жамандық жасауы; туыстық қатынастардың үзілуі. Опасыздың сенімге ие болып, аманат жүктелген адамның қиянатқа баруы»; (Сахих хадистер, 147-б., А., 2002).

«Білімнің жоғалуы (беделінің жоғалуы), сауатсыздықтың төрге шығуы, жезөкшеліктің жер жүзін қаптауы, арақ ішудің күнделікті әдетке айналуы, елу әйелге бір күйеу болатындай дәрежеде еркектердің санының азаюы қиямет белгілеріне жатады»,− деген (Имам Суюти, Кабир алеми, 239-б., Стамбул, 2000).

Міне, осы хадистерде баяндалған қиямет белгілерін халқымыз:

Атаның тілін ұлы алмас,

Ананың тілін қызы алмас,

Айта беріп қайтейін,

Өлінің тілін тірі алмас.

Жақыннан шыққан жақсыны

Ағайын жұрты көре алмас.

Заман ақыр белгісі –

Бірге туған бауырың

Тату да болып жүре алмас; (Шортанбай, 35-б).

... ...

Ақыр заман адамы аласа туады,

Аласа болса да таласа туады,

Қулық-сұмдықты ойлай туады,

Жамандыққа бойлай туады; (Нұржан, Алаш, 54-б.)

... ...

Деседі «асыл тастан, ақыл жастан»,

Өлмей ме жақсы адам жұрттан асқан.

Ұғыл-ата, қыз ананың тілін алмай,

Кез келдік сұм заманға қарсыласқан. (Бабалар сөзі, II, 107-б.)
... ...

Болғанда ақыр заман су тартылар,

Жігітке қарап тұрған қыз артылар, – деп сипаттайды (Даланың дара ділмарлары, дайындаған: Н. Төреқұл, 14-15-б., А.,2001). Міне, осы секілді мәліметтерді халқымыздың хадистерден алып үйренгенін жоғарыдағы өлең жолдарынан көруге болады. 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста